Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .

Бақылау кезіндегі аудитордың мақсаты – тәуекелдігіне қатысты сәйкесті шаралар орындау жəне іске асыру арқасында жеткілікті, тиісті аудиторлық дәлелдер алу. Тексеру жүргізу әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек. Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және оған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторларға және қатардағы тексеруге қатысушыларға берілген кез-келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірибесінің жеткіліктігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асырылуға тиісті.

Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік стандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуы тиісті. Ағымдағы файлдар – жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.

Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төмендегі мәселелерге көңіл аудару қажет:

  • аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;

  • жасалынған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;

  • айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі;

  • тексеру нәтижелерінің қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.

Тұрақты файлдар – Сарапшылар кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған хат-келісім;

  • клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;

  • аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.

Аудиторлар жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыра алады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.

Кейбір экономистер белгілі бір аудиторлық фирма жұмысының сапалылығына сол клиентке басқа аудиторлық ұйымның күшімен қайта тексеру жүргізу арқылы көз жеткізуге болады деп есептейді. Әрине, мұндай шара сапалылықты тексеру нұсқаларының бірі болып табылуы мүмкін, бірақ оның тиімді болуы екі талай. Әдетте, сапаны тексеруші бірнеше аудиторлық файлдарды іріктеп алып, негізінен тексеру нәтижесі бойынша клиенттерде ескертулер болмағандарына тексеру жүргізеді. Бір аудиторлық фирманың көп санды клиенттеріне қайтадан толық аудит өткізу орынсыз әрі ысырапшыл әрекет болар еді.

330 ХАС бойынша Аудиторлық шараларды өңдеу барысында аудитор мынандай мəселелерді қарастырады:

(а) Аудиторлық шараларды анықтау барысында əр операциялық топты, шоттардың сальдосын бекіту жəне ашу деңгейіндегі маңызды кемшіліктерінің тəуекелінің бағалануын жүргізуде аудитор оның себеп-салдарымен танысады, мысалы:

(i)   Бұл оған қоса ірі операция топтарының, шот сальдосының жəне ашылымның, (яғни ішкі тəуекелдер) белгілі бір сапасымен де танысуын да қажет; және

(ii) Бақылаудың (бақылау тәуекелдігі) жүрмегендігінен пайда болғанын анықтаса, онда аудитор маңызды аналитикалық шараларға сай жеткілікті жəне сəйкес келетін аудиторлық дəлелдерді көрсете алады ма жоқ па. (аудитор елеулі шаралар сипатын, мерзімін, ауқымын шешу кезінде бақылаудың жүргендігіне сүйенеді);

(б)  Егер аудитор тəуекелдің төменгі деңгейін күтіп отырса, онда ол бақылаулардың нəтижелілігіне негіздеп, олардың нəтижелілігін бақылау үшін аудиторлық дəлелдер жинайды.

Бақылау жүргізу кезінде аудитор келесілерге назар аударуы қажет:

(a) Ішкі бақылау басқа элементтерінің тиімділігі, сондай-ақ бақылау ортасы, субъект бақылау мониторингі, субъект тәуекелдікті бағалау үдерісі;

(b) Бақылау сипаттамаларына туындайтын тәуекелдіктер, бақылау автоматты түрде немесе қолмен басқару қоса алғандығы;

(с) Жалпы АТ бақылау тиімділігі;

(d) Бақылау, субъект өз қолданысы тиімділігі, сонымен қатар алдыңғы аудитте көріп қалған бақылау қолданылуындағы ауытқулар сипаты мен ауқымы, бақылау қолданылуына шын мәніндегі түрде әсер ететін персоналдағы өзгерістер бар-жоқтығы;

(e) Белгілі бір бақылаудағы өзгерістер жетіспеушілігі өзгеріп тұратын жағдайлар себебімен тәуекелдікті келтіреді ме, жоқ па;

(f) Елеулі бұрмалау тәуекелдігі бақылауға сүйеніштің ауқымы.

520 Аудиттің Халықаралық Стандартында (АХС) аудитор елеулі шаралар ретінде талдамалы шараларды орындауын көрсеткен («елеулі талдамалы шаралар»). Сондай-ақ, осы стандартқа аудиттің соңына жақын аудиторға қаржылық есептілік бойынша қорытындыға келуге жәрдемдесетін талдамалы шараларды орындауға аудитордың жауапкершілігі енгізілді. 315 АХС-ында тәуекелді бағалау шаралары ретінде талдамалы шараларды пайдалану беліленген. 330 АХС-ында бағаланған тәуекелдіктерге қатысты аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі, деңгейі бойынша талаптар мен нұсқау орнатылды

Аудитордың мақсаты келесі:

(а) Елеулі талдамалы шараларды пайдалану кезінде сәйкесті сенімді аудиторлық дәлел жинау;

(b) Қаржылық есептілік кәсіпорын туралы аудитордың біліміне сәйкес келеді ме, жоқ па анықтау

Аудиттің соңына таман қаржылық есептілік субъект туралы аудитордың біліміне сәйкес келуі-келмеуі бойынша қорытындыға келуге көмектесетін талдамалы аудиторлық шаралар әзірлеп, орындау.

