- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
«Идентификация» термині – латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-теңдікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.
«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:
идентификация – адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
идентификация – танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;
идентификация – теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.
«Идентификация» термині – көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.
Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.
Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик – химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог – минералдың, физик – физикалық процестердің табиғатын анықтайды.
Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.
Теңдестіру заңдылығына сәйкес – адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасында көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әртүрлі объектілерді теңдестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әртүрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырады.
Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.
Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез-келген логикалық теңдестіру механизмі біреу-ақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру процедурасы қарапайым болып табылады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз. Қарапайым теңдестірулер негізінен көріністі, бейнені – көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, қазіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зооло-гияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.
Аналитикалық, органикалық және басқа да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).
Геология, минералогияға байланысты табылған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.
Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әртүрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым – археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.
Л.Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентифи-кация дегеніміз – бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.
Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласындағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С.М. Потапов, В.Я. Колдин, В.С. Митричев, Л.Н. Мороз, М.Я. Сегай, Н.В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.
Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентифика-цияның түрі мен объектілеріне қатысты әртүрлі көзқарастағы өз ой-пікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.
Біздің қазақстандық криминалист Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сезіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер бөлігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезінде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.
Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалық идентификация мынандай жағдайларда орын алады:
«а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өңделіп жетілдірілген жағдайларда;
ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінің жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);
б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;
в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашы-лықтар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процесуалдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» – деп көрсеткен. Ал В.С. Митричевтің көзқарасы бойынша: «дәлелдеу аясында жүзеге асырылатын идентификация» соттық деп аталуы қажет. Соттық идентифика-цияның логикалық идентификациядан ажырататын ерекшелігі – субъектілер мен объектілерге байланысты. Криминалистикалық идентификацияны соттық идентификация шеңберінде қарастыру керек. Соттық идентификацияға – сот-медицина, психиатрия, биология, токсикология саласындағы салыстырмалы зерттеулер жатады. Криминалистикалық идентификацияға тек криминалистік-сараптама шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді жатқызу қажет.
