Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

5. Рецепторлар жайлы түсінік:

Рецептор-тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Анализаторлардың зор қозғыштығы байқалады яғни рецепторлар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді.Сқйтіп олар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады.Бұл сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі тітіркендіргішінің әсерін қабылдайтын,өңдейтін,қозу толқынын тудыратын,оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организімдегі арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады.

6. Рецепторладың жіктелуі:

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді:сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар-көру,дыбыс,иіс,терінің сезім рецепторлары.Ал интерорецепторларға-ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек қимыл жүйесінің вестибулярлы мен проприорецепторлар жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді:дистанциялық рецепторлар-олар ақпараттарды тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан,ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштерді табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар, хеморецепторлар, фоторецепторлар, терморецепторлар,ауырғанда сезу рецепторлары.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісі –дәм, көру, есту, тепе теңдік рецепторлары жатады.

7.Рецепторлардың қозу механизмдері.

Әрбір рецептор тітіркенудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Бұлар рецептор ұғынуға бейімделген барабар тітіркенулер деп аталады.Сондықтан олардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады.Дегенмен бұл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.Рецепторлардың қозғыштығы тұрақсыз.Оған рецепторлардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш құралдың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің ықпалы тиеді.Өйткені сигналдар табуда рецепторлардан тыс оған әрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады.

8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.

Көру анализаторы адам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызлды сезім мүшелерінің бірі.Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің тоқсан пайызын жеткізіеді.Көзге ілінген заттардың кескіні торлы қабыққа түсіп,сондағы қабылдағыштарды қоздырады.Сөйтіп,қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғарғы бөліміне жетіп талданады.

9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:

Заттарды анық көру үшін, олардың нүктесінен шыққан сәуле торлы қабықтың бетіне түсуі немесе жиналуы керек. Адам алыстағы заттарға қарағанда, олардың бейнесі көздің торлы қабығынан жиналып өте анық көрінеді. Бұл кезде жақын орналасқан нәрселер анық көрінбейді,олардың бейнесі торлы қабықтың артында түйіседі. Көзден әр түрлі қашықтықта тұрған заттарды бір мезгілде бірдей айқын көруге болмайды. Көздің әр түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындру күшінің өзгеруін көз аккомодациясы дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]