Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.

ГКК-тар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бүл топқа кортизон (өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон (гормондық белсенділігі төмендеу) жатады. ГКС-дың физиологиялық әсері:

ГКК зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболикалық (диссимиляция) процестерді күшейтеді. Мүндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің клеткалары нысана-клетка ролінде болады. Тканьдерде ГКК-дың әсерінен бір қатар ферменттердің (трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. Б.) белсенділігі күшейеді.

ГКК-дың белоктық алмасуына әсері: а) барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде (алдымен қаңқа бүлшықетінде) белоктың ьщырауы күшейеді. ГКК-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс азот балансы байқалады); б) бауырдың мочевина түзеу қызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

ГКК-дың майдың алмасуына әсерінен тканьдегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.

ГКК көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, глюкоген азаймайды.

ГКК-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың клетка мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына клеткалардың өткізгіштігі аздап артады.

ГКК-дың қабынуға, аллергияға қарсы түру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Олардың мүндай қабілеттері клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетуіне, клеткалардан және басқа қүрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антиденелердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антидене реакциясын тежеуіне, дәнекер тканьдерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.

Катехоламиндер организмдегі барлық тканьдер мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық процестерді тудырады және көптеген физиологиялық процестердің ерекшеліктерін айқындайды. Ол процестер катехоламиндердің мембраналық рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде пайда болып, аденилциклазаның белсенділігі мен клеткадағы түрлі биохимиялық процестердің жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрлі ткань клеткаларындағы орнына, арнайы рецепторлардың нысана клеткалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардың түрлі химиялық заттарға таңдамалы сезімталдығына және жауап реакцияларына байланысты α және β адренорецепторлар бар.

Катехоламиндер (А, НА) химиялық үқсастьнына қарамастан физиологиялық әртүрлі әсер етуі, олардың таңцамалылығына түрлі цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (сф) қарым-қатынасына, ағзалардың қүрылысына байланысты келеді. Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адренорецепторларға әсері өте қысқа мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке рефлекстік және гуморальдық механизмдер қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]