Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

14. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.

Орталық жүйке жүйесінің реттегіш механизмдері дене температурасын оптимальды метаболизмдік деңгейде ұстап тұрады. Теріде орналасқан терморецепторлардан термоафференттік импульс спиноталамустық жолмен ретикулярлық қүрылымға барады. Эфференттік жол арқы гипоталамустан басталып ретикулярлық құрылымның моторлық ядроларына барады. Осы импульстың нәтижесівде бұлшық ет дірілі пайда болады.Суық және жылы афференттік жолдардың реципрокты карым қатынасы.Теріде орналасжан суық рецепторлары қоршаған орта температурасы төмендегенде белсенді күйге өтеді, нәтижесінде суықтан қорғану процестері іске қосылады: Тері астындағы қан тамырлары тарылып, жылу өндіру артады. Осындай реакция басталғанда іште орналаскан ішкі терморецепторлар белсенділеніп үдеп бара жатқан жылу механизміне шектеу туғызады.Теріде орналасқан экстрорецепторлардан –суықты сезетін рецепторлардан акпарат орталық жүйке жүйесіне келіп түседі. Ол ақпарат қыртыстан жоғары вегетативтік орталык – гипоталамустың термореттегіш оралығына келіп, сарапталып, сомалық жүйке жүйесінін көмегімен каңқа бұлшық еттеріне барады. Оларда жиырылу термогенезі нәтижесінде түзілген жылу орталық қан айналымға түседі. Ол жерден шығарушы мүшелерге, окпеге, теріге барады да, артық жылу денеден сыртқа болінеді. Интерорецепторлардан, немесе термосезімтал рецепторлардан ақпарат ОЖЖ барады. Одан гипоталамусқа, одан вегетативтік жүйке жүйесінің көмегімен ішкі мүшелерге ақпарат барады. Жылу ендіруші мүшелерде зат алмасу қарқындап, түзілген жылу арта түседі. Одан жылу шығарушы мүшелерге барады. Сөйтіп жылу өндіру мен жылу бөлінудің тепе-теңдігі ОЖЖ арқылы реттеліп тұрады.

Гуморальдық реттеу механизмдеріне бүйрек үсті безінін майлы кабатынын гормондары – катехоламиндер – адреналин және норадреналин, қалқанша бездін гормондары трийодтиронин, тироксин қатысады. Адреналиннін қызметі – тканьдер мен бұлшық еттердегі тотығу процесін жоғарылатып, бүлшық етгердегі жылу ендіруді жоғарылатып, терінің қан тамырларын тарылтып, жылу бөлуді төмендетеді. Қалканша без гормондары тотығу процесін шақырып, жылу өндіруді жоғарылатады.

15. Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.

Жылу өндірудің жылу бөлінуге карағанда артық болуына байланысты, жылудын жинакталуы – гипертермия деп аталады. Гипертермия кезінде эффекторлы процестердін барлығы белсенді күйде болады. Егер осы гипертермия үзаққа созылса, тік ішектегі қызу 39,5 – 40 С жоғарыласа, мидың ауыр закымдалуы дамып, өлімге әкелуі мүмкін: мидьщ ісінуі, нерв клеткаларының өлуі, науқасто сандырак дамиды, есінен асады.

Бұл синдром – тепловой удар – деп аталады. Мидың зақымдануы орталық термореттеу механизмдерге әсерін тигізіп, тер боліну бұзылады.Гипотермия –жылу өндіру жылу бөлігуге қарағанда темен болған жағдайда дамиды. Қоршаған орта температурасы күрт томендеп, осындай ортада ұзақ болған жағдайда дамитын процес. Бұл жерде зат алмасу процесі түгелімен жылу ендіруге жұмсалса, оның белсенділігі төмендейді. Дене температурасы 26-28° С дейін төмендесе, жүрск фибриллжциясы дамып, адам өлуі мүмкін. Сонымен қатар тыныстық және метаболиттік ацидоз дамиды. Жасанды гипотермия медициналық көрсетпеге байланысты жасалғанда, терморецепторлық механизмдер тежелуі тиіс (миорелаксанттар салынады).

Қарттарда кездесетін гипотермиянъщ себебі баска, ейткені олардын ішкі температурасыньщ өзі 35° С тең болады да, зат алмасу төмендеу деңгейде, ешқандай ауыткусыз жүре береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]