Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.

300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау кажетгілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.Аудит жұмысын белгілі бір жоспармен іске асырылады. Аудит жұмысын жоспарлауда аудиторлық компания белгілі бір қағидаларды басшылыққа алады. Оған:кешенділік қағидасы, яғни аудиторлық жұмыс жүргізгенде қаржылық есептіліктің бір біріне байланысын, есепті құру кезеңдерін пайдалана білу және бастапқы жоспарлар негізінде жалпы жоспарды құру (болуы немесе нақты болуы, толықтығы немесе операциялардың толық қамтылуы, құқығы мен міндеттемелері және ашылымы мен ұсынылымы),үздіксіздік қағидасы, яғни тексеруге қатынасатын аудит топтарына бір біріне байланысты аудитордың негізгі мақсатына бағытталған жұмыстарды тапсырып және сол жұмыстардың мекеменің құрылымында іске асырылуын қамтамасыз ету. Мекеменің құрылымындағы көрсеткіштерінің, жалпы мекеме көрсеткіштерінің құрамындағы орны, құрылымының жұмысын жүргізу және аяқтау мерзімі.Мекеменің алдына қойылған жалпы талап және құрылымның алдындағы талап ерекшеліктері. Мекеменің жіне құүрылымдардың алдында жұмыстарды жүргізу үшін заң құжаттарының қойған талаптары, ол талаптардың құрылымда іске асырылуы.

Тиімділік қағидасы, жоспарды жасағанда жұмысты орындаудың бірнеше варианттардың болуы.Аудитті жүргізу төмендегідей сатылардын тұрады:Бастапқы кезең Аудит жұмысын жүргізудің жоспарының негізін дайындап, оны құру,Аудиторлық бағдарламаны дайындап, құру.300 (АХС) мақсаты – аудитордың қаржылық есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру. Бұл АХС қайталама аудиттер мəнмəтінінде құрылған. Сондай-ақ аудиттің бастапқы келесімінде аудитор қарастыратын мəселелер жеке түрде енгізілді.Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады..Алдын ала жоспарлау; .Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау; Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау; Ішкі бақылау жүйесін бағалау; Аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлау; Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлауАлдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мемарандумы әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған. 300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруда қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек. Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс орындалуын бақылау тәсілі болып табылады және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.Аудитті жоспарлау келісім бойынша жалпы стратегия жасау мен аудиттің жоспарын дамытудан құрылған. Адекватты жоспарлау сондай-ақ:Аудитордың назары аудиттің маңызды салаларына түсіруге көмектеседі.  Аудиторға дер кезінде ықтимал проблемалар анықтау мен шешуге көмектеседі. Аудиторға тиісті мен сәйкесті түрде орындалуы үшін аудиттің келісімді лайықты түрде жұмылдыру мен басқаруға көмектеседі.   Күтілген тәуекелдіктерге амал шараларды орындау үшін құзыреті мен қабілеті тиісті түрдегі деңгейлері бар жоба бойынша жасақтың мүшелерін тағайындауға, жоба бойынша топтың мүшелерінің жұмысын үйлестіруге көмектеседі. Жоба бойынша топтың мүшелерін бағыттау жəне қадағалауға, олардың жұмыстарын шолу жасауға көмектеседі. Жарамды жерінде, құрамдас бөліктердің аудиторлары мен сарапшылардың жасаған жұмыстарын сəйкестендіруге көмектеседіАудитордың мақсаты – аудит тиіcті түрде жүргізу бойынша аудитті жоспарлау. Аудиттің жалпы стратегиясы аудиттің ауқымын, бағытын жəне мерзімін белгілейді, сондай-ақ аудиттің маңызды жоспарларын дайындауды реттейді.Аудитор аудиттің жалпы стратегиясын жасауы керек: Келісімнің ауқымын белгілейтін келісім сипатын анықтау; Аудит мерзімі мен мəліметтердің сипатын жоспарлауға арналған келісімдердің есеп берудің мақсатын анықтау; Аудитордың пікірі бойынша жоба бойынша команда мүшелерінің іс-əрекетін анықтайтын маңызды факторларды қарастыру;Келісім бойынша алдын алу жұмыстарының нəтижелерін жəне жарамды жерінде, кəсіпорын үшін орындалған басқа келсімдерден алынған тəжірибесін қарастыруы керек; және Келісімді орындауға қажетті ресурстардың сипатын, мерзімі мен көлемін анықтау.Аудитор төмендегі жайларды құжаттауы тиіс:Аудиттің жалпы стратегиясы; Аудит жоспары; және Аудит келісімін орындау барысында аудиттің жалпы стратегиясын немесе аудит жоспары жасалған барлық маңызды өзгерістер, сол сияқты өзгерістер себептері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]