- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
Өркениетті, капитализмнің осы мезгілдегі жоғарғы сатыда дамыған деп есептелетін елдердегі аудиттің ұйымдастыру және даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. АҚШ-да аудиторлық қызметті негізінен төрт топқа бөлінген. Олар: Бас Есеп Қызметінің заң шығаратын өкіметтің бақылау қызметінің аудиторлары (аткаратын қызметі қонгресс үшін аудиторлық қызмет жүргізу, оны Бас бақылаушы басқарады, есепті тек Конгресс алдында береді ), Ішкі салық қызметі аудиторлары (федералдық салық заңдарының орындалуын бақылау), Ішкі аудит қызметкерлері (жекелеген Компаниялардың олардың басқару қызметіне аудит жүргізу мақсатында жалданылған қызметкерлер), дипломды қоғамдық бухгалтер (олардың негізгі қызметтері барлық жарияланып сатылатын компаниялардың жария ететін есептемелерін тексеру, негізінен ірі компаниялардың есебін тексереді).АҚШ-да сонымен қатар компьютерлік аудиторлардың-аудиторларлық Ассоциациясы қызмет істейді.Ол ішкі және тәуелсіз компьютерлік аудит жүргізетін мамандар бірлестігі болғандықтан тек соларды қамтиды. АҚШ тағы аудиторлық фирмалардың нақты анықталған міндеттері мен ұйымдастырылу ерекшеліктері бар.Оларға қойылатын мамандық талаптары жоғары. Аудиторлық фирмалардың көрсететін қызметтерінің түрлері: - айғақтығын анықтау, яғни ұсынылған тұжырымдардың нақтылығына пікір білдіру; - салық қызметтері, яғни корпоративтік және жеке тұлғаға салық декларацияларын дайындау; - шаруашылық әкімшілігіне (консультация) кеңес беру; - бухгалтерлік қызметтер қөрсету;Аудиторлық фирмалар жеке адамның иелігінде, серіктестіктер түрінде, мамандық қоғамдастықтары ретінде құрылады.ҰЛЫ БРИТАНИЯ. Аудиторлық қызметтің қортындысын пайдаланушылар мүддесін қорғаушылар, яғни аудит тексерген құжаттарды пайдаланушылар бірлестігін (ССАВ) (компаниясы) құрайды. Оның құрамына Уэьс пен Англияның, Шотландияның, Ирландияның ант берген бухгалтерлер институттары, ант берген сертифицияланған бухгалтерлер Ассоциациясы, басқару есебінің ант берген мамандар институты, сонымен қатар жарияланатын қаржы мен бухгалтериясының ант берген институты кіреді. Бірлестікте комитеттер құқында Методикалық кеңес жұмыс істейді. ССАВ мүшелері методикалық кеңестің шығарған стандарттары мен ұсыныстарын пайдалану және таратуды өздерінің міндеттеріне алған.Методикалық кеңес 18 мүшеден тұрады. Оның 9 тәжрибелі аудиторлар болса, қалғандары бұл жұмыспен шұғылдануы міндетті емес. Сонымен қатар кеңеске дауыс беру құқы жоқ жеті мушеге дейін кіре алады.Англяда аудит стандарттары -аудит стандарттарының тұжырымдары деп аталады және халықаралық аудит стандарттарна сәйкестендіріліп жасалынады. 1854 жылы Шотландияның ант берген бухгалтерлер институты бірінші болып "ант берген бухгалтер" түсінігін өмірге әкелген. 1854 жылы Институттың дәрежесін ерекшелейтін Корольдың Дипломын алған. 1954 жылдан институттың барлық бітірушілері "ант берген бухгалтер" маманығы беріледі.
Ұлыбританияда Мемлекеттік аудит қызметі бар.Олар барлық мемлекеттік департаменттер шығындарын Парламенттің тапсыруымен тексереді. Жергілікті органдардың шығындарына аудит жүргізу Қаржы Комиссиясының құзіретіне берілген. Сонымен қатар Парламентті салық төлеушілердің қаржыларын өкімет құрылымдарының, атқарушы органдардың қалай пайдаланылғаны туралы ақпараттпен қамтамасыз етіп отыратын және олардың қаржылық есептемесін тексеретін Ұлттық Аудит Басқармасы бар. Бұл орган өзінің көптен келе жатқан тарихымен әйгілі.1314 жылы бірінши Қазнаның Бас Ревизоры тағайындалса, 1559 жылы қаржы сотының Аудиторы қызметі енгізілген, ал 1866 жылы Қазна мен Аудит Басқармасы енгізіліп, бірінші рет Бас Ревизор мен Бас Аудитор тағайындалған. ЯПОНИЯ. Қаржылық есеп пен есептемені анықтау үш заңның негізінде жүргізіледі.Олар: Сауда кодексі, Құнды қағаздар мен биржалық операциялар туралы Заң, Мекемелердің таза пайдасынан алынатын салық туралы Заң. 1948 жылдан бастап "Сертифициаланған қоғамдық бухгалтерлер" туралы Заңы қабылданған. Сертифициаланған қоғамдық бухгалтерлер японияда қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар жоғарғы әдептілік талаптарына сай, тәуелсіз, жоғарғы дәрежелі маман, конфеденциалдықты сақтау және ақпараттық техниканы жете меңгерген болуы керек.. Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты “Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарты ” деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС та олар өз көрінісін тапты.Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 - ге жетті, оның ішінде олардың 38 - і ХАС қа , ал 12 - сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.
