Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.

Липидтер организмде пластикалық және энергиялық қызметтер атқарады. Пластикалық қызметі дегеніміз – клетка мембранасының құрамына еніп, оның қасиетін анықтайды. Энергиялық қызметі өте жоғары: көмірсу мен белоктардың ыдырауынан пайда болған энергия, майдың жылу өндірудегі энергиясынан екі есе аз бола-ды. Организмдегі майлардың көбі майлы тканьдерде кездеседі: тері астындағы майлы қабатта, ішкі мүшелердің сыртында (бүйректе), бауырда және бұлшықеттерде. Организмнің жалпы майының мөлшері, оның массасының 10-20% құрайды, патологиялық семіздікте 50% дейін баруы мүмкін. Қордағы майдың көлемі организмнің тамақтануына, қабылдаған астың сапасы мен мөл-шеріне, конституциясына, бұлшық еттің қаншалықты күш жұмса-ғанына, жынысына, жасына тәуелді.

12. Су-электролит алмасуы.

Су ересек адам дене салмағының 60%, жаңа туылған нәрестенің 75% құрайды. Су клеткадағы, органдардағы және тканьдердегі зат алмасу процесі жүретін орта болып табылады. Су организм тіршілігі үшін үздіксіз түсіп отыруы шарт. Организмдегі барлық судың 71% клеткалық сұйықтыққа тиесілі. Клетка сыртындағы сұйықтық тканьдік 21%, ал қалған 8% қан плазмасының құрамында.

13. Организмдегі су балансы қабылдаған және шығарылға судың мөлшерінен түзіледі. Адам тағаммен тәулігіне 750мл жуық су, ал ішімдіктермен таза суды 630мл жуық қабылдайды. 320 мл су белоктар, көмірсулар және майлардың тотығуында пайда болады. Тері мен альвеолалардан булану арқылы 80мл су шығарылады. 800мл су бүйрек арқылы, 100мл су нәжіспен сыртқа шығарылады. Осы сандарды қосу арқылы біздің суға деген тәуліктік мұқтажымыз 1000мл жуық болатынын анықталды. Гипоталамустың шөлдегенге жауап беретін орталығының тітіркенуіне байланысты организмнің суға деген талабы анықталады. Сумен бірге организмге минералды тұздардың келіп түсуі өте қажет. Әсіресе натрий, калий, кальций.

14. Натрий клетка сыртындағы сұйықтықтың негізгі катионы болып табылады. Яғни клетка сыртында клетка ішіне қарағанда 6-12 есе көп болады. Тәулігіне ас тұзымен 3-6 г натрий тағаммен бірге түсіп, аш ішекте қанға сорылады. Натрий организмде бірнеше маңызды қызмет атқарады: қышқыл-сілті тепе-теңдігі, клетка ішілік, клетка сыртындағы сұйықтықтың осмостық қысымын ұстап тұрады, әрекет потенциалының дамуына ықпалын тигізеді, организмнің барлық жүйесінің қызметтеріне әсерін тигізеді: натрий тепе-теңдігі бүйректердің қызметтерімен реттеледі.

Калий клеткаішілік сұйықтықтың негізгі катионы болып табыла-ды. Клеткаларда 98% дейін калий кездеседі. Адамның калийге тәу-ліктік мұқтажы 2-3 г. Негізінен өсімдік тектес тағамда кездеседі. Организмге сіңірілуі ішекте жүреді. Маңызды қызметі калийдің әрекет потенциалын тудыруында. Сонымен қатар калий қышқыл-сілті жағдайда зат алмасуды реттеуінде. Клеткалардағы осмостық қысымды ұстап тұратын негізгі фактор. Организмнен шығарылуы альдостерон гормонының әсерімен бүйректер арқылы іске асады.

Кальций жоғары биологиялық белсенді зат. Организмнің тіс пен қаңқада 98% -ін құрап, негізгі страктуралық компоненті болып табылады. Тәулігіне ересек адам 800-1000 мг кальций қабылдауы қажет. Әсіресе сүйектері тез өсіп келе жатқан балалар үшін кальцийдің маңызы зор. Кальций он екі елі ішекте фосфор қышқылының бір негізді тұзы түрінде сіңіріледі. Кальцийдің бөлігі асқорыту жолымен, бөлігі бүйректер арқылы сыртқа шығарылады. Организмнің тіршілігі үшін кальцийдің маңызы өте зор. Өйткені кальций әрекет потенциалының дамуын, бұлшық еттердің жиырылуына септігін тигізеді, қанның ұю жүйесінің ең қажетті компоненті, жұлынның рефлекторлы қозуын белсенділеп, симпатикотропты қасиетке ие.

Хлор иондары асқазанда тұз қышқылының түзілуі үшін қажет.

Оттегі, көміртегі, сутегі, азот, кальций, фосфор тірі организм-дердің негізгі массасын түзеді.

Микроэлементтердің организмдегі маңызы. Организм тіршілігі үшін аз мөлшерде кездесетін элементтердің де маңызы зор, олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, йод, мыс, мырыш, кобальт, молибден, селен, хром, никель, олово-қалайы, кремний, фтор, ванадий жатады. Темір гемоглобиннің құрамына енеді, оттегін тасымалдауға қатысады, тотықтырушы ферменттердің цитохромның құрамына кіреді.

Йод – қалқанша без гормоны тироксин үшін қажет.

Мырыш – ұйқы безі гормоны инсулин түзілуі үшін қажет, карбоангидраза ферментінің құрамына енеді.

Кобальт – қан жасауға қатысатын В витаминінің құрамына кіреді.

Фтор – сүйек құрылымдарының синтезіне қатысып, тіс эмалының беріктігін қамтамасыз етеді.

Осы микроэлементтердің көбі ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныстың пигментінің құрамына кіреді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]