- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
Тексеру – бұл материалдық активтер, жазбаларды, құжаттарды тексеру. Жазбаларды мен құжаттарды тексеру дәлелдемелердің әр түрлі сенім деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың сипаттамасы, көздері және ішкі бақылау тиімділігіне тәуелді болып келеді. Құжаттық дәлелдемелердің 3 түрі болады және ол аудиторға әр түрлі сенім деңгейін қамтамасыз етеді:үшінші тараппен құрылған және бар құжаттық дәлелдемелер;үшінші тараппен құрылған, бірақ клиентте бар құжаттық дәлелдемелер;клиентпен құрылған және бар құжаттық дәлелдемелер.Активтерді тексеру активтерді растайтын сенімді дәлелдемелерді қамтамасыз етеді, бірақ оларды меншікке алу мен құнына құқығы қажет емес.Бақылау – бұл аудитордың басқа тараптардың жұмыстарын атқару процестері мен процедураларын бақылау қабілеттілігі(аудитор клиенттің өз қызметкерлерінің тауарлы материалдық құндылықтар есебін қалай жүргізіп отырғанын бақылай алады )530-ХАС мақсаты – аудиторлық таңдамалы процедураларын орындау және тестік дәлелдеулерді жинау мақсаты үшін баптарды іріктеудің басқа да әдістері бойынша стандарттарды орналастыру және аудит басқармасына ұсыну.Аудитор процедураларды жасағанда баптарды іріктеу әдістерін анықтау қажет, ол бойынша дәлелдеулерді алу мақсатында тест өткізіледі.Аудиторлық іріктеме – 100% бап сальда шоты шегінде немесе шаруашылық операцияға қарағанда бұл процедуралар қатынасы аз, себебі іріктеменің барлық бірліктерінің іріктец процесіне қатысуы үшін. Бұл аудиторда қорытынды жасау мақсатында іріктелген кейбір баптар дәлелдеулерін бағалауға және алуға мүмкіндік береді.
Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
Аудиторлық жұмыс құжаттарының негізгі мақсаты – ұйыммен алынған ақпараттарды аудиторлық іс-құжаттарына түсіріп, дәлел ретінде пайдалану. Аудит құжаттарын дайындау стилі әр түрлі,бірақ оған қойылатын талаптар бірдей.Аудиторлық дәлелдеулерді қамтамасыз ету және аудиттің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілгендігін көрсету.Халықаралық аудит стандарттары бойынша құжаттар деп, аудитордың өзінің осы аудит үшін жасайтын және белгіленген мерзіге сақтауға тиісті құжаттарды айтады. Бұл құжаттар қағазда электронды түрде,фотопленкада немесе басқа түрде болуы мүмкін.
Аудит жұмысын жоспарлау үшін жоспарға байланысты жүргізілгендігін дәлелдеу үшін және аудит жұмысының қорытындысын дайындаудың негізі болуы үшін дайындалады.Кейінгі аудиторлық тексерулерге, қайта аудиторлық тексерулерге,үшінші жақтың түбегейлі шолу жасауға қажеттілігі Аудит дәлелдеулерін, егер құжат болмаған жағдайда аудитор өзіне жауапкершілік алады. Себебі келтірілген қорытынды дәлелдеулермен қамтамасыз етілуі керек. Аудиторлық құжаттар пайдаланған әдістемелер бойынша толық ойластырылған дәйекті және ұқыпты толтырылған құжаттардың тұруы қажет. Дұрыс жасалған аудиторлық құжаттар аудит жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін аудит құжаттары аудиторлық ұйымға бір типке кетріліп, әрбір тексеру бағытында жасалып қою керек. Мұндай жасалынған құжаттар аудит пікірін және қорытынды қалыптастыруға көмек береді. Аудит құжаттарының бірінші деңгейінде аудиторлық жоспарлау және аудит бағдарламасы жасалынады. Аудит құжаттары екіге бөлінеді: 1. Тұрақты аудит құжаттары, 2 Ағымдағы аудит құжаттары Тұрақты аудит құжаттарына ұзақ уақытқа сақталатын және жиі өзгеріп тұратын құжаттар жатады. Олар:1)құрылтай құжаттары;2) мекеменің есеп саясаты.