- •3. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттау.
- •4.Бұлшық ет жиырылуының түрлері
- •6.Жиырылудың қосындылануы және тетанус. Tiсті және тегіс тетанус. Ticтi тетанус.
- •7. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі
- •9. Еттің қажуы.
- •10.Бірыңғай салалы еттің физиологиялық ерекшеліктері.
- •11.Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы.
- •4. Миелин қабатының функционалдық ерекшеліктері.
- •7. Синапстың структуралық элементтер.
- •7. Нерв орталығы жайлы жалпы түсінік
- •10. Конвергенция және иррадация құбылыстары.
- •11. Жүйке орталығының пластикалығы
- •12. Жүйке орталығының қажуы.
- •13. Қозудың қосындылауы.
- •15. Пресинапстық және просинапстық тежелулер
- •16. Реципрокты тежелу
- •17.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу процесі.
- •2. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты.
- •4.Глюкокоргикоидтардын физиологиялық әсерлері.
- •5. Катехоламиндер жайлы жалпы түсінік.
- •6. Адреналиннің организмдегі маңызы, олардың негізгі функционалдық әсерлері.
- •1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
- •2. Зат алмасудың кезеңдері.
- •3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
- •4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
- •5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
- •6. Азотты баланс.
- •7. Көмірсу алмасуы.
- •8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
- •9. Көмірсу алмасуының реттелуі.
- •10. Белок алмасуының реттелуі.
- •11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы-ғы.
- •1.Температуралық гомеостаз.
- •2. Дене температурасы және изометрия.
- •3. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия.
- •4. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар.
- •5. Дене температурасының тәуліктік немесе циркадты ауытқулары.
- •6. Термометрия.
- •7. Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.
- •8. Химиялык термореттеу немесе жылу өндіру.
- •9. Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •10. Жиырылуға байланысты емес термогенез.
- •11. Физикалық термореттеу немесе жылу бөлу.
- •12.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •13. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •14. Жылу алмасуды реттеудің орталық, гуморальдық механизмдері.
- •15. Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •1. Анализаторлар туралы түсінік.
- •2.Анализаторлардың бөлімдері,олардың сипаттамалары.
- •3.Анализаторлар құрылысының жалпы ерекшеліктері.
- •4.Анализаторлардың негізгі функциялары.
- •5. Рецепторлар жайлы түсінік:
- •6. Рецепторладың жіктелуі:
- •7.Рецепторлардың қозу механизмдері.
- •8. Көру анализаторлары жайлы жалпы түсінік, оның организм үшін маңызы.
- •9.Көз аккомодациясы, оның механизмі:
- •10.Түсті ажырату, түсті көру
- •5. Есте сақтау жайлы түсінік.
- •15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.
- •16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.
- •18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.
- •19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
7. Синапстың структуралық элементтер.
Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен, атап айтқанда, пресинапстық (синапсқа дейінгі), постсинапстық (синапстан кейінгі) мембраналардың және синапстық саңлаудан тұрады. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды. Синапс саңлауы алдындағы жүйке бүршігінде медиаторға толы көпіршіктері (везикулалар) митохондрийлер болады. Осы бүршіктің басқа жүйке бүршігімен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық мембрана боп саналады, ал постсинапстық мембрана синапс саңылауынан кейінгі жүйке бүршігі не ет клеткасын қаптайды. Бұл жерде миоцит мембранасы клеткасының ішіне қарай майысады да шүңқырға айналады. Шұңқыр түбірдегі мембрана ет-жүйкелік синапстың постсинапстық мембранасы. Осы екі мембрананың арасындағы синапстық саңлау клетка аралық не плазма тәрізді сұйықтыққа толған. Саңылау диаметірі шамамен 200-500 А° -дей.
8. Синапстардың түрлері. Орналасуына яғни қандай құрылымдары ұластыруына қарай ет-жүйкелік және нейронаралық синапстар болып екіге бөлінеді. Нейронаралық синапстар екі нейрон талшықтары арасында не нейрон денесі мен басқа нейрон талшықтары арасында құралады. Екі аксонның ұласқан жерінде аксо-аксондық аксон мен дендриттің арасында орналасқан аксо-дендриттік, ал дендриттер арасындағы синапс-дендро-дендриттік деп аталады. Сондай-ақ аксон мен нейрон денесіндегі аксо-сомалық, дендритпен нейрон денесіндегі дендро-сомалық нейрон денелерінің түйіскен жерінде сома-сомалық синапстарда болады.