Осы АХС мақсаты үшін, «талдамалы шаралар» деген термин қаржылық мәлімет пен қаржылық емес мәлімет шындыққа ұқсайтын қатынастарын талдау арқылы қаржылық ақпаратқа баға берулер болып табылады. Талдамалы шараларға, сондай-ақ, анықталған ауытқулар мен басқа сәйкесті ақпаратқа сәйкес келмейтін немесе елеулі сома арқылы күтілген көрсеткіштерден ерекшеленетін қатынастар себебімен қажетті болып табылатын зерттеу жатады.

Талдамалы шараларға субъектінің қаржылық ақпараттарын салыстыру кіреді, мысалы:

• Алдыңғы кезеңдегі ақпараттармен салыстыру.

• Субъект қызметінің күтілетін нəтижелерімен салыстыру, мысалы, сметалармен немесе болжаулармен, сондай-ақ аудитордың болжамдарымен, мысалы тозуды бағалау.

• Ұқсас салалық ақпаратпен салыстыру, мысалы, субъектінің сатудан түскен табыстарын орташа салалық көрсеткішті дебиторлық берешектер сомасымен немесе осы саладағы көлемі ұқсас басқа кəсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстыру.

Талдамалы шаралар төмендегідей өзара байланысты қарастырады:

•   Субъект тəжірибесіне негізделген болжам үлгісіне сəйкес келуі тиіс қаржылық ақпарат элементтері арасындағы байланыс (мысалы жалпы табыстың пайыздық көрсеткіштері).

•  Қаржылық ақпарат пен қаржылық емес сипаттағы сəйкес ақпараттар арасындағы байланыс, мысалы еңбекақы төлемдері шығыстары мен қызметкерлер саны арасындағы байланыс.

Жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыру үшін қарапайым салыстырулардан бастап күрделі статистикалық əдістер қолданылатын кешенді талдауға дейінгі əр түрлі əдістер қолданылады. Талдамалы шаралар жинақтық қаржылық есептілікке; құрамдас бөліктердің (мысалы, еншілес компаниялар, бөлімшелер немесе сегменттер) есептілігіне, жəне қаржылық ақпараттың жекелеген элементтеріне қолданылады.

  1. Тәуекелді бағалауға байланысты аудиторлық орындау тәртібі.

Аудиторлық тәуекел – аудит аяқталып, аудиторлық оң пікір айтылып қойғаннан кейін қаржылық есептілікте маңызды қателіктер болуы мүмкін мойындауға даярлық шараларын білдіретін аудитордың кәсіпкерлік тәуекелі. Басқа сөзбен айтқанда, аудиторлық тәуекел – аудит өз мойнына алуға даяр субъективті белгіленген тәуекел деңгейі. Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің аз деңгейін бнлгілесе, бұл оның қаржылық есептілікте маңызды қателер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылысын білдіреді.Аудитор клиентті зерттеп, тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлардың әрқайсысының мәнін бағалауы керек. Аудит аяқталғаннан кейін де қаржылық есептілікте маңызды қателер болуы мүмкіндігін жоққа шығармай, аудитор зерттеу және факторларды бағалау негізінде субъективті түрде тәуекел деңгейін белгілейді. Тексеріс барысында аулитор клиент жайлы қосымша ақпараттар алып, өзінің аудиторлық тәуекел деңгейі туралы бағасын өзгертуі мүмкін.

«Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» 400 ХАС-ында тәуекелділікке мынадай анықтама берілген. «Аудиторлық тәуекелдік – қаржылық есептілікті беру елеулі бұрмаланған жағдайда аудиторлық мән сәйкес келмейді дегенді білдіреді» . Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненттері бар:Ажыралмайтын тәуекелдік – шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялардың қажетті ішкі бақылауының болмауына жол берілген жағдайда, басқа шоттар сальдосы немесе шаруашылық операциялар бұрмалауларына бөлек, елеулі болуы мүмкін бұрмалауларға бейім болуы. Бақылау тәуекелділігі клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп барысында болуы ықтимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100% -ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылауды кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);сандық.Қолайлы аудиторлық тәуекелділік-аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз (пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік – сегментте қателіктің барын және бұл қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы..Бақылау тәуекелдігі-сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың болжау шарасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]