Аудиторлық тексерудің жалпы мақсаты мен бақылау мақсаты арасындағы өзара байланысы. Ішкі бақылау жүйесінің жүйесінің ерекшілігі. Ішкі бақылау құрылымының элементтері. Ішкі бақылау жұмысын бақылау.
Ішкі бақылау – Қаржылық есептіліктің сенімділігіне, әрекеттердің тиімділігіне мен тиістілігіне, сонымен қоса қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілерге сәйкестікке қатысты фирманың мақсаттарына жету бойынша ақпараттың дұрыстығын растау үшін басқару өкілеттігіне ие тұлғалар, басшылық пен басқа персонал қуаттайтын ішкі бақылау. «Бақылау» термині ішкі бақылаудың құрамдас бөлімдерінің бірі немесе одан да көп кез келген аспектілерін сипаттауға қолданылады.
ІБЖ ұйымның Директорлар Кеңесімен, басшысымен және жұмыскерлермен жүзеге асырылатын төмендегідей категориялардың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жасалынған: 1. Қаржылық есептіліктің дұрыстығын; 2. ҚР-ның заң құжаттарын, нормативтік актілерінің бұзылмауын; 3. Операциялардың тиімділігін және дұрыстығын Ішкі бақылау – Қаржылық есептіліктің сенімділігіне, әрекеттердің тиімділігіне мен тиістілігіне, сонымен қоса қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілерге сәйкестікке қатысты фирманың мақсаттарына жету бойынша ақпараттың дұрыстығын растау үшін басқару өкілеттігіне ие тұлғалар, басшылық пен басқа персонал қуаттайтын ішкі бақылау. «Бақылау» термині ішкі бақылаудың құрамдас бөлімдерінің бірі немесе одан да көп кез келген аспектілерін сипаттауға қолданылады.ІБЖ ұйымның Директорлар Кеңесімен, басшысымен және жұмыскерлермен жүзеге асырылатын төмендегідей категориялардың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жасалынған: 1. Қаржылық есептіліктің дұрыстығын; 2. ҚР-ның заң құжаттарын, нормативтік актілерінің бұзылмауын; 3. Операциялардың тиімділігін және дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ІБЖ-нің фундаменталдық концепциялары:ІБЖ-нің арнайы ұйымдастырылған жүйе және үрдіс. Ол белгілі бір іс-әрекеттерден тұрады және ұйымның инфрақұрылымымен байланысты. Бірақ, оны топтастырмайды;ІБЖ қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе тек қана жазбаша, басшылықты қарастырмайды, сонымен қатар, жұмыскерлердің ұйымдастыру деңгейінің әр сатысында іске асырылады және мұнда Директорлар Кеңесі, мекеме басшылары, барлық қызметкерлер тартылған;ІБЖ тек қана сапалы сенімді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, абсолюттік сенімді қамтамасыз етуге ұмтылады. ІБЖ негізгі талабы – шығындардың одан алынатын пайдадан аспауы керек. ІБЖ алдыға қойылған қосымша мақсаттарды орындауға жұмылдырылған, соның ішінде қаржылық есептілік.ІБЖ-нің құрамдас бөліктері, қажеттілігі:ІБЖ құрылымы және компоненттері аудит жұмысын жоспарлау үшін қажет;Бақылау тәуекелділігін әр бір шоттар сальдосы үшін операциялардың түрлерінің дұрыс болуы және оларды қаржылық есепте толық ашып көрсету үшін қажет;Маңыздылық тарапынан қаржылық есептіліктің әр бір позициясын тексеру үшін тексеру үшін тексеру тестілерін анықтау үшін қажет ІБЖ-нің құрылымын, деңгейін анықтау үшін қажет тәсілдер:Клиентпен бұрыңғы жүргізілетін жұмыстардың қорытындысын талдау;Мекеме басшыларымен, орта деңгейдегі басшыларымен және қызметкерлермен пікір алысу;Құжаттармен және жазулармен танысу;Ұйымның жүргізілген операциялармен және қызметімен танысып бақылау. ІБЖ ұйымдастырып жүргізгенде, әкімшілік алдына қоятын мақсаттары:Сенімді ақпаратты қамтамасыз ету;Есеп құжаттары және құрал мен қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету;Тиімді қызметті қамтамасыз ету;
Алдын-ала анықталған саясатқа сәйкес жұмыс жүргізу. ІБЖ 3 тармақтардан тұрады:1) Бақылау ортасы; 2) Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі; 3) Бақылау процедуралары.Бақылау ортасының құрамы:Басқарудың стилі мен негізгі қағидалары.Ұйымдастыру құрылымы,Жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлу,Қадр саясаты,Бухгалтерлік есепті дайындау,Ішкі есептілікті дайындау. Бақылау процедуралары:өздерінің қызметін толық меңгерген міндеттемелері мен өкілеттілігін білетін қызметкерлер;
қызметті дұрыс бөлу;рұқсат беру процедуралары;
құжаттар мен есептіліктің сәйкестігі;қаржылық есептілікті жүргізу тәсілдері;қаржылық есептілік пен активтердің нақтылығын немесе барлығын тексеру;қызметке тәуелсіз тексеру жүргізу.
