Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆
  1. Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.

Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде – қайшы-лықтардың болу мүмкіндігін анықтау мақсатында құжаттардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде – оның қандай да бір өзгерістерге ұшыра-ғандығы анықталады.

Құжаттың мазмұнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылықтар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру қажет.

Бухгалтерлік құжаттарды қарау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондағы сандық мәліметтерге арифметикалық тексеріс жүргізу қажет.

Құжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде – берілген мезгіліне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда құжаттарды беру орныменен салыстыру қажет.

Құжаттың мазмұнын мұқият талдау арқылы құжатта берілген және көпші-лікке танымал фактілер арасында, сондай-ақ істің нақты жағдайларындағы қайшылықтар анықталуы мүмкін.

Құжаттың мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдық және материал-дық жалғандық анықталады. Құжаттағы материалдық жалғандықты, құжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куәландыратын белгілерді анықтау үшін тергеуші қолда бар барлық техникалық құралдарды (лупаларды, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің көздерін өлшеу құралдарын, жарықфильтрлерді, электрооптикалық құралдарды) пайдаланғаны жөн.

Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарық арқылы зерттелінеді.

Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардың арасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік мөр-бедерлік шеберханада дайындалған мөр мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің арақашықтығы бірдей, ал дөңгелек мөрді бойлаған осьтер шеңбер радиусы бойынша орналасады. Құжаттарды қарау жағдайлары мен нәтижелері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес хаттамада: құжаттың атауы, оның нөмері, берілген күні, кімнің атына берілгендігі, құжаттың өлшемдері, оның жиектерінің (шеттерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің болуы, құжатты дайындауға қолданған материалдардың түрлері (қағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттардың түсі), транскрипцияның, қолтаңбалардың және мөр мен мөртаңбалардың орналасуы, қарау кезінде анықталған жалғандық белгілер сипатталып жазылады.

Хаттамада қарау кезінде қолданылған техникалық құрал-жабдықтар, оларды қолдану шарттары мен тәртібі, техникалық құралдар қолданылған объектілер көрсетіледі. Қарау барысында табылған құжат және құжаттың белгілері фотосурет әдістерімен де бекітілуі мүмкін.

Тергеушіге құжаттарды қарау, бекіту және алу кезінде, әсіресе, электрогра-фиялық көшірмелерді, құжаттық емес сипаттағы компьютермен теріліп принтерде басылған құжаттарды, ерекше жағдайларда мөртаңбалары басылған құжаттарды т.б. қарау кезінде мамандар үлкен көмек көрсетеді.