Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.

Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады. Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылық есеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылық есеп беру белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:болуы (әрекет ету);құкықтар мен міндеттемелер;құбылыс;толықтық; бағалау;өлшеу (дәлдік);ұсыну және алу.Осы категориялардың сипаттамасы мен мәнін ашу 3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында берілген. Бұл жерде кәсіпорын әкімшілігінің дәлелдері бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне тікелей байланысты екенін атап өткіміз келеді. Бұл тұжырымдар әкімішлік шаруашылық операцияларды тіркеу және қаржылық есеп беруді ұсыну үшін пайдаланатын категориялардьщ бөлігі.Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міңдеті - басшылықтың каржылық есеп беру жөніңдегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.Аудит мақсатының мәні - аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды. Ол үшін оған аудитке белгілі бір жолдарды тандау қажет.Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады:сәйкестігін тексеру;ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кездерін); мән бойынша бақылау;талдамалық реттемелер. Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған.Сәйкестігін тексеру мақсаты -- елдегі нормативтік-құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің өңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері: клиент қызметкерлеріне сұрақ қою; құжттар мен жазбаларды тексеру; лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б. осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.Ішкі бақылауға тест жүргізу (бақылау кездерін) ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор кателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды. Мұндай бақылау қателіктер мен нормалардан ауытқуы туындауы мүмкін, бірақ анықталмайды деген ықтималдылықты төмендететін нақты бақылау көздерін анықтауды қамтиды. Бұл процедураны бақылау тәуекелдігін бағалау деп атайды.

Мән бойынша тексеруМән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операцияларының қажетті түрде мақұлданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа нөмірленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда ол Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.Мән бойынша тест жүргізу кезінде баланс үшін де, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру үшін де Бас кітаптың соңғы сальдосына басты назар аударылады. Осы тексерулер көлемі бақылау кездеріне тест жүргізу, мән бойынша операцияларды жүргізу кезінде алынған нәтижелерге байланысты болады.Мәні бойынша операцияларды тексеру талдамалық реттемелерге қарағанда қиын және қымбат.Мәні бойынша тестілер әдетте бүкіл жоспарлау процессінің ең күрделі бөлігі болады. Бүл елеулі дәрежедегі кәсіби пікірді қажет ететін субъективті процесс.Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе баланстың жекелеген баптары мен қаржылық есептеменің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдету және аудиторлық комаңда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.Басшылық және керек болғанда басшылыққа уәкілетті адамдар даярлаған қаржылық есептілік даярлауы төмендегілерді талап етеді: Лайықты заңнама немесе реттеуші актілер мәнмәтінінде қолданылатын қаржылық есептілік жүйесі айықындалуы. Бұл жүйесімен негізінде қаржылық есептілікті қолдану. Бұл жүйесі лайықты сипаттамасы қаржылық есептілікке қосылуы тиіс. Қаржылық есептілік дайындалғанда басшылық жағдайларға жарамды болып табылатын бухгалтерлік баға жасалуы бойынша пікірін жасай отырып, сонымен қатар бухгалтерлік саясаттарды таңдауы және қолдануы тиіс. Бұл пікірлер қолданылатын қаржылық есептілік мәнмәтінде жасалады. Қаржылық есептілік төмендегі мақсаттарға жетуге арналған қаржылық есептілік жүйесімен сәйкес дайындалуы тиіс:Жалпы сипаттағы ақпарат («жалпы сипаттағы қаржылық есептілік») қолданушылардың үлкен санын талап етеді; немесе Қаржылық есептілік арнайы

  1. ҚР-ғы аудиторлық қызметті реттеу ерекшелігі. " ҚР аудиторлық қызмет туралы" Заңы, оның мазмұны, аудитті қалыптастыру мен дамытудағы мәні.

Аудит жұмысының құқылығы аудит заңына және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы" заңы шықты. Сонымен аудит жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз, дербес қаржылық бақылау саласы құрылып, оның негізі мақсаты мен міндеті мемлекет және жеке меншіктегі кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің мүддесі көлеміңде барлық шаруашылық субъектілері үшін меншіктік түріне қарамастан бірдей құқылы.

