Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAyvn_audit_gos.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆
  1. Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынандай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады.Аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;Құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл, келісуші, реттемеленген және келісімшарттық;Қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;Толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы; әдістемелік тәсілдермен: есепшіліктік, тестілік, обьекті және циклдік бойынша; жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелері, перманенті, ретроспективтік және стратегиялық;қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;аудит жүргізілетін субьектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.Аудиторлық қызметтің түрлері операциондық аудит-мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде, кезеңдерінде оның өзіндік ерекшелігі болады. Қаржылық аудит мақсаты-қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дұрыстығын растау,міндеті-қаржылық есептемедегі шаруашылық операцияларының дұрыс көрініс табуын тексеру

  1. Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.

Заңмен талап етілетін сыртқы аудитті жүргізетін аудитор үшін кәсіпорындарда ішкі аудиттің атқаратын рөлін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық менеджмент қлзғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына құарамастан мүмкін болады. Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы-белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б сонымен қатар ерекшеліктері де бар: түрлі міндеттерді орындау; сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;күнделікті шаруашылық –қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі ,есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық. Ішкі аудит қызметі мақсаттарын субъект басшылығы мен, қажет болса, өкілетті тұлғалар белгілейді. Ішкі аудитор қызметі мен сыртқы аудитор қызметі бір-бірінен ерекшеленетін жағдайда, олардың мақсаттарына жетуге қатысты кей тәсілдері бір-біріне ұқсайды. 2Ішкі аудит қызметінің дербестігі, шыншылдығының деңгейіне қарамастан, қаржылық есептілікті пікір айту кезінде мұндай қызмет сыртқы аудитор жағдайымен салыстырғанда субъектке тәуелсіз болмайды. Сыртқы аудитор айтылған аудиторлық пікірге ерекше жауапкершілігі бар, және бұл жауапкершілікті сыртқы аудитордың ішкі аудиторлар жұмысын пайдалануын кемітпейді. Субъект сыртқы аудитордың шешімі бойынша аудитке тән болуы мүмкін ішкі аудит қызметі бар болса, сыртқы аудитордың мақсаттары мынадай: Ішкі аудитор қызметін пайдалану керектігі мен деңгейін анықтау; және Егер ішкі аудиторлар ерекше жұмысын пайдаланса, онда бұл жұмыс аудит үшін барабар болатын-болмайтынын шешу. Сыртқы аудитор мыналарды орындайды: (a) Ішкі аудиторлар жұмысы аудитке тән болады ма, жоқ па; және (b) Осындай болатын болса, сыртқы аудитордың шаралары сипатына, мерзімі немесе деңгейіне ішкі аудитордың жұмысы жоспарланған ықпалы.Ішкі аудиторлардың жұмысы аудитке тән болғандығын анықтау жағдайында сыртқы аудитор мыналарды орындайды: Ішкі аудит қызметі объективтігі;Ішкі аудиторлардың техникалық құзыреті; Ішкі аудиторлардың жұмысын кәсіптік қарастырумен орындауға мүмкіндік бар ма, жоқ па? және Ішкі аудиторлар мен сыртқы аудиторлар қатынастарының орын алуына мүмкіндік бар ма, жоқ па? Сыртқы аудиторлық шараллардың сипатына, мерзіміне, деңгейіне ішкі аудитордың жұмысы ықпалын анықтауда, сыртқы аудитор мыналарды орындайды: Ішкі аудиторлар орындайтын немесе орындауы тиіс ерекше жұмыстың сипаты, ауқымы; Әрекеттердің белгілі бір топтары, алғашқы сальдосы мен ашылымдар бойынша бекіту деңгейіндегі елеулі бұрмалаудың бағаланған тәуекелі; және Байланысты растауларды қолдау үшін ішкі аудиторлармен жинақталған аудиторлық дәлелді бағалауға қарай субъективтік бағалау.Қатынастары. Сыртқы аудитор мен ішкі аудитолардың қатынастары тиімді болады, егер ішкі аудиторлар сыртқы аудиторлармен ашық түрде байланыса алса, және:Отырысытар кезең барысында тиісті уақыт аралықтарында өткізіледі;Сыртқы аудитор кеңес алады және тиісті ішкі аудиторлардың есептерін көз жеткізеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]