Аудит құжаттарына қойылатын талаптар халықаралық стандартта көрсетілген. Халықаралық аудит өркениетті мемлекеттерде әр елдің қойған мақсат мүддесін және ол елдерде аудиттің дамуы тарихы мол болғанды,ынан, бір жүйеге келтірілген.230 АХС талаптар және өзге байланысты ерекше талаптарына сәйкес келетін аудиторлық құжаттар:Aудитордың жалпы сипаттағы мақсаттарына жету бойынша тұжырымдаманың аудиторлық негіздемесі туралы дәлелдеме; және Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.Осы мақсаттарға толықтыру ретінде аудиторлық құжаттар құрамына төмендегілер кіретін кейбір өзге мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады: Аудиторлық команданың аудитті жоспарлауы мен орындауына ықпалын тигізу;Қадағалау үшін жауапты болып табылатын аудиторлық команданың мүшелеріне аудиторлық жұмыстарды бағыттап отыру мен бақылап отыруға, сондай-ақ олардың шолу бойынша жауапкершілігін 220 АХС сəйкес орындауына ықпал ету;Аудиторлық команданың өз жұмысына деген жауапкершілігін қамтамасыз ету; Келешектегі аудиттер үшін өзінің мағыналығын сақтайтын мəселелер жөніндегі жазбаларды сақтап қою; 1 СБХС-ы және кем дегенде қатаң болып келетін ұлттық талаптарға сəйкес сапаны бақылауға шолу мен тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету;Заңдық, құқықтық, реттеуші жəне өзге талаптарға сəйкес сыртқы инспекциялауды жүргізуін қамтамасыз ету. Мақсаты Аудитор аудиторлық құжаттарды дер кезінде əзірлеп қоюға тиіс, оларда төмендегідей ақпарат ұсынылады:
Аудиторлық есепке негіздеме беру үшін жеткілікті жəне соған сəйкес болатындай жазбалар; жəне Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.«Аудиторлық құжаттар» – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады). Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.«Тəжірибелі аудитор» төмендегі мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп білетін тұлға: аудит процесін, АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар, бизнес-ортаны, жəне субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін. Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді: өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты; аудитті кім орындады және сондай жұмыс аяқталған күні; және аудитке қатысы бар орындалған жұмысты және сондай шолу күні мен деңгейін кім тексерген.Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді: Субъекттің мөлшері мен күрделілігі. Өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты. Елеулі дəрежедегі бұрмаланулардың анықталған тəуекелдері. Алынған аудиторлық дəлелдемелердің елеулігі. Анықталған айрықшалардың сипаты мен ауқымы. Өзін орындалған жұмыс құжаттамасының немесе алынған аудиторлық дəлелдемелердің негізінде əлі құрастыру мүмкін болмайтын қорытындыны немесе қорытындыға арналған негізді құжат түрінде ресімдеудің қажеттігі. Қолданылатын аудиторлық əдіснама мен əдістер. Аудиторлық құжаттар қағаз, электронды немесе өзге түрдегі тасымалдауыштарда берілген деректер түрінде ұсынылуы мүмкін. Мәселен: Аудиторлық бағдарламалар, Талдаулар, Мəселелердің меморандумдары, Елеулі мəселелерге қатысты шолулар, Растау құжаттары мен ұсынымдар, Бақылау парақтары, Елеулі мəселелер бойынша корреспонденция (e-mail қоса алғанда). Аудитор аудиторлық құжаттама бөлігі ретінде субъекттің жазулардың көшірмесін (мәселен, елеулі және айрықша келісімдер мен келісім-хаттарды қоса алғанда) қамтуы мүмкін. Алайда, аудиторлық құжаттама субъекттің бухгалтерлік жазуларды негіздмесін бола алмайды.
