Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)

330 ХАС бойынша Аудиторлық шараларды өңдеу барысында аудитор мынандай мəселелерді қарастырады:Аудиторлық шараларды анықтау барысында əр операциялық топты, шоттардың сальдосын бекіту жəне ашу деңгейіндегі маңызды кемшіліктерінің тəуекелінің бағалануын жүргізуде аудитор оның себеп-салдарымен танысады, мысалы:  Бұл оған қоса ірі операция топтарының, шот сальдосының жəне ашылымның, (яғни ішкі тəуекелдер) белгілі бір сапасымен де танысуын да қажет; және Бақылаудың (бақылау тәуекелдігі) жүрмегендігінен пайда болғанын анықтаса, онда аудитор маңызды аналитикалық шараларға сай жеткілікті жəне сəйкес келетін аудиторлық дəлелдерді көрсете алады ма жоқ па. (аудитор елеулі шаралар сипатын, мерзімін, ауқымын шешу кезінде бақылаудың жүргендігіне сүйенеді); Егер аудитор тəуекелдің төменгі деңгейін күтіп отырса, онда ол бақылаулардың нəтижелілігіне негіздеп, олардың нəтижелілігін бақылау үшін аудиторлық дəлелдер жинайды.Бақылау жүргізу кезінде аудитор келесілерге назар аударуы қажет:Ішкі бақылау басқа элементтерінің тиімділігі, сондай-ақ бақылау ортасы, субъект бақылау мониторингі, субъект тәуекелдікті бағалау үдерісі;Бақылау сипаттамаларына туындайтын тәуекелдіктер, бақылау автоматты түрде немесе қолмен басқару қоса алғандығы;Жалпы АТ бақылау тиімділігі;  Бақылау, субъект өз қолданысы тиімділігі, сонымен қатар алдыңғы аудитте көріп қалған бақылау қолданылуындағы ауытқулар сипаты мен ауқымы, бақылау қолданылуына шын мәніндегі түрде әсер ететін персоналдағы өзгерістер бар-жоқтығы; Белгілі бір бақылаудағы өзгерістер жетіспеушілігі өзгеріп тұратын жағдайлар себебімен тәуекелдікті келтіреді ме, жоқ па;Елеулі бұрмалау тәуекелдігі бақылауға сүйеніштің ауқымы.520 Аудиттің Халықаралық Стандартында (АХС) аудитор елеулі шаралар ретінде талдамалы шараларды орындауын көрсеткен («елеулі талдамалы шаралар»). Сондай-ақ, осы стандартқа аудиттің соңына жақын аудиторға қаржылық есептілік бойынша қорытындыға келуге жәрдемдесетін талдамалы шараларды орындауға аудитордың жауапкершілігі енгізілді. 315 АХС-ында тәуекелді бағалау шаралары ретінде талдамалы шараларды пайдалану беліленген. 330 АХС-ында бағаланған тәуекелдіктерге қатысты аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі, деңгейі бойынша талаптар мен нұсқау орнатылдыАудитордың мақсаты келесі:Елеулі талдамалы шараларды пайдалану кезінде сәйкесті сенімді аудиторлық дәлел жинау; Қаржылық есептілік кәсіпорын туралы аудитордың біліміне сәйкес келеді ме, жоқ па анықтау. Аудиттің соңына таман қаржылық есептілік субъект туралы аудитордың біліміне сәйкес келуі-келмеуі бойынша қорытындыға келуге көмектесетін талдамалы аудиторлық шаралар әзірлеп, орындау. Осы АХС мақсаты үшін, «талдамалы шаралар» деген термин қаржылық мәлімет пен қаржылық емес мәлімет шындыққа ұқсайтын қатынастарын талдау арқылы қаржылық ақпаратқа баға берулер болып табылады. Талдамалы шараларға, сондай-ақ, анықталған ауытқулар мен басқа сәйкесті ақпаратқа сәйкес келмейтін немесе елеулі сома арқылы күтілген көрсеткіштерден ерекшеленетін қатынастар себебімен қажетті болып табылатын зерттеу жатады.

Талдамалы шараларға субъектінің қаржылық ақпараттарын салыстыру кіреді, мысалы:Алдыңғы кезеңдегі ақпараттармен салыстыру.Субъект қызметінің күтілетін нəтижелерімен салыстыру, мысалы, сметалармен немесе болжаулармен, сондай-ақ аудитордың болжамдарымен, мысалы тозуды бағалау.Ұқсас салалық ақпаратпен салыстыру, мысалы, субъектінің сатудан түскен табыстарын орташа салалық көрсеткішті дебиторлық берешектер сомасымен немесе осы саладағы көлемі ұқсас басқа кəсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.Талдамалы шаралар төмендегідей өзара байланысты қарастырады:  Субъект тəжірибесіне негізделген болжам үлгісіне сəйкес келуі тиіс қаржылық ақпарат элементтері арасындағы байланыс (мысалы жалпы табыстың пайыздық көрсеткіштері). Қаржылық ақпарат пен қаржылық емес сипаттағы сəйкес ақпараттар арасындағы байланыс, мысалы еңбекақы төлемдері шығыстары мен қызметкерлер саны арасындағы байланыс.Жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыру үшін қарапайым салыстырулардан бастап күрделі статистикалық əдістер қолданылатын кешенді талдауға дейінгі əр түрлі əдістер қолданылады. Талдамалы шаралар жинақтық қаржылық есептілікке; құрамдас бөліктердің (мысалы, еншілес компаниялар, бөлімшелер немесе сегменттер) есептілігіне, жəне қаржылық ақпараттың жекелеген элементтеріне қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]