Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.

230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті. Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы. Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады: - олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіңде көмектеседі; - олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады; - оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар. Құжаттарды дәлелдеу маңыздылығы бойынша 4 топқа бөлеміз: алғашқы жиынтық өкілетті емес көмекші

Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды- пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті. /35/

Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирма ішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей- тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.

Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

-         жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

-         жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

-         сапаны бақылауға қолдау көрсету ге мүмкіндік береді.

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:

-         көрсетілетін қызметтің сипаты;

-         аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

-         клиент бизнесі;

-         ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

-         аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады

Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

1.Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

2.Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3.Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4.Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

5.Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

6.Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

7.Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

8.Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері

9.Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10.Клиенттен немесе оның өкілдерінен алыенған хаттары;

11.Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12.Шоттардың, экономикалық субьект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

13.Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бирге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б көшірмелері;

14.Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

2 ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТН ТАЛАПТАР

2.1 Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар

Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:

1.Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;

2.Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;

3.Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;

4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлеледеулер алатындай етіп жүргізіледі.

Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиетті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендеглер болуы мүмкін:

-         Тексеруші баланс;

-         Банк шоттарынан үзінділер;

-         Түгелдеу тізімдемесі;

-         Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі;

-         Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б тізімі.

Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының «жон арқасы» деп жиі айтады.Себебі ол қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретінде қызмет атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]