Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

7. Нерв орталығы жайлы жалпы түсінік

Нерв орталығы деп біріңғай қызмет атқаратын О.Ж.Ж-нің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мысалы: тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару, орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шетінде орналасқан. Бірақ біріңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Сондықтан біріңғай функциялы орталықтар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен О.Ж.Ж көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.

8. Нерв орталықтарының жалпы қаситеттері:О.Ж.Ж- де қозу бір нейроннан екінші нейронға тек синапстар арқылы тарайды, демек қозуды өткізу ерекшеліктері синапстардың физиологиялық қасиеттеріне байланысты.

1. Қозудың бір бағытта өтуі

2. 1862 ж. И.М. Сеценов ашқан – О.Ж.Ж- де туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Нейрондардың осы физиологиялық қасиеті қозу жинақтау не жинақты қозу деп аталады.

3. Орталықта қозу жинақталумен қатар окклюзия (бітелу) құбылысы да жүріп жатады. Оның мәні мынада: қозудың кеңістік жинақталуы рефлекстік жауапты күшейтеді,бірақ оның нәтижесі арифметикалық жиынтықтан төмен болады. Мысалы: екі жүйке талшығын тітіркендірсе, орталықта әрбәр қозған талшыққа 4 қозған нейроннан келеді. Екі талшықтың екеуін де бір мезгілде тітіркендірсе 8 нейронның орнына 6 – ақ нейрон қозады, өйткені шеткі екі нейрон екі талшыққа ортақ болуы мүмкін.

4. Қозу ритмінің трансформациялануы.

5. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатын жауап ( рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Рецепторды тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл процесс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Ол жүйке орталығындағы нейрондар арасындағы байланыстарға байланысты.

6. Нерв орталықтарының қажуы.

9. Қозуды бір бағытта өткізу.

Жүйке орталығында қозу бір бағытта, яғни сезімтал нейроннан аралық нейронға, одан әрі қозғалтқыш нейронға өтеді. Бұл үшін қозу синапстан өтерде алдымен синапсқа дейінгі мембранадан медиатор бөлінуіне, соңғысы синапстан кейінгі мембранадағы рецепторлармен әрекеттесуі, осының нәтижесінде синапстан кейінгі қоздыру потенциалы пайда болуы керек.

10. Конвергенция және иррадация құбылыстары.

Қозудың ОЖЖ-де өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да синапс құрады, яғни бір нейрон аксонның серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Бұл құбылыс дивергенция деп аталады. Егер де бұл құбылыс тежелумен тоқтатылып тұрмаған болса, дивергенцияның арқасында ОЖЖ-нің нақты координациялық жұмысы болмаған болар еді. Бірақ тежелу процестері дивергенцияны бөгеп, басқару процесстерінің нақты ьолуын қамтамасыз етеді. Егер де тежелу процесі алынып тасталса, онда ОЖЖ-нің іс-әрекетінде жаппай дискоординация байқалар еді.(мысалы, столбняк ауруында).

Бұған қарама-қарсы құбылыс – конвергенция (жиналу), яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе ағзаның нейронда жиналуы. Мысалы, (альфа – мотонейронын қоздыруы кезінде) –созу арқылы (бұлшық ет ұршықтарының рефлексі), тері рецепторларын тітіркендіру (бүгу рефлексі) арқылы бұлшық еттің жиырылуын алуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]