- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде – эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.
Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.
а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру.
Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиғаны, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұқият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады.
Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар түрінде – қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттарды – қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі.
Ұқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі таңдайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін.
Айталық, эксперимент кезінде нақты оқиғаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайының, жарықтың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объектінің қашықтығының және оның сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жәйттердің (мысалы, автокөліктің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақтығы айрықша мәнге ие бола алады. Ұқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нақ сондай уақытта қол жеткізуге болады. Мұндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас қатырудың қажеті жоқ, себебі ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында болуы керек, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мұндай әдіс эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада қабылдап алу мақсатын көздейді.
Жағдайды, оқиға болған жерді тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін бұрынғы қалпына келтіру жолымен де ұқсастыруға болады.
Тергеу эксперименті кезінде бұрыңғы жағдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жасау. Мұндай жағдайда кейде өте күрделі реконструкциялық жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүргізілетін дайыңдық жұмыстардың күрделігі тергеу экспериментін өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне және эксперимент үстінде шешілетін сұрақтардың ерекшелігіне байланысты.
Тергеу экспериментінің түрі мен мақсатына сәйкес жағдайды байырғы қалпына келтірудің:
жағдайды алғашқы қалпына келтіру (заттарды қылмыс жасалған кезде тұрған күйінде қою);
бұрынғыларының орнына пайдаланылатын заттарды қалпына келтіру (қылмыскердің қаруларының үлгілері, өрт қоятын құралдар т.б.);
жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе заттық айғақтардың орнына жүретін заттарды (қаруды) іріктеу сияқты түрлері бар.
Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің басқа да түрлері кездеседі. Айталық, участікті алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңқыр жасау, я қазылып қойған шұңқырға топырақ салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталған қабырғаны қайта көтеру т. б.).
Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездейсоқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимылдарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ойластырылған, полиция қызметкерлерінің өздері жүргізетін (мысалы, көлік апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады.
Жағдайды қалпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы қалпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бұл жөніндегі деректер оқиға болған жерді және жекелеген заттарды тексеріп, оны хаттамаға бекіту кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, схемалардан, жерге орналастыру жоспарларынан, ғимарат-тың әр қатарының жоспарынан және басқа да құжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген заттардың байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анықталып, нақтылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа құжаттарда келтірілген деректерді мұқият салыстырып, ондағы кездескен қарама-қайшылықтардың анық-қанығына мұқият көз жеткізу керек. Шытырман жәйттерге кездескен кезде тергеушінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот-дәрігеріне, өрттен сақтандырушыға, құрылыс инже-неріне, т.б.) жүгінгені жөн. Ал егер қалпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, қайсыбір құрал-жабдықтарды пайдалану қажет болса, тергеуші мұндай қажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, арнайы қаулы шығаруы тиіс.
ә) Тергеу экспериментіне қатысушылар.
Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне қатысу-шылардың екі түрі қарастырылған – міндеттелетін және міндеттелмейтін қаты-сушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар – тергеушілер. Тергеуші экспериментті әзірлейді, тәжірибелі іс-қимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайтадан өткізу қажеттігін анықтайды, экспериментті өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел қызметінің қызметкері бөлінуі мүмкін.
Экспериментке айыпталушы, сезікті, куәлар, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей-ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуына болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқ па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-қимылды өзгерту немесе басқалай әзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде қатыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәлар мен жәбірленушілерге қатысты мәселе де осылай шешіледі.
Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім қабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда, іс-қимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобей-нелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді.
б) Керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.
Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге қандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу құралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір қосалқы құралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алуы керек.
Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы тиіс. Ол жоспарда тәжірибенің өткізілетін жері мен уақыты, қатысушылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы нақтыланып керсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келгеннен кейін тергеуші қылмыс жасалған уақыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт аралығында жағдайға қайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттамада көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жәйттер мен қылмыс жасалған кездегі жәйттердің сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді.
Экспериментке қатысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы қажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушы-лардың өзара үйлесімді қызметінің әдіс-тәсілдері айқындалады.
Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай дәлелдемелердің немесе олардың орнын алмастыратын заттардың жеткіліктілігі, сақталуы мен тәжірибеге жарамды-лығы тексеріледі. Экспериментке қатысушылардың барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге жария болмауы мұқият ескертіледі.
Тергеу экспериментін жүргізукезеңдегіжағдайды қалпына келтіру, оның шарттары мен мүмкіндіктері. Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын өз орындарына орналастырады. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады.
Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бақылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақтың дұрыс жүргізілуін басқарып отырады. Егер тәжірибе барысында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орындалмаса, не басқаша орындалса (мысалы қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені тоқтатады, оны басынан бастап қайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенің қорытындысы тұжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырады.
Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық нұсқау, ұсыныстар да бар. Атап айтсақ:
1) Тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:
а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі қажет;
ә) эксперимент егер мүмкікшілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс, ал егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек;
2) Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Қайталау кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады.
Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет қайталануы керек.
Тәжірибені қайталап өткізу деген түсінікті – экспериментті қайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер эксперимент дұрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу заңдылығына қайшы жағдайда ол қайта жүргізіледі. Мұны да тергеу әрекетінің қайта өткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің қайталануы -ол бір тергеу әрекетінің шеңберінде оның кейбір элементінің қайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезеңге бөлініп өткізілуі тиіс және бірнеше бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, қабылдануы керек. Бұл тәжірибені толық көруге мүмкіншілік береді.
Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен, хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің қашан, қандай мақсатта, қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды қалай пайдалан-ғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс.
Тәжірибе фотосуреттермен немесе бейнежазбалармен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнежазбасына түсіргенде де осы тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда мынандай шарттар мұқият сақталуы тиіс:
а) жалпы жағдайды, қалпына келтіру процесі мен оның нәтижесін тәжірибе жасағанға дейін назарға тоқып алу керек;
ә) жалпы әрекеттен оның әр бөлшегіне көшуге дейінгі іс үшін мәні бар әр тәжірибені есте ұстау қажет;
б) бейнежазбаны шығарғаннан кейін оны тергеу эксперименті хаттамасының мазмұнына сәйкес құрастырған жөн.
Бейнежазбалар, әрине экспериментті хаттамалаумен алмастыра алмайды, тек оны толықтыра түсуге ғана қызмет етеді.
Қажеттілігіне байланысты тергеуші эксперимент өткізілетін жердің схемалық жоспарын жасайды, онда жекелеген заттардың, экспериментке қатысушылардың орналасу жағдайын, олардың қозғалу бағытын, басқа да сәттерді көрсетеді.
Міне, осындай жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана тергеу экспериментінің қорытындысын, осы бойынша алынған дәлелдемелер бағаланады. Тергеу экспериментінің нәтижесін бағалағанда, біріншіден, ең маңызды да шебер жүргізілген әрекеттерге, ол әрекеттердің анықтығына; екіншіден, тексерілетін фактілерге қатысты жүргізілген эксперимент, басқа да заттай дәлелдемелер негізінде жасалған тұжырымдарға, тергеушінің болжауына айрықша назар аудару керек.
Эксперименттің жағдайы мен оның қалпына келтірілуі ақиқатқа сәйкес, тәжірибе бірнеше рет қайталанғанда оның нәтижелері бірдей болған, әрекет кезінде ешқандай кездейсоқтыққа жол берілмегеніне көз жеткізілген жағдайда ғана шебер әрекет ақиқат оқиға ретінде бағаланады.
Бірнеше рет қайталағанда нәтижесі бір-біріне сәйкес келмесе, ондай тәжірибені ақиқат оқиға ретінде бағалауға болмайды.
Егер тәжірибе қылмыстың қалай жасалғанына көз жеткізетіндей нәтиже көрсетсе, оны бұлтартпайтын ақиқат ретінде емес, тек тексерілген фактінің шындығын анықтауға ықпал ететін, ақиқаттығы мүмкін болжау ретінде ғана қабылдау керек. Айталық, қылмыскердің терезеден түсуін айғақтайтын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақиқат факт емес, өйткені басқа да ақиқат фактілер болуы әбден мүмкін.
Егер қылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен расталса, ондай тұжырым бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады. Ал, керісінше, қалдырылған ізді анықтау жолы эксперимент кезінде сезік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың басқа жолын іздестіреді. Сезік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде қабылданады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні мен мақсаттарына тоқтал?
Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері дегеніміз не?
Тергеу экспериментін жүргізу кезеңдегі жағдайды қалпына келтіру, оның шарттары мен мүмкіндіктеріне тоқтал?
Негізгі әдебиеттер: 5 (50-79), 6 (76-85), 7 (87-111), 4 (65-81)
Қосымша әдебиеттер: 7 (3-35), 10 (115-119), 11 (215-217)
№ 13 дәріс. Тақырып: Тінту және затты алу тактикасы.
Тақырып мақсаты: Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі – тінтудің маңыздылығын ашу.
Түйін сөздер: із, ойлау, тепе-теңдік, теңестіру, сана, таным, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер.
Дәріс жоспары:
Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
