- •3. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттау.
- •4.Бұлшық ет жиырылуының түрлері
- •6.Жиырылудың қосындылануы және тетанус. Tiсті және тегіс тетанус. Ticтi тетанус.
- •7. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі
- •9. Еттің қажуы.
- •10.Бірыңғай салалы еттің физиологиялық ерекшеліктері.
- •11.Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.
- •4. Миелин қабатының функционалдық ерекшеліктері.
- •7. Синапстың структуралық элементтер.
- •7. Нерв орталығы жайлы жалпы түсінік
- •10. Конвергенция және иррадация құбылыстары.
- •11. Жүйке орталығының пластикалығы
- •12. Жүйке орталығының қажуы.
- •13. Қозудың қосындылауы.
- •15. Пресинапстық және просинапстық тежелулер
- •16. Реципрокты тежелу
- •17.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесі.
- •2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.
- •4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.
- •5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.
- •6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.
- •1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
- •2. Зат алмасудың кезеңдері.
- •3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
- •4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
- •5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
- •6. Азотты баланс.
- •7. Көмірсу алмасуы.
- •8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
- •9. Көмірсу алмасуының реттелуі.
- •10. Белок алмасуының реттелуі.
- •11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.
- •1.Температуралық гомеостаз.
- •2. Дене температурасы және изометрия.
- •3. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия.
- •4. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.
- •5. Дене температурасының тәуліктік немесе циркадты ауытқулары.
- •6. Термометрия.
- •7. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.
- •8. Химиялык термореттеу немесе жылу өндіру.
- •9. Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •10. Жиырылуға байланысты емес термогенез.
- •11. Физикалық термореттеу немесе жылу бөлу.
- •12.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •13. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •14. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •15. Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •1. Анализаторлар туралы түсінік.
- •2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.
- •3.Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.
- •4.Анализаторлардың негізгі функциялары.
- •5. Рецепторлар жайлы түсінік:
- •6. Рецепторладың жіктелуі:
- •7.Рецепторлардың қозу механизмдері.
- •8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.
- •9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:
- •10.Түсті ажырату, түсті көру
- •5. Есте сақтау жайлы түсінік.
- •15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.
- •16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.
- •18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.
- •19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
4. Миелин қабатының функционалдық ерекшеліктері.
Миелинсіз нерв талшықтарында қозу мембрананың бойымен үздіксіз таралып отырады. Ал миелинденген нерв талшықтарында әрекет потенциалы «секіріп» таралады. Мұндай таралу сальтоторлы деп аталады.
Бір үзілістен екінші үзіліске қозу өткізу уақыты диаметрі әр түрлі талшықтарда шамамен бірдей болады (температура 24°С болғанда берілу уақыты шамамен 0.07м/с). Аралық үзіктердің ұзындығы, нерв талшықтарының диаметріне пропорционал болады. Бұдан біз миелинденген нерв талшықтарынан нерв импульсының өткізу жылдамдығы олардың диаметріне пропорционал болатынын дәлелдейміз. Бұл тұрғысынан миелинденбеген нерв талшықтарынан импульсты өткізу жылдамдығы оның диаметріне емес, көлемінің түбірінің квадратына пропорционалды болады.
Қозудың нерв талшықтарымен «секіріп» таралуын ең алғашқы болып Б.Ф.Вериго (1899) ашты. Қозудың «секіріп» таралуының өзінің артықшылықтары бар:
1. үзіліссіз таралуға қарағанда «секіріп» таралғанда қозу едәуір үлкен жылдамдықта өтеді
2. «секіріп» таралу кезінде энергия көп жұмсалмайды. Бұл мембрананың барлық бөліктерінің қатысуымен өтпегендіктен және үзілістер арасының қысқа (1 мкм) болуына байланысты.
5. Қозуды жүйкеден өткізу заңдары. Қозу процессінің жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін қозуды өткізу заңдары деп атайды. Олар жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы, қозуды екі жақты өткізу, қозуды жеке өткізу заңдары.
Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу процессін өткізбейді. Мұнымен бірге кейбір ұйықтататын, есірткі заттар (новокаии, кокаин, хлороформ) әсерінен жүйке талшығы қозу процессін уақытша өткізбей қояды. Бұл заттар жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның физиологиялық қасиеті өткізгіштегі заттың әсері тоқтағанша бұзылады да, онан соң қайтып бұрынғы қалпына келеді.
5. Қозуды екі жақты өткізу заңы. Жүйкенің орындайтын қызмет түріне (сезгіш, қозғалтқыш) қарамастан оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу процессін екі жаққа (орталыққа, шетке) қарай өткізеді. Оны баланың шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, қақ ортасынан тітіркендіріп қоздырса, екі аспап та сол жерге әрекет потециалының жеткенін көрсетеді. ОНЖ байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардың қасиетіне байланысты. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа қарай өткізеді.
Қозуды жеке өткізу заңы. Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық.қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізіледі. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.
6. Синапстар. Синапс деп өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі қызмет клеткасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністері өткізетін арнайы ұласуды (контакты) айтады. Синапс ұғымын физиологияға енгізген ағылшын физиологі Ч.Шерингтон.
Синапстар ұласқан клеткалардың түріне қарай нейрон аралық (нейро-нейрональдық), ет-жүйкелік (мионевральдық) болып, әсеріне байланысты қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық (медиатордың қатысуымен), электорлық болып үш топқа бөлінеді. Жүйке талшығы миоцитке жетісімен Шванн қабығынан айырылады да бірнеше тармаққа бөлінеді. Әр тармақтың ұшы бүршік тәрізді жуандап барып миоцитпен түйіседі. Жалғыз жүйке талшығы бұтақтатып 3-3000-ға дейін синапс құрады. Осы синапс арқылы қозу процесі жүйке талшығынан миоцитке өтеді.
