- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
Бақылау кезіндегі аудитордың мақсаты – тәуекелдігіне қатысты сәйкесті шаралар орындау жəне іске асыру арқасында жеткілікті, тиісті аудиторлық дәлелдер алу. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік стандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуы тиісті.Ағымдағы файлдар – жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар. Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төмендегі мәселелерге көңіл аудару қажет: аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы; жасалынған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы; айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі;тексеру нәтижелерінің қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы. Мақсаты Аудитор аудиторлық құжаттарды дер кезінде əзірлеп қоюға тиіс, оларда төмендегідей ақпарат ұсынылады:Аудиторлық есепке негіздеме беру үшін жеткілікті жəне соған сəйкес болатындай жазбалар; жəне Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.«Аудиторлық құжаттар» – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады). Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.«Тəжірибелі аудитор» төмендегі мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп білетін тұлға: аудит процесін, АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар, бизнес-ортаны, жəне субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін. Тұрақты файлдар – Сарапшылар кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады: қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған хат-келісім; клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат; аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.Аудиторлар жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыра алады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.Кейбір экономистер белгілі бір аудиторлық фирма жұмысының сапалылығына сол клиентке басқа аудиторлық ұйымның күшімен қайта тексеру жүргізу арқылы көз жеткізуге болады деп есептейді. Әрине, мұндай шара сапалылықты тексеру нұсқаларының бірі болып табылуы мүмкін, бірақ оның тиімді болуы екі талай. Әдетте, сапаны тексеруші бірнеше аудиторлық файлдарды іріктеп алып, негізінен тексеру нәтижесі бойынша клиенттерде ескертулер болмағандарына тексеру жүргізеді. Бір аудиторлық фирманың көп санды клиенттеріне қайтадан толық аудит өткізу орынсыз әрі ысырапшыл әрекет болар еді.
Классификация методов аудита. Нақты бақылаудың әдістемелік және тексеру бойынша жүргізілуі. Аудит әдістерінің жіктелуі.
Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерде жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық, талдамалы-есептік,құжаттық,қорытындылаушы және нақты юақылау. Нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің (кем өлшеу,салмақтау, қайта есептеу,сараптау бағалануы) көмегімен тексерілетін объектілерді шынайы күйінде тексеріп қарау арқылы алынған мәліметтер бойынша оның нақты жағдайын зерделеуде қолданылады.Тексеру жүргізу әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек.Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және оған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез-келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірибесінің жеткіліктігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асырылуға тиісті.
