Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны

№

Құжаттардың атауы

1.

«Аудиторлық қызмет туралы»

ҚР Заңы №304-1 20.11.1998 ж.

(өзгертулер мен толықтырулар)

2.

ҚР «Әкімшілік жолмен құқық

бұзушылық туралы кодексі»

№155-11 30.01.2001 ж.

(өзгертулер мен толықтырулар)

3.

ҚР «Қылмыстық кодексі» №167-1 16.07.1997 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

4.

ҚР «Азаматтық кодексі» (жалпы бөлім) №268-XII 27.12.1994 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

5.

«Банк және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы №2444 31.09.1995 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

6.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы №126-II 18.12.2000 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

7.

«Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңы №576-2 07.07.2004 ж.

8.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы 09.07.1998 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

9.

«Шетелдік инвесторлар туралы» ҚР Заңы №266-XIII 27.12.1994(өзгертулер мен толықтырулар)

10.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы №412-2 13.05.2003 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

11.

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңы №2200 17.04.1995 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

12.

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» ҚР Заңы №220-I 22.04.1998 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

13.

2000 ж. Республикалық конференцияда қабылданған Қазақстандағы екі томдық Халықаралық аудит стандарттары.

14.

ҚР «Аудиторлық қызметін лицензиялау ережесін қабылдау туралы» үкім шығару №878 29.06.1999 ж. (өзгертулер мен толықтырулар)

15.

2009 жылғы ҚР «Салық кодексі»

Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады» деп көрсетілген.Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.Аудиторлық қызметті реттейтін негізгі нормативтік - құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 20.11.98 г. № 305-1 «Аудиторлық қызметі» туралы заңы болып табылады. Бұл заң бойынша ҚР-ның шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік стандарттары мен қаржылық есеп талаптары реттеліп отырылады. Міндетті аудиттің негізгі мақсаты - клиенттің ағымдағы және болашақтағы жағдайын түсіну үшін ағымдағы және болашақ рентабельділігі, өтімділігін ( қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті) және капитал жеткіліктілігін(ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілетттілігі және сәйкесінше  қаржы өсуі)  зерттеу болып табылады.  Міндетті аудит жүргізер алдында аудитор алдын - ала жоспарлау бланкінде келесідей сұрақтарды құрастыру қажет:табыс құрылымы мен өсу тенденциясының басқа негізгі экономикалық көрсеткіштерімен байланысы қандай?қолма – қол  ақша қаражаттарының  қозғалыс тенденциясы қандай?қолма – қол ақша қозғалысы мен табыс арасындағы  айырмашылық нәтижесінің себебі неде?қолма – қол ақша қозғалысының сенімді болжау дайындалған ба?өтімділікке байланысты қандай ереже болады?ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелері бар ма? күмәнді талаптар бойынша күрделі соммалар бар ма?Өндірістік шаруашылық қызметі.негізгі өндірістік жолдары қандай және қалай олар тапсырыс берумен байланысты?әрбір өнім рентабелділігіне басқарушылық талдау жасай ма?қандай негізгі өндірістік жоспарлар жасалады?қандай  өндіріс күштілігімен клиент  жұмыс істейді (толық., толық емес)?қандай шикізаттар мен материалдарды сатып алады, сонымен қатар қызмет көрсетуді пайдалану кім негізгі  пайдаланушы  болып табылады?альтернативті  жеткізу көздері бар ма?еңбек даулары бар ма ( қаншалыұты олар  өндірістік- шаруашылық қызметке әсер етеді)?өнім  сапасына байланысты  проблемалар болады ма?дайын өнімге баға қалай белгіленеді?өнімнің сапасына деген жоғары талаптар және жеткізуге байланысты  қатаң шартты келісім – шарттар  бар ма? Әрбір тексеріс жасаған кезде сұрақтар шеңбері,  алдын –ала  жоспарлау бланкінде қарастырылған,  клиент қызметінің талаптары мен мүддлеріне байланысты кеміп немесе артып отырады.  Қаржылық есептілікке тексеріс жүргізу үшін аудиторлық ұйым қызметкерлер тобын жинақтайды. Аудит жүргізуші үшін персонал таңдау  аудитті қамтамасыз ету үшін   мұқияттылықты  талап етеді. Аудитті техникалық және кәсіби сапаға сәйкестігі бар тұлғалар жүзеге асыра алады. Кең ауқымды міндетті  аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде оның басқарушысы бірнеше  қызметкерлер, сонымен қатар заңдар мен салықтық сұрақтар бойынша кеңес берушілер және басқа да мамандардың қатысуына болады.  Жоспарлау процесінде аудитор қандай аудиторлық процедураларды орындау керектігін шешіп алу үшін қолайлы процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы керек. Бұл арада аудиторлық процедураны былай ұғуға болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері мен мәліметтерді алу өзара тығыз байланыста болады. «Жоспарлау» термині аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді білдіретін болса, онда екінші кезеңде аудиторлар өз пікірлерін растайтын жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды мәліметтерді жинауы керек.Жыл сайынғы міндетті аудиттік тексерілуге тиісті субъектілерге келесілер жатады:: банктер; несиелік серіктестіктер; құнды қағаздар нарығында өз қызметін жүргізетін және банктік операциялардың жеке бір түрін жүргізетін ұйымдар; сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары,инвестициялық қорлар және зейнетақы қорларының активтерін басқаратын компаниялар; шынайы монополия субъектілері; шет ел қатысатын кәсіпорындар; ұлттық ұйымдар.Міндетті аудиттің жүргізілу себептері:міндетті аудиттің субъектілері халықтың ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Олар банктер, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қоры және де ашық акционерлік қоғамдар. Қарапайым халық бухгалтерлік есептілікті ұғынып оқуды, қаржылық көрсеткіштерді талдауды, дұрыс шешім қабылдауды білмейді. Аудитор бұндай экономикалық субъекттерге аудит жүргізу кезінде осы тексеріліп отырған ұйымдар мен оның қызметіне қызығушылық білдіретін қолданушылар арасында делдал ретінде қызмет атқарады;мемлекет аудитор ретінде сатумен айналысатын ұйымдардың қызметін ірі салық төлеуші ретінде бақылай отырып, олардың есептілігінің дұрыстығын тексереді.Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.Аудиторлық бағдарламалары кейде алдыңғы зерттеулердің нәтижелері, жүзеге асыратын қызметтің сипаттамасы, ағымдағы мақсаттар, кадрлық өзгерістер, заңдардың өзгеруі, басшылықтың саясатының өзгеруі, ерекше мүдденің аясы немесе жіңішке жолдар, тәуекелді бағалаудың нәтижелері сияқты факторларды есепке ала отырып модификацияланады. Аудиторлық тексеру кезіндегі аудиттің бағдарламаларын түзету мен өзгертудің қажеттілігі, әдетте, төмендегілерге байланысты болады:белгіленген нормативтердің сақталуын тексерудің нәтижелеріне егер олар күтіліп отырғандардан өзгеше болса;аудиторлық тексеру кезінде болған қызметтің сипаттамасындағы өзгерістерге;аудиторлық тексеру барысында туындаған, жоспарлау кезеңінде белгілі болмаған мәселелерге.Аудиторлық тексерудің процедуралары мен жоспары бойынша жұмысты бітірген соң аудитор аудиттің объектісін сипаттаушы негізгі сәттерді көрсететін және аудиттің жоспарын құжат түрінде дәлелдейтін аудиттің жоспарлануы туралы жазба дайындайды.Аудитті жүргізу аудиттің тобымен жүзеге асырылатын оның бағдарламасын орындауға келіп тіркеледі. Бағдарламаның ұстанымдары аудиторлар арасында олардың тәжирибесі мен мамандану дәрежесіне қарай бөлінеді.Бағдарламалар құжат ретінде рәсімделуі керек. Оларда аудиторлық тапсырманы орындау процесіндегі ақпаратты құжаттау мен бағалау, талдау, жинау процедураларын белгілеу керек. Аудиттің бағдарламасы ол орындалғанға дейін мақұлдануы қажет. Бағдарламаның кез-келген өзгерістері уақтылы бекітіліп отырулары керек.
  1. . ҚР аудиторлық қызметін нормативті реттеу. ҚР аудитін құқықтық жабдықтау.

Біздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы  Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң мемлекеттік органдар арасында, заңды және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі.

Екінші деңгейлі құжаттарға  Қазақстан Республикасының Аудит стандарттары (ҚР АС) және Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) жатады. 2000 жылдың наурыз айында өткен бесінші республикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасында  Қазақстан Республикасы аудитін Халықаралық аудит стандарттарына көшу туралы шешім қабылданды.

