Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FU-2_-014_Word.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

15.Үлестік қатысу бойынша әдістің қолдануы.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, қауымдас ұйымдағы инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалының инвесторға тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен залалында танылады. Инвестициялар объектісінен алынған табыс инвестициялардың баланстық құнын азайтады. Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің инвестициялар объектісінің басқа толық табысындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын өзгерістерін көрсету үшін, баланстық құнды түзету қажеттігі туындауы мүмкін. Осындай өзгерістерге негізгі өндірістік капиталды қайта бағалаудан және шетелдік валюта бағамдарын аудару айырмашылықтарынан туындайтын өзгерістер жатады. Сол өзгерістердегі инвестор үлесі инвестордың басқа толық табысы арқылы танылады

16.Қаржылық міндеттемелердің бастапқы танылуы.

Мерзімдері, шарттары және есеп саясаты. Пайыздық мөлшерлеме тәуекелі. Несиелік тәуекел

Қаржылық инвестиция – бұл субъект табыс алу, инвестициялық капитал өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін активтер.

Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып құралатын сату құны бойынша бағаланады.

Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген кемтілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасындағы айырмашылықты инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді.

Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:

  • Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.

17. Хқес 16 мақсаты мен қолдану аясы

Мақсаты

1              Осы Стандарттың мақсаты қаржылық есептілігін пайдаланушылар ұйымының жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын және осыларға байланысты танылуы тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған залалдарды анықтау болып табылады.

Қолдану аясы

2             Осы стандарт басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.

3              Осы Стандарт төмендегілерге қатысы жоқ:

(a)                  5 Сатуға арналган ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес сатуға арналу ретінде топтастырылған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға;

(b)                  (b)ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерге (41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз);

(c)                  (c)минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (6 Минералдық ресурстарды барлау мен багалау ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз); және

(d)                  (d)мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларын пайдалану құқықтарына.

Алайда осы Стандарт (b) - (d) тармақтарында келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]