Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар

Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының нысандарын (үлгілерін) жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттар алуды, сондай-ақ, келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиіс:

-         басы (аты), толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;

-         пайдаланылған символдардың суреттемесі;

-         ұқыпты және мұқият дайындалуы.

Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:

-         клиенттің аты және папканың номері;

-         кезеңнің басы және аяғы;

-         жұмыс құжатының мазмұны;

-         жұмыс құжатының ағымдағы немесе негізгі папкаға жататын-жатпайтындығы.

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізгендердің аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде:

-жинақтаушы (негізгі) және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайтадан шыққандағы көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;

-қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жұмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез-келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізгі кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;

-аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;

-егер шоттарда қорытынды түзетулер (корректировка) жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;

-кестелердегі цифрларды тексеру үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.

Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиетнтте дайын кесте боласа, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады.

Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақпараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына бақылау жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда аудиторға сұрақ беру нәтижесі мұқият құжатталған, сұрақ берілген жұмыскерлердің тізімі келтірілген, сұрақ беру өткізілгеннен кейін жүргізілген тексерулердің түрлері көрсетілген және тиісті қорытынды келтірілген жұмыс құжаттарын жасау керек.

Әрбір белгі аудиттің белгілі бір процедураларының орындалуын көрсететін болса, белгілеулерді де стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандарттау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Құжаттардың немесе прцедуралардың алғашқы әріптерін пайдалану тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы:

ЖҚ-жұмыс құжаттары.

ТБ-тексеруші (сынама) баланс.

КД-клиент дайындаған.

К-келісілген және т.б

Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірме жасау қажет.

Жұмыс құжаттарында тексеруге қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс құжаты «өзі үшін жауап беруге» тиісті, сондықтан нда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындыны анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.

  1. Аудитордың типтік жұмыс қағаздары. Аудиторлық файлдың соңғы қалыптасуы.

.«Аудиторлық құжаттар» – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады). Жұмыс құжаттарын толтыру барысында мынадай талаптарды орындау қажет:

  • жұмыс құжатының алғашқы бетінде аудиторлық фирманың атауы, кәсіпорынның атауы, тексеру аралығы және клиенттің құжаттарын тексеру күні;

  • әрбір жұмыс құжатына атау беріледі, мысалы, «Негізгі құралдар есебінің аудиті» және т.б.

  • қажет жұмыс құжатын тез табу үшін әр құжатқа код қою.

  • құжаттың әрбір бетін нөмірлеу;

  • әрбір жұмыс құжатында аудитторлық құжатты дайындаған аудитордың аты-жөні және аудиторлық тексеруді жүргізу күні қойылады.

Жұмыс құжаттарының мынадай түрлері бар: тұрақты және уақытша жұмыс құжаттары. Тұрақты жұмыс құжаттары – бұл тексеруі мерзіміне қатысты өзгермейтін құжаттар, ал уақытша құжаттар – бұл тексеру мерзімі мен есепті мерзімге байланысты өзгеретін құжаттар.

Аудитордың жұмыс құжаттарын 3 категорияға бөліп қарастыруға болады:

  • үздіксіз жүргізілетін құжаттар;

  • аудиторлық әкімшілік құжаттары;

  • аудиторлық ақпарат құжаттары

Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.«Тəжірибелі аудитор» төмендегі мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп білетін тұлға: аудит процесін, АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар, бизнес-ортаны, жəне субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін. Тұрақты файлдар – Сарапшылар кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады: қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған хат-келісім; клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат; аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]