- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері. Адамдардың кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сыртқы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жағдайда көргені жөнінде асықпай жауап алу қажет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне ұқсас, кем дегенде екі адамның арасында, қалаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін көрсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп қоймайтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем дегенде екі адамның арасынан өзі қалаған орын алғаннан соң, танушы адамды кіргізіп: "Алдыңызда тұрған адамдардың ішінен кімді танисыз? Қандай нақты белгілері бойынша ол кісіні танитыныңызды түсіндіріңіз және қандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?" деп тергеуші ұсыныс жасайды.
Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған қылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда қалай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінің қандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уақыт өткеннен кейін көрсетілген адамның сыртқы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан көрсетілген адамды танығанмен оның бейнесінде қандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толық айтып беруі тиіс.
Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамның өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамның бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында қалған белгілерді, көріп тұрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша салыстырады.
Бұл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада – екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялық белгілер, ал екіншісін функционалдық не динамикалық, белгілер дейді.
Анатомиялық (статикалық) белгілерге адамның бойы, дене құрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің басқа ерекшеліктері жатады (басы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, иығы, қол, аяғы, т.б.).
Функционалдық (динамикалық) белгілерге – дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяқ алысы және басқа да дене қимылының ерекшеліктері жатады.
Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен қатар кейде қосымша белгі есебінде оның киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт қоюы, тағы басқа да жалпы бейнедегі барлық ерекшеліктері пайдаланылады. Тану үшін көрсету жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде танушыға өте қиынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада қолданылатын әдісті – "ауызша суреттеу" әдісін қолдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейнелеу. Мысалы, бойы – биік, орташа, аласа бойлы; басы – үлкен, кіші; шашы – қою, сирек, қара, жирен; беті – жалпақ, сопақ; маңдайы – биік, кең маңдайлы, шот маңдай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі. Кісі тануда әр адамға тән, қалыптасқан дене қимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауысы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, жүрісі, аяқ алыс ерекшеліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тану үшін көрсетуге болады. Бірақ бұл динамикалық белгілерді өте оңай өзгертуге болатындықтан, мұндай көрсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, жүрісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл белгілер, әдетте, анатомиялық белгілермен қоса көрсетіліп, пайдаланылады.
Мәйіттің жеке басын анықтау. Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жұмысы жүргізіліп, мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны " мәйітті әрлеу" дейді). Тануға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуировка) денедегі тыртық, басқа ерекше белгілері көрсетіледі. Танушы өлген адамның туысқаны, жолдасы, не басқа да таныс адамдары болуы мүмкін. Сондықтан мәйітті көріп, тану олардың көңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай тану үшін көрсетер алдында сот сарапшысына мәйітті белгілі бір қалыпқа келтіруге ұсыныс жасалады. Тергеу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын біреу өлтіріп кетті ме деп күдіктенген тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйіт көрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы жөнінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады. Мәйітті тану үшін көрсету тергеу әрекеті заңды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене кұрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықталып, хаттамаға жазылады.
Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тергеу барысында, тінту жүргізілгенде, не сезікті адамды ұстағанда алынған заттарды жәбірленушіге, не куәге көрсету қажет болады. Мұндай жағдайда тергеуші осы адамдардан ұрланған заттардың белгілері туралы алдын ала жауап алып, анықтап сұрайды. Егер жауап беруші куә болса, одан ол затты қандай жағдайда көргені де сұралады. Тануға көрсету үшін бұл зат сол тектес басқа затгардың арасында танушыға көрсетіледі, егер ол көрсетілген затты таныса, оны нақты қандай белгілері бойынша танығандығы сұралып, анықталады. Кей жағдайда тану кезінде заттарды танушы адамның белгілі бір жағдайларға, не себептерге байланысты қате жауап беруі де мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Мысалы: танушы адам білімінің төмендігінен, көрсетілген киімнің қандай материалдан тігілгенін, оның бояуын немесе үлгісін дәл анықтап, айтып бере алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда алдын ала жүргізілген тергеу әрекеті негізінде алынған жауапты затты тану үшін көрсету кезіндегі жауаппен салыстырып, олардың бір-біріне сәйкес, не қайшы келетін жерлерін анықтау керек. Содан соң осы сәйкестік немесе қайшылыққа орай тиісті мамандарды шақырып, ақылдасқан жөн, ал заттарды танушы адамнан қайта жауап алып, одан алғашқы жауабында жіберген қатесінің себебін анықтап, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу қажет. Тәжірибеде басқа да жәйттер кездеседі. Танушы адам затты тану үшін көрсету кезінде алғашқы берген жауабында айтылмаған ерекше белгілерді келтіруі мүмкін. Мұндайда ол мұны алғашқыда неге келтірмегенін дәлелдеп, негіздеуі тиіс.
Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері. Кейбір қылмыстарды тергегенде пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайда бір жер учаскесін көрсетуге тура келеді. Осындай объектілерді көрсету арқылы қылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталық, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірақ пәтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және басқа ойында қалған белгілер бойынша қылмыстың осы пәтерде жасалғанын танып біле алады. Мұндай жағдайда оған осы пәтерге ұқсас тағы екі пәтер бірге көрсетіліп, жәбірленушінің айтқаны тексеріледі. Жеке жер учаскесі де осындай әдіспен көрсетілуі арқылы қылмыстың қай жерде болғандығы анықталады. Әдетте, пәтер мен жер ең соңында көрсетіледі. Мысалы, әуелі қылмыс болды-ау деген жер мен пәтер емес, осыған ұқсас пәтер мен жер көрсетіледі. Қорытындысын танушы адам ақырында бәрін көріп біткеннен соң айтуы тиіс.
Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері. Әр малдың өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан малдың ұрланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілерін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде малдың өзімен бірге оның мүшелері – басы, сирағы, тұяғы, терісі, т.б. пайдаланылады. Тергеу әрекетінің бұл түрін қолданғанда да жалпы заңдылық қатаң сақталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сыртқы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдың тұқымын, жасын дәл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал дәрігерлері де шақырылады. Мұндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәлер, жәбірленушілер, сезіктілер де болуы мүмкін. Сондықтан ұрланған малдың белгілері туралы бұрын жауап алынбаған адамдардың дәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ, көрсету кезінде малдың көруші адамға байқатқан мейірім райының мәні үлкен болғанмен, ол да айғақ ретінде пайдаланылмайды. Ұрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, оның мінезін, табиғатын жақсы біледі. Одан күткендегідей жауап ала алуы үшін тергеушінің де мал шаруашылығынан белгілі бір дәрежеде білімі болуы тиіс. Өйткені жауап мал шаруашылығында қалыптасқан, малдың дене мүшелерінің орналасуының, дамуының ғылыми жүйесіне негізделіп алынады. Ең алдымен: малдың тұлғасы, тұқымы, жасы т.б. басты белгілері сипатталады. Содан соң жеке белгілері – басы, көзі, құлағы, тісі, кеудесі, т.б. бейнеленеді. Одан әрі ерекше белгілері – салынған ендері, жарақаттан қалған тыртықтары, т.б. көрсетіледі. Сондай-ақ, ұрланған малдың иесіне кездескен кезде байқататын мінез-қылықтарының да маңызы зор. Тергеуші мұның бәрін де назардан тыс қалдырмауы тиіс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Тану үшін ұсыну түсінігіне тоқтал?
Талу үшін ұсынудың мақсаты дегеніміз не?
Талу үшін ұсынудың түрлерірне тоқтал?
Тану үшін ұсынуды жүргізу туралы шешім қабылдау?
Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны?
Негізгі әдебиеттер: 5 (50-79), 6 (76-85), 8 (87-111), 4 (65-81)
Қосымша әдебиеттер: 7 (3-35), 10 (115-119), 11 (215-217)
№ 16 дәріс.Тақырып: Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері.
Тақырып мақсаты: Криминалистикалық әдістемені криминалистикада алатын орнын анықтау
Түйін сөздер: идентификация, диагностика, ойлау, тепе-теңдік, теңестіру, сана, таным, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер.
Дәріс жоспары:
Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
