- •Ішкі аудит жүйесінің ерекшелігі мен функциясы.
- •Аудиттің компонеттері,принциптері, коцепциялары мен постулаттары.
- •Қазақстандағы аудиттің қалыптасуы және дамуы. Қр-ң нарығындағы аудиторлық қызметтің қазіргі жағдайы.
- •Аудиттің, аудиторлық қызметтің түрлері.
- •Ішкі және сыртқы аудиттің шаруашылық жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыс.
- •Ішкі аудиттің түсінігі, мақсаты және ішкі аудит жұмысының бағалануы мен тестіленуі. Ішкі аудттің жұмысын қарастыру. ( хас 610)
- •Халықаралық аудит стандартының ( хас ) жіктелуі және олардың классификациясы.
- •Аудитордың міндеттері мен жауапкершілігі, құқығы, тәртібі. Кәсіби этика кодексі.
- •. Аудит мамандық ретінде. Кәсіби этика кодексі.
- •Шетелдегі аудиторлық қызметті реттеу тәжірибесі.Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
- •Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың мақсатын бекіту. Аудиторлық дәлелдеулер (хас 500)
- •Аудиторлық зерттеу жүргізудің әдістемелік ерекшелігі. Аудит жүргізуде қолданылатын құжаттарды бақылаудың әдістемесі және қабылдауды жіктеу. Құжаттардың сапалы түрде жіктелуі.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі (хас 330). Талдамалық орындау тәртібі (хас 520)
- •Қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын анықтайды.
- •Аудиторлық тәуекел.Тәуекелдің бұрмалануының болуы.
- •Аудиторлық тәуекелдердің негізгі компонеттері және олардың байланысы: бақылау тәуекелі.
- •Аудиторлық тексерудің таңдалған негізгі принциптері. Таңдау көлемін анықтау.
- •Аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны.
- •Аудиторлық тексерудің орындау тәртібі. Талдамалық орындау тәртібі .
- •Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(хас 240)
- •Аудитті жоспарлау үрдісі және аудитті жүргізу этаптары.
- •Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(хас 300)
- •Аудитті жүргізу шарты және клиентті аудитормен таныстыру.
- •Аудиторлық келісім шарты және аудит жөніндегі келісім хат.(хас 210) Аудит жүргізудегі келісім қорытындысы.
- •Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.
- •. Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.
- •Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(хас 700п)
- •Аудиторлық есеп беру нысандары( қорытынды). Тәуелсіз аудитордың есепті модификациялауы(қорытынды)(хас 701)
- •Аудитордың жұмысының сапасын бақылаудың негізгі принциптері және сапаны бақылау жүйесі.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
- •Аудитті құжаттау, жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты және анықтамасы.
- •Аудиторлық құжаттардың мінездемесі . Аудиторлық құжаттардың нысаны, түрлері, мазмұны және ауқымы.
- •2.2 Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар
- •Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде.
- •Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
- •Қаржылық есептілік аудитінің жалпы принциптері мен мақсаты.
- •Аудит мақсатының көзқарасы бойынша қаржылық есептілікті құрастыру мен ұсынудың талаптары.
- •Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
- •.Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі. Аудиторлық дәлелдеудің жеткіліктілігі. Аудиторлық дәлелдеуді алудағы аудиторлық тәртібінің реті.
- •Аудитті жоспарлау.(хас 300) Аудиторлық жоспарлау бағдарламасын және жалпы жоспарын құрастыру.
- •Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.
- •Аудитті жүргізу тәртібі және ұйымдастырылуы. Аудит кезеңдері.
- •Аудитке байланысты қызметтер. Байланысты қызметтердің қысқаша мінездемесі және белгіленуі.
- •Міндетті аудит. Міндетті аудиттің субьектілері, мазмұны
Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері.
Жоғарыда айтылғандай, қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады."Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында "аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек" деп көрсетілген. Аудиттағы дәлелдеулер жинау - мақсатты түрде жүргізілетін процесс.Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:маңыздылық;аудиторлық тәуекелдік;қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.Алдыңғы тауарларда осы тұжырымдамалардың жалпы түсінігі, олардың мәні, олардың аудитті жоспарлау кезінде қолданылуы берілді. Енді қаржылық есеп беру аудиті орындалу тұрғысынан қарастырылады.
Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылық есеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылық есеп беру белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:болуы (әрекет ету);құкықтар мен міндеттемелер;құбылыс;толықтық;бағалау;өлшеу (дәлдік);ұсыну және алу.Осы категориялардың сипаттамасы мен мәнін ашу 3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында берілген. Бұл жерде кәсіпорын әкімшілігінің дәлелдері бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне тікелей байланысты екенін атап өткіміз келеді. Бұл тұжырымдар әкімішлік шаруашылық операцияларды тіркеу және қаржылық есеп беруді ұсыну үшін пайдаланатын категориялардьщ бөлігі.Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міңдеті - басшылықтың каржылық есеп беру жөніңдегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.Аудит мақсатының мәні - аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды. Ол үшін оған аудитке белгілі бір жолдарды тандау қажет.Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады:сәйкестігін тексеру;ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кездерін);мән бойынша бақылау;талдамалық реттемелер.Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған.Сәйкестігін тексеру мақсаты -- елдегі нормативтік-құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің өңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;құжттар мен жазбаларды тексеру;лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.Ішкі бақылауға тест жүргізу (бақылау кездерін) ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор кателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды. Мұндай бақылау қателіктер мен нормалардан ауытқуы туындауы мүмкін, бірақ анықталмайды деген ықтималдылықты төмендететін нақты бақылау көздерін анықтауды қамтиды. Бұл процедураны бақылау тәуекелдігін бағалау деп атайды.Мән бойынша тексеру.Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операцияларының қажетті түрде мақұлданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа нөмірленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда ол Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.Мән бойынша тест жүргізу кезінде баланс үшін де, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру үшін де Бас кітаптың соңғы сальдосына басты назар аударылады. Осы тексерулер көлемі бақылау кездеріне тест жүргізу, мән бойынша операцияларды жүргізу кезінде алынған нәтижелерге байланысты болады.Мәні бойынша операцияларды тексеру талдамалық реттемелерге қарағанда қиын және қымбат.Мәні бойынша тестілер әдетте бүкіл жоспарлау процессінің ең күрделі бөлігі болады. Бүл елеулі дәрежедегі кәсіби пікірді қажет ететін субъективті процесс.
Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе баланстың жекелеген баптары мен қаржылық есептеменің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдету және аудиторлық комаңда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.Экономикалық ақпарат категориясы ретінде есепке алу ақпараты түрлері иерархиялық құрылымға ие жөне ол былай көрсетілген: реквизиттер (деректемелер), көрсеткіштер, құжаттар.Реквизиттер — ары қарай логикалық бөлуге жатпайтын қарапайым ақпараттық бірліктер. Олар объект, процесс, құбылыстардың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді және белгілі бір мағыналық мәнге ие.Реквизит былай бөлінеді: объект, процесс, құбылыстардың сандық жағын сипаттайтын реквизит-негіздері және суреттеліп отырған объект немесе процесстің (әрекет уақыты мен орны, орындаушылардың аты-жөні, жұмыс атауы және т.б) сапалық жағын сипаттайтын реквизит-белгілері. Мысалы, түскен материал саны — бұл реквизит-негіздері.Өңдеу кезінде реквизит-негіздерде арифметикалық операциялар, ал реквизит-белгілерде логакалық операциялар (топтау, сортгау және т.б) Жеке алынған реквизит-белгілерде экономикалық мағына болмайды. Сондықтан олар тіркестіріле қолданылады. Олардан күрделірек ақпараттық конструкция — ақпараттық кұрамдас бірліктері жасалады.Көрсеткіш — бұл бір реквизит-негіздер және бір немесе бірнеше реквизит-белгілерді қамтитын ақпараттың кұрамдас бөлігі болады. Басқа жағынан, бұл ақпаратқа толы және құжат құруға қабілетті ақпараттың минималды кұрамдас бөлігі. Мысалы, кез келген бір жолдық құжат бір көрсеткішті қамтиды. Бірақ құжаттарға бірнеше көрсеткіштер де енуі мүмкін. Сонымен бірге кез келген құжатта жазылған ақпарат жауапты адамның нұсқауы болады.Ақпарат арнайы жасалған әдістеме бойынша сандық және сапалық деңгейлерде бағалануы мұмкін. Мұндай бағалау ақпаратты және сапалық технологиясын сақтауды ұйымдастыру кезінде аса маңызды.
