- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық есеп беру есеп жасалынады.Аудиторлық есеп беру– бұл барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және сот органдары үшін құқықтық статусы бар құжат. Аудиторлық ұйымдардың (аудитордың) есеп беруі Қазақстан Республикасының процессуалды заңнамасына сәйкес тағайындалған әкспертизаға теңестіріледі.Аудиторлық есеп беру- тағайындалған аудиторлардың компания немесе басқа ұйымның есептілігін тексеру туралы есеп беруі. Аудиторлық есеп берулер аудиторларды кім және қандай мақсатта тағайындағанына байланысты әртүрлі рәсімделе алады. Басқалары заңның түрлі талаптарын орындау үшін тағайындалса, кейбір аудиторлар ішкі аудитпен айналысады. Аудиторлық ұйым аудиторлық есеп беруді тек шаруашылық субъектіге келісілген данада және мерзімде табыс етуге міндетті.Аудиторлық есеп беру 3 бөлімнен тұрады:Кіріспе;Талдау; Қорытынды.Кіріспеде – аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен-жайы, телефон нөмірі, оны берген органнын атауы, күні;Лицензияны қолдану мерзімі; Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты-жөні;Өз бетімен қызмет көрсететін аудитор үшін аты-жөні аудитор болып істеген стажы, аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты, куәлігінің қолдану мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.Талдау бөлімінде – экономикалық субъектініңаты және қандай мерзімде тексеріс өткізіледі.
Қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керек есеп беруді толтыру және ішкі бақылау жағдайы;Бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есеп беруді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;Қорытынды бөлімде – экономикалық кәсіпорынның қаржылық есеп берудің нақтылығы беріледі.Аудиторлық есеп беруге шаруашылық субектісінің бухгалтерлік есептілігі қосымша ретінде болуы қажет.Тексеріс кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар кәсіпорынмен жойылмаса, қорытынды бөлімінде қаржылық есеп берудің нақтылығына баға берілмеу туралы көрсетіледі.Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық есеп беру;Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;Аудиторлық есеп беруден бас тарту;Теріс аудиторлық есеп беру.Аудиторлық есеп берудің әр парағына аудитордың қолы қойылады және жеке мөрімен расталады.Есеп беруге (актіге) аудит жасаушылар, басшысы және бас бухгалтер қол қояды.Басқарма мәжілісінде аудит кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, материалдық зиянды орнына келтіруге және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға байланысты кең көлемде қаулы қабылданады. Осы актінің негізінде аудиторлық есеп беру толтырылады.Аудиторлық есеп берудің құрылымы мынандай элементтерден тұрады: тақырыбы; адресат; кіріспе немесе баяндау тарауы; қаржылық есептілікке басшылық жауапкершілігі; аудитордың жауапкершілігі; аудитордың пікірі; есеп беру бойынша басқа жауапкершіліктер; аудитордың қол қоюы; аудиторлық есеп күні; аудитордың мекен-жайы.Аудиторлық есептің тəуелсіз аудитор есебі екенін растайтын тақырыбы болуы қажет. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.Аудиторлық есеп келісім шарттарына сəйкес адресатқа жіберілуі керек. Ұлттық заңдар мен нормативтік актілер осы заңнамалар шеңберіндегі жалпы қолданыстағы қаржылық есептілік кімге жолданатынын көрсетеді. Əдетте қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп акционерлерге немесе субъектінің басқару өкілеттіктері бар тұлғалар директорлар кеңесіне жіберіледі. Есеп қаржылық есептілік аудиттелетін акционерлерге немесе субъектінің директорлар кеңесіне жіберіледі.Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебіне қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, онымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті. Қаржылық қорытынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындап, басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама – қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылдады.Кіріспе тарауы қаржылық есептілік жүргізілген субъектіні көрсетеді. Сондай-ақ: қаржылық есептіліктің толық түріне кіретін əр қаржылық есептіліктің мазмұнынан; қаржылық есептіліктің маңызды баптарына сілтемеден; қаржылық есептілік мерзімі мен кезеңінен тұрады.Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті. Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді. Қаржылық қорытынды есеп дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігім пайдаланылатын контекс (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті. Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті. Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
