- •3. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттау.
- •4.Бұлшық ет жиырылуының түрлері
- •6.Жиырылудың қосындылануы және тетанус. Tiсті және тегіс тетанус. Ticтi тетанус.
- •7. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі
- •9. Еттің қажуы.
- •10.Бірыңғай салалы еттің физиологиялық ерекшеліктері.
- •11.Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.
- •4. Миелин қабатының функционалдық ерекшеліктері.
- •7. Синапстың структуралық элементтер.
- •7. Нерв орталығы жайлы жалпы түсінік
- •10. Конвергенция және иррадация құбылыстары.
- •11. Жүйке орталығының пластикалығы
- •12. Жүйке орталығының қажуы.
- •13. Қозудың қосындылауы.
- •15. Пресинапстық және просинапстық тежелулер
- •16. Реципрокты тежелу
- •17.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесі.
- •2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.
- •4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.
- •5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.
- •6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.
- •1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
- •2. Зат алмасудың кезеңдері.
- •3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
- •4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
- •5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
- •6. Азотты баланс.
- •7. Көмірсу алмасуы.
- •8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
- •9. Көмірсу алмасуының реттелуі.
- •10. Белок алмасуының реттелуі.
- •11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.
- •1.Температуралық гомеостаз.
- •2. Дене температурасы және изометрия.
- •3. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия.
- •4. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.
- •5. Дене температурасының тәуліктік немесе циркадты ауытқулары.
- •6. Термометрия.
- •7. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.
- •8. Химиялык термореттеу немесе жылу өндіру.
- •9. Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •10. Жиырылуға байланысты емес термогенез.
- •11. Физикалық термореттеу немесе жылу бөлу.
- •12.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •13. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •14. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •15. Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •1. Анализаторлар туралы түсінік.
- •2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.
- •3.Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.
- •4.Анализаторлардың негізгі функциялары.
- •5. Рецепторлар жайлы түсінік:
- •6. Рецепторладың жіктелуі:
- •7.Рецепторлардың қозу механизмдері.
- •8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.
- •9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:
- •10.Түсті ажырату, түсті көру
- •5. Есте сақтау жайлы түсінік.
- •15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.
- •16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.
- •18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.
- •19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
5. Есте сақтау жайлы түсінік.
Есте сақтау – нерв жүйесінің сыртқы орта оқиғалары жайлы ақпаратты ұзақ бойы сақтап қажет болған жйғдайда адам санасына шығару қабілеті. Есте сақтау кезінде мэліметті түйсік басталған сэттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап түрады. Еске сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне ниеттеріне байланысты.
Есте сақтау түрлері.
Ес ақпаратты сақтау үзақтығына қарай, мезеттік, қысқа мерзімді жэне үзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мезеттік есте сақтау – әсердің іздерін қабылдағыш қүрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Ол миды тлдағыш қүрылымдарына сигналдық жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді есте сақтау – ағымдағы өтіп жатқан мінездік жэне ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Ал өте маңызы апараттар үзақ мерзімді есте сақталады.
Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер.Есте сақтау ми қыртысының маңдай бөлігі, сезгіштік жэне ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы қүрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Ес қоршаған ортадағы оқиғалар байланысын есте сақтап, тіршілік тәжірибесін жинауға жэне пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ол қалыптасар кезде жасалатын нейронаралық, уақытша байланыстардың тетіктері әлі белгісіз. Жүйке жүйесінде есте сақтаудың тетіктері аса дамыған, сондықтан олар мінез – құлықта жетекші орын алады.
Есте сақтауға байланысты прцесстер мынадай кезекпен жүреді:
1.Ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалу.
2.Ақпаратты сақтау.
3.Қажет болған жағдайда ақпаратты санаға шығару және қолдану.
Есте сақтау механизмі.
Заттар мен құбылыстардың мида бектілуі үш кезеңнен өтеді:
ізжазба қалыптасуы – энграмм
жаңа ақпаратты іріктеу жэне жіктеу
маңызды мәліметті ұзақ уақыт сақтау.
Ұйқы, организм үшін маңызы.
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
¥йқыға мүқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі әртүрлі келеді. Тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдарда байқалады.
Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер.
Организмнің үйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.Сонымен қатар ұйқы баяу жэне жылдам болып бөлінеді. Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне ЭЭГ белгілері мен сипатталады. Жылдам ұйқы сатысы бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі.
Ұйқы механизмі.
Ұйқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарыың барлығын мақұлдайды.Ұйқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.
Эмоция – жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністерінің бірі.
Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады.
Эмоция қалыптсуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қоршаған орта әсерлерін қабылдау қабілеті жоғарылайды.
Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы факторлар.
Эмоцияның бір неше түрі бар :
1.Биологиялық эмоция- әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады.
2.Жоғары эмоция – әралуан рухани әрекеттерінен туады.
3.Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептермен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады.
4.Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.
5.Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
6.Нағыз эмоция ұзақ уақыт жэне әлсіз түрде болады.
