Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.

Қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.Аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек. Аудиттағы дәлелдеулер жинау – мақсатты түрде жүргізілетін процесс.Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:маңыздылқ; аудиторлық тәуекелділік; Қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.Қаржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер – активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады, Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бірі болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайда байланысты әртүрлі болады.Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды.Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе балансиың жекелеген баптары мен қаржылық есептемесінің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдеті және аудиторлық команда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.Кәсіби скептицизм аудиторлық дәлелдерді сын бағалау үшін маңызды болып табылады. Бұл шиеленіскен аудиторлық дәлелдер және құжаттардың сеніміділігі және анықтамаға берілген жауаптар және басшылықтан басшылыққа уәкілетті адамдардан алынған өзге ақпарат туралы зерттеулерді қамтиды. Оқиғалар мәнмәтіндегі алынған аудиторлық дәлелдер тиімділігін және жеткіліктілігін қамтитын болады; мысалға, алаяқтық тәуекелі бар болу жерінде және алаяқтыққа тартылған испаты бар жеке құжат жағдайында бұл елеулі қаржылық есептілік сомасы тек қана өзі қуаттайтын дәлел болып табылады.Аудитор, қаржылық есептіліктің маңызды бұрмалануына əкелуі мүмкін жағдайлардың болуын назарға ала отырып аудитті кəсіби скептицизмнің белгілі бір үлесімен жоспарлауы тиіс.200 ХАС бойынша қаржылық есептілік аудитін орындау кезінде, аудитордың жалпы мақсаттары мынадай: Яғни қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулардан бос болды ма, алаяқтық немесе қате болды ма, ақпараттың дұрысытығын растауды алу. Қолданылатын қаржылық есептілік жүйесіне сәйкес қаржылық есептілік дайындалды ма, сол бойынша аудторға пікірін құруға көмектеседі; жәнеҚаржылық есептілік бойынша есеп беру, және аудиторлық дәлелдермен сәйкес АХС стандарттары талап ететіндей хабардар ету. Қолданылатын қаржылық есептілік жүйесі – Субъекттің сипатына және қаржылық есептілік мақсатына қарай немесе заңнамамен немесе реттеушы актлермен талап етілетін болса қаржылық есептілікті дайындау кезінде басшылықпен және керек болғанда өкілеттік берілген адамдармен алынған қаржылық есептілік жүйесі.Қаржылық есептілік төмендегі мақсаттарға жетуге арналған қаржылық есептілік жүйесімен сәйкес дайындалуы тиіс:Жалпы сипаттағы ақпарат («жалпы сипаттағы қаржылық есептілік») қолданушылардың үлкен санын талап етеді; немесе Қаржылық есептілік арнайы қолданушыларды талап етеді («арнайы мақсатты қаржылық есептілік»).Байсалды сенімділік (Reasonable assurance) – қаржылық есептілік аудиті мәнмәтініндегі cапа бақылауы мəнмəтініндегі дұрыс сенімділік) – Жоғары, бірақ абсолютті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]