Қозу не тежелу процестерінің пайда болуына қарай синапстар қоздырушы және тежеуші синапстар болып бөлінеді. Тежеуші синапстарда тежелу медиаторы бөлініп шығады. Ол көбінесе постсинапстық мембрананың К+ катионына өтімділігін күшейтеді. К+ катионының синапс саңылауына шығуына байланысты постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады да, постсинапстык тежелу потенциалы (ІІСТП) пайда болады. Постсинапстық мембранада гиперполяризация СН* катионының синапс саңылауына шығуынан да пайда болады деген де пікір бар. Гиперполяризация мезгілінде мембрананың қозғыштық қасиеті төмендейді. Сондықтан постсинапстық мембрана жай тітіркендіргішке жауап бере алмайды. Бірыңғай салалы еттердегі ет-жүйкелік синапстарда көбінесе адреналин, кейде ацетилхолин тежеуші медиатор ролін атқарады. Орталық жүйке жүйесінде және ет-жүйкелік синапстардың қозудың өтуіне көбінесе ацетилхолин қатысады. Осы кезде көптеген медиаторлардың орталық жүйке жүйесінде қозу және тежелу процестердің түзілуіне қатысатыны анықталды. Қоздырушы медиаторлар ацетилхолин, адреналин, норадреналин АТФ қышқылы, серотонин, ал тежеуші медиаторларға гаммааминмай қышқылы (ГАМК), глицин, Р-заты, энкефалин, самотостапентт жатады. Аталған медиаторлардың көбі түрлі әсер етеді. Бір орталықта ол қоздырушы медиатор ролін атқарса, екінші орталықта, керісінше тежеуші болуы мүмкін. Өйткені гаммааминмай қышқылы көптеген синапстарда тежеуші медиатор ролін атқарады. Глицин жұлында тежеуші медиатор болып саналады. Дейлдің пікірі бойынша, белгілі бір нейронның синапстарында медиатордың бір түрі бөлінеді. Постсинапсты мембранада арнайы медиаторға сезімтал белок молекуласы-рецептор орналасқан, ол әрекеттесетін медиатордың атына сәйкес аталады. Рецепторлар ғана емес синапстардың аты да медиатордың атына байланысты аталады: холиниргиялық, адренергиялық, сиротинергиялық, пуринергиялық. Нейронның қозу-қозбауы белгілі бір уақыт ішінде белсендірілген қоздырушы және тежеуші синапстардың санына өзара қарым-қатынастарына байланысты. Нейрон бетінде тежеуші синапстар басым болса, сол нейронның қозуы тежеледі, ал белсендірілген қоздырушы синапстар басымырақ және келіп түскен серпіністер маңыздырақ болса эрине нейрон қозатын болады және қозу аксонның нейроннан шыққан жерінде пайда болса ондай нейрон тезірек қозады.
9. Синаптикалық берілудің химиялық табиғаты. Нерв және Бұлшық ет талшықтары арасында қозу өтетін электр импульсы жүзеге асырды. Нерв талшықтарынан Бұлшық етке импульсты өткізу басқа механизммен жүреді. Ол нерв ұштарынан бөлінетін химиялық қосылыс – медиатор (өткізгіш) арқылы жүреді. Адамдарда қаңқа Бұлшық етінде медиатор ролін ацетилхолин атқарады. Қозғалтқыш нервті тітіркендіретін олардың ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин Бұлшық ет талшығының мембранасын деполяри-зациялап қозудың таралуын және Бұлшықеттің қысқаруын жүзеге асырады.
10. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат жүйке бүршігіндегі венкулаларда болады. Ол нейрон денесінде түзіледі де нейрофибрилдердің бойымен жылжи отырып, жүйке ұшына жеткен жерде шоғырланып үлбіреген көпіршік қабымен қапталады. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок рецептор орналасқан синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постстнапстық рецепторы холитр медиатор. Бірыңғай салалы етте адреналин де медиатор ролін атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда постсинапстық мембрана рецепторы адренорецептор
. О.Ж.Ж-нің құрылымдық-функционалдық бірлігі-нейрон.
Нейрон-тәжірибеленген жүйке клеткасы.Нейронның ақпаратты қабылдап, өңдеп, кодтап, және керек кезінде ақпаратты жеткізіп немесе сақтап отыру қабілеті бар. Бұдан басқа нейрондардың тітіркендіргіштерге жауап қайтару, басқа нейрондармен, органдардың клеткаларымен байланыс орнату қабілеттері бар. Нейрондар электірлік разрядты генерациялайды және скоростан тұрады. Синапс ақпаратты жеткізу қызметін атқарады.
Нейрондар пішіні , көлемі жағынан әр түрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплпзма,ядро, басқа клеткаларға да тән органойдтар және тек нейрондар кездесетін тигройд түйіршікке не кесекке ұқсайды . Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай ( 1 микрограммамнан – 1,5 метрге дейін ) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейрондардың ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейрондарда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигройд заттар болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор болады. Ал О.Ж.Ж-гі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір – бірімен түйісіп синапс құрады.
Нейроглия нейрондар аралығын толтыратын клеткалар (глиондардың). Глия – грек сөзі –желім деген мағынада. Олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.
Глиондар екі түрлі – нейроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар құрмайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксоны қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Қозғыш клеткалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу нейрондары дейді. Олар көбіне қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, сақтайтын арнайы нейрондар бар.
4. Рефлекс жайлы жалпы түсінік.
О.Ж.Ж-нің негізгі қызметі – рефлекс ( reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркенуге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж) , оған ғылыми сипаттама берген Чех ғалымы Прохаска (1817). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Рефлекс дегеніміз О.Ж.Ж-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
5 Рефлекстердің классификациясы:
. Рефлекторлық доғаның құрылуы тәсіліне байланысты И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
2. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатынасатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп (моносинаптикалық, полисинаптикалық) нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
3. Доғадағы негізгі нейрондардың орналасуына қарай-симпальды, Бульбарлы,Мезенцефальды,Кортикальды.
4. Рецепторлардың орналасуына қарай экстроцептивтік,интроцептивтік рефлекстер болып ажыратылады.
5. Биологиялық маңызына байланысты – жыныстық, қорғаныштық т.б.
6. О.Ж.Ж-нің қай бөлігінің рефлексті тарату принципіне байланысты – сомалық және вегетативтік болып екіге бөлінеді.
7. Соңғы қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.
6. Рефлекторлық доға, оның элементтері
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады:
Қабылдаушы құрылым – рецептордан;
Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;
Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;
Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден;
Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады.
