- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
"Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті. Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады: - олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіңде көмектеседі; - олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады; - оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар. Құжаттарды дәлелдеу маңыздылығы бойынша 4 топқа бөлеміз: алғашқы жиынтық өкілетті емес көмекші Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны. Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті. Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді: - жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады; - жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді; - сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді: - көрсетілетін қызметтің сипаты; - аудиторлық қорытынды есептің нысаны; - клиент бизнесі; - ішкі бақылау жүйесінің жағдайы; - аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме. Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар. Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті: 1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған; 2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған; 3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген; 4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі. Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін: - Тексеруші баланс. - Банк шоттарынан үзінділер. - Түгелдеу тізімдемесі. - Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі. - Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі. Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар. Жұмыс қүжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирма ішілік стандарттарымен анықталуға тиісті. Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар, партнерлермен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары. Ағымдағы құжаттардың картотекасы: - жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі; - жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі. Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дұрыс: - қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары; - аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары; - нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар; - арнайы мақсаттағы құжаттар.
