Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

7. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.

Жылу алмасудын орталығы немесе термореттеу орталығы гипоталамустың преоптикалық аймағы мен артқы гипоталамуста орналасқан.

Осы термореттеу орталығында өздерінін аткаратын кызметтеріне байланысты нерв клеткаларынын бірнеше тобы орналасқан –термосезімтал клеткалар; организмнін дене температурасын бір деңгейде ұстап түруын қамтамасыз етуші клеткалар – термореттеудің белгілеу нүктесі – алдыңғы гипоталамуста орналасқан; эффекторлы нейрондар организмдегі жылу өндіру және жылу бөлу процестерін басқарушы нейрондар, артқы гипоталамуста орналасқан.Термосезімтал нерв клеткалары ми аркылы ағьш өтетін артерлялық қандағы температураны тікелей анықтай алады. Бұл клеткалар 0,011°С температуралық айырмашылыққа дейін ажырата алады. Бұл жерге ақпарат афферентті жолмен тері терморецепторларынан, ішкі мүшелердің термосезімтал нерв клеткаларынан, жұлыннан және дененін басқа белімдерінен де гипоталамустың преоптикалық аймағына келеді. Осы келіп түскен акпаратты анализ және талдау жасау аркылы кан және

перифериядағы тканьдердін температурасы анықталып, адам дене

температурасының орташа көрсеткіші айқындалады.Дене температурасының анықталғаны туралы ақпарат гипоталамустың нерв клеткаларына – белгілеу нүктесіне келіп түседі.Белгілеу нүктесінің реттегіш механизмдері келіп түскен ақпаратты сараптау және талдау аркылы, артқы гипоталамустың эффекторлы нейрондары арқылы жылу өндіру немесе жылу белу процестеріне әсер етеді. Термореттеу орталығы аркьглы жылу өндіру мен жылу болу процестерінің тепе-тендігі іске қосылып, дененің температурасы арнайы бір деңгейде тұрақталады. Сонымен қатар термореттеуде ацетилхолин мен норадреналиннің де манызы зор. Норадреналин меднаторы акпараттын афферентті жолмен баруын қамтамасыз етеді, ацетилхолин медиаторы мен норадреналин медиаторы жылу өндіру мен жылу бөлінудің эффекторлы механизмдерін қамтамасыз етеді. Белгілеу нүктесін анықтау механизмінде ацетилхолин медиаторы мен гипоталамустағы натрий, кальций иондарының концентрациясының ара-қатынасының маңызы зор.

8. Химиялык термореттеу немесе жылу өндіру.

Зат алмасу процесінің үздіксіз жүруі нәтижесінде организмде жылу түзіледі. Жылу ендіру немесе химиялық термореттеу дегеніміз қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын зат алмасу процесінің жылдамдығын езгерте отырып, метаболизмді оптимальді бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған процестер жиынтығы.

Адамда қоршаған орта температурасы жоғарылағанда, зат алмасу процесі баяулайды және дене температурасы бірқалыпты күйде калады. Қоршаған орта температурасы төмендегенде, зат алмасу процесі жоғарылап, жылу көп өндіріледі.Негізінен жылуды көп өндіретін немесе зат алмасу каркынды жүретін мүшелерге бауыр, бүйректер, эндокринді және асқорыту бездері, бұлшық еттер жатады.Теріде орналасқан терморецептор мен қан тамырда орналасқан рецепторлардан ақпарат термореттеу орталығына барады. Бұл жерде келген ақпарат сарапталып, эфферентгік жол арқылы сопақша ми мен жұлын арқылы өтіп вегетативтік жүйкелердің көмегімен жылу өндіретін мүшелерге импульс келеді, яғни бұлшық еттерге, бауырға, асқорыту жолдарына, жылу өндіру күшейеді. Бұл нервтік жол. Ендігі реттеуші жол – гуморальдық. Гипоталамо – гипофизарлық жол арқылы ақпарат гипофиздін тиреотропты гормонының синтезделіп, қалқанша бездің гормондарынын көмегімен зат алмасу процесі қаркындайды, яғни каңқа бұлшық еттеріне, бауырға, асқорыту жолдарындағы процестерге әсерін тигізеді.

1. Бұлшық еттерде жылудың 60%түзіледі;

2. Бауырда жылудын 30%түзіледі;

3. Басқа мүшелерде: асқазан, өкпе, бүйректерде 10% түзіледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]