Үшінші деңгейлі құжаттарға әр аудиторлық фирманың жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтар негізінде өздері құрастырған ішкі стандарттары (ережелері) жатады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жалпы құқықтық құжаттар тізімі төмендегідей:

  1. Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың құрамы мен әдістемелік мазмұны. (ХАС 500)

Бесінші бөлімге «Аудиторлық дәлелдер» 500-599 стандарттары кіреді.

ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер – аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.

ХАС 501 «Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау». Құндылықтарды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есепшоттарын және талаптар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.

ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.

ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.

ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудитордың зерделеу мәселелері қарастырылады.

ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателікті экстрапоциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.

ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.

ХАС 550 Байланыстырылған талаптар. өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.

ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе есеп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.

ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күманданатын жағдай сипатталады.

Аудиторлық дәлелдемелердің қайнар көздері (сурет 1):

  • экономикалық субъект пен үшінші тұлғалардың бастапқы құжаттары;

  • экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп регисторлары;

  • экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері;

  • экономикалық субъект қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша айтулары;

  • экономикалық субъектінің құжаттарын басқа құжаттармен салыстыру, сонымен қатар экономикалық субъект құжаттарын үшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру;

  • экономикалық субъект қызметкерлерімен жүргізілген мүлікті түгендеу нәтижелері;

  • бухгалтерлік есептілік.

Аудитормен шаруашылық операцияларды зерттеу нәтижесінен алынған аудиторлық дәлелдемелер ең бағалы болып табылады.

Аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинағанда әртүрлі көздерді пайдаланса, аудиторлық тәуекелділік төмендейді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, егер әртүрлі көздерден алынған дәлелдемелер бір-біріне қайшы болса, аудитор қосымша процедураларды өткізуі тиіс.

Жоғарыда аталған көздерден алынған ақпараттар аудиторлық тексерудің міндеттерін орындауда ұйымға пайдалы болуы қажет. Сонымен бірге, олар аудиторлық тексеруде анықталған фактілерді растауы керек.

Аудиторлық дәлелдемелерді жинағанда аудитор келесі процедуралардың біреуін немесе бірнешеуін қолданады:

  • клиент құжаттарын қайта қарастыру;

  • эксперттік тексеру;

  • инспектрлеу;

  • түгендеу;

  • шаруашылық операциялар есебін жүргізу тәртібін тексеру;

  • растау;

  • бақылау;

  • қадағалау;

  • құжаттарды тексеру;

  • балама балансын құрастыру;

  • ауызша сұрау;

  • сканерлеу;

  • талдамалы процедуралар.

Барлық аудиторлық процедуралар келесі схема бойынша жасалады:

  • процедураның аты;

  • процедура жүргізудің мақсаты;

  • процедураны орындау үшін қажет құжаттардың (акпарат көздердің) тізімі;

  • процедураны жүргізген кезде анықталған бұзушылықтардың норматитвтік құжаттардың тізімі;

  • процедураны жүргізген кезде қолданылған анықтамалық (нормалар, нормативтер) ақпараттар;

  • процедура жүргізу схемасының сипаттамасы;

  • жүргізілген процедура нәтижелерінің ұсынылған түріне (бухгалтерлік проводка, талдамалық кесте және т.б.) сипаттама.

Жүргізілген аудиторлық процедуралар нәтижелеріне сенімі мыналарға байланысты:

  • талданатын есептілік баптарының маңыздылығына;

  • осы мақсаттарға бағытталған басқа процедуралардың нәтижелеріне;

  • талдамалы процедураларды орындағанда қолданылатын көрсеткіштер өзгерісінің көлемдеріне;

  • бухгалтерлік емес мәліметтерді қолдану.

Талдамалы процедуралар жүргізілген аудиторлық тексерудің сапасын артуға мүмкіндік береді:

  • аудитті жоспарлау этапында клиент қызметін түсінуге, аудиторлық тәуекелділікті неғұрлым нақты анықтауға көмектеседі;

  • тексеруді жүргізу этапында талдамалы процедуралар аудитормен бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерінің ауытқуларын анықтау және зерттеу үшін қолданылады;

  • аудитті аяқтау процесінде есептіліктегі бұрмалаушылықтарды анықтау үшін соңғы тексеруде қолданады, нәтижесінде қосымша аудиторлық процедураларды қажет ететін облыстар анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]