Шаруашылық субъектісі деп әр түрлі меншіктегі ұйымдастыру тұрғысынан дербес құқылы өндіріс, сауда, коммерция, бизнес бірлестіктерін немесе басқадай мекемелерді айтады. Оған банктер, ассоциациялар, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, биржа бірлестіктері тағы баска көптеген кәсіпкершілік жасаушы құрылымдар жатады. Соның ішінде аудитор фирмалары немесе жеке аудитор жұмысы да жатады.

«Аудиторлық қызмет туралы» заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастардыреттейді. Ол 6-тармақтан және 25 баптан тұрады.

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).

5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).

6-тармақ. Аудиттелетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Нормативтік- құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.

Аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік- құқықтық құжаттарға келесілер жатады:

  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;

  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңы;

  • ҚР қылмыстық кодексі;

  • ҚР азаматтық кодексі;

  • «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы;

  • ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы;

  • Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары;

  • «ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік емес мекеме -Біліктілік комиссиясы туралы» Ереже;

  • «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау тәртібі туралы» Ереже және т.б.

  1. .Аудиттің этикалық принциптері. Аудиттің Халықаралық стандарттарының статусы.

Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданды және оларды мемілекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды. Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды: жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді; аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді; аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді; Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді; аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді; аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді; ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі; кәсіптің қоғамдық беделін құрайды; мемлекет тарапынан бақылауды жояды; аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі; аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді; Жалпы стандарттар – аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тимді әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі). Жұмысшы стандарттар – аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне тисінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер. Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары – аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылу және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қортындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестігікөрсетілуге тиісті. Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған – Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-Йорк қаласында негізі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі Комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір-бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы – бухгалтерлік есеппен байланысты. Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет аудит пен соған жалғас қызметтердің бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көрсету үшін солар бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарды.Қазіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит стандарттарын әзірлеу XX-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды. Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді.ХАС-ның қысқаша құрылымы: кіріспе аспектілер, жауапкершілік, жоспарлау, ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер, басқалардың жұмыстарын пайдалану, аудитордың қортынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру, мамандандырылған салалар, аудитке жалғанбалы қызметтер. Кәсіби бухгалтерлердің х/а Федерациясының (КБХФ) кәсіби аудиторлар үшін дайындалған этикалық кодекс. Мақсаттары : ең жоғарғы стандарттардың талаптарына сәйкес жұмыс істеу, қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен ең жоғары кәсіби деңгейге жету. Кодекстің негізі принциптері: сенімділік - қоғамға дұрыс ақпараттар ж/е сенімді ақпараттық жүйелер қажет. Кәсіптенгендік - қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер ж/е бақада мудделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғларға деген қажеттілік бар. Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғарығы стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет.Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негі бар екендігіне нанымды болуғы тиісті. Негіз болатын принциптер. Бухгалтерлік кәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды н/е негіз болатын принциптерді сақтауға тиісті.Негіз болатын принципрге : адалдық,әділдік, кәсіби жетік білімділік ж/е тиісті ұқыптылық, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кәсіби мінез құлық, техникалық стандарттар. А бөлігі бөлім. Адамдық және адалдық. 2- бөлім этикалық келіспеушіліктерді шешу.3- бөлім 1кәсіби жетік білімді алу 2 кәсіби жетік білімділікті шындау. 4- бөлім құпиялықты сақтау.5- бөлім салық практикасы.

Б бөлігі. 1- бөлім тәуелсіздік 2бөлім клиенттің ісіне қатысу немесе клиенттермен қаржылық араласу.3- бөлім компаниялардағы тағайындаулар. 4- бөлім клиенттерге басқада қазметтер көрсету.5- жеке және жанұялық қарым қатынастар. 6- қызмет үшін төлем.7- бөлім көрсетілген қызметтерге ақы төлеу.8- таурлар және қызметтер.9- бөлім капиталға иелік ету құқығы.10- бөлім бұрынғы партнерлар.11- бөлім нақты сот процессі немесе сотта іс қозғау қаупі.12- бөлім аға персоналдың клиентпен ұзаққа созылған қарым қатынасы.13- бөлім кәсіби жетік білімділік14- кәсіби қызметкерлрге төлем жасау.15- бөлім тәуелсіз қызмет көрсету практикасында басқадай кәсіби аудиторлармен қарым қатынас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]