Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆
  1. Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.

Оқиға болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу үшін: а) атыс қарулары шын мәнінде қолданылған ба? ә) қандай қару және оқ -дәрілер қолданылған? б) қандай объектілерде ату іздері бар? в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы қандай? г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде ықтималды тұрған жері? д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма? е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол құлау, бір нәрсеге соғылу нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды анықтап алу қажет.

Қаруды қарау, бекіту және алу. Оқиға болған жерде табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:

  • қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері (тері, мый және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бүдір жерінен немесе шетінен, болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;

  • қарудың оқпанын өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға қаратып ұстауға болмайды, оны жоғары қаратып ұстау қажет;

  • қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмай-ды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектерді жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек.

  • міндетті түрде қарудан оқты алып тастау қажет;

  • қару оқпанын ешқандай затқа тақауға болмайды;

  • шаппалы күршекке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;

  • қаруды құлатуға болмайды.

Қару табылған жағдайда, ең алдымен түйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақталына отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың түрі мен оның табылған жері ғана емес, сонымен қатар оның жеке бөлшектерінің: оқпан, серіппе (курок), бекітпе (затвор) және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін табу мақсатында қоршаған ортадағы барлық объектілердің – еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жылжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.

Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қойып тексеру қажет. Хатта-мада қандай да бір бөгде объектілердің (қол, шаш, мый, тері бөліктері және т.б. іздерінің) табылған жерлері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынып буылып-түйіледі. Қарудан магазині ажыратылады, ал патрон салғыштан патрондар алынады. Хаттамада магазин ішіндегі қалған патрондардың саны мен олардың маркілік және т.б. белгілері бекітіледі. Аңшы мылтықтарынан оның оқпаны ажыратылады. Бұл тәртіп ережелері револьверді буып-түйю кезінде қолданылмайды. Өйткені олардың каморалары атылған гильзалардан да, патрондардан да ажыратылмайды. Себебі олардың каморалардан атылған гильзалар да, патрондар да шықпайды. Маркілік белгілері бойынша хаттамада қандай камора (немесе патрон) оқпанға қарсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы гильзалар мен патрондардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке құрылымдық (конструкциялық) ерекшеліктері анықталады.

Қылмыскерлер қарудың оқпанына, әсіресе аңшы мылтығының оқпанына тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашқы кезде сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ең соңғы атылған оқтардың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудың атылу мерізімі жөніндегі сұрақтарды анықтау қажет болған жағдайларда оны тазартуға, сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрақтарды шешу мақсатында қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы қажет. Қарудың мерзімін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі олар қару табылған алғашқы 5 тәулігі ғана – бұл сұрақтарды дұрыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады.

  1. Қару және олардың іздерін табу, қарау, бекіту, және алу. Сонымен, оқиға болған жерде табылған атыс құралына қарау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:

  • қарудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы қай тұсқа қарай бағытталған;

  • зауыттық немесе қолдан жасалған ба;

  • моделі, калибрі мен нөмері;

  • металының және басқа да сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұтқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па;

  • механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппенің);

  • магазиндегі, патрон салғышта патронның бар-жоғы және саны;

  • оқпан ойығының бағыты мен саны;

  • оқпан ұңғысының күй-жайы (май жағылу, күйік, коррозия, металдың мүжілген жері,);

  • оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және басқа да бөгде зат іздерінің болуы (қан, мый бөлшектері, құм және т.б.).

Оқиға болған жерді қарау кезінде атыс қаруының зақымдалған жерлерін зерттеу – оның атылуы жағдайы бойынша құрылған болжауларды ары қарай жүзеге асыруға және басқа да заттай дәлелдемелерді іздестіруге мүмкіндіктер туғызады.

Қаралып отырған қарудың моделін анықтау үшін негізгі көңілді – оның зақымдану сипатына (оқтың, бытыраның ойылып қалған, шаншылып қалған жерлеріне), порох-түйірінің формасына және ыстың, күйенің бөлініп шыққан жерлеріне, егер болған жағдайда «штанцмарканың» формасына бөлу керек.

Ату ара қашықтығы – крест тәріздес жыртылыстардың болуына (болмауына); бытыралардың зақымдалу мөлшеріне, сонымен қатар атудың қосымша іздері, басқа да құрамдас бөліктерінің бар немесе жоқтығына байланысты белгіленеді. Атудың қосымша іздері жақын емес ара қашықтықтағы тосқауылдардан да кездесуі мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Оқ бірінші тосқауылды тесіп өткен кезде өзімен бірге басқа да қосымша іздерді қоса ала кетеді, сөйтіп барып кездесетін екінші тосқауылға тиеді. Сондықтан да бұл бірінші тосқауыл ма, жоқ па соны анықтап алу керек.

Атудың бағыты келесідей материалдың: оқ каналдарына, оқтың тесіп кірген және шыққан саңылауларын біріктіретін сызықтарға, сондай -ақ бір рет атудан екі объектінің қатар зақымдануына байланысты анықталады. Белгіленген бағыт бойынша жүре отырып оқты алыс емес жерден атқан адамның ату кезіндегі тұрған орнын анықтауға болады.

Оқтың бағытын анықтау үшін арнайы құрал-жабдықтар қолданылуы мүмкін. Барынша оңай тәсілдер де бар, мысалы: қағаз түтікшелерінің көмегімен бақылау әдісін (визирлеу) жасауға болады.

Мәйіттегі атыс қаруынан қалған жарақаттарды қарау кезінде мәйіттің денесі мұқият қаралады. Денесі мен киіміндегі жарақаттардың орналасуына және олардың формасына, жарақаттың жиектеріне, қатпарлану аймақтарына аса көңіл бөліп қарау қажет. Сонымен қатар, оқтан түскен жарақат жәбірленушінің киімінен табылса, саңылаудың жиегіндегі мата жіптерінің ұзындығына, ал жарақат жәбірленушінің денесінде болса, онда жарақат жиегінің терісіне көңіл аудару керек. Міндетті түрде мәйіттің киіміндегі, денесіндегі, оның айналасындағы қан дақтарына аса көңіл бөлінуі тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігіне, обьектілері мен мағынасына тоқтал?

  2. Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімін айт?

  3. Негізгі және қосымша атыс іздері дегеніміз не?

  4. Қару және олардың іздерін табу, қарау, бекіту, және алуға тоқиал?

Негізгі әдебиеттер: 13 (27-39), 2 (36-45), 14 (27-36), 4 (31-43)

Қосымша әдебиеттер: 6 (40-65)

№ 7 дәріс. Тақырып: Құжаттарды криминалистикалық зерттеу

Тақырып мақсаты: Құжаттардың криминалистикалық зерттеудің объектісі ретіндегі маңыздылығын ашып, талқылау

Түйін сөздер: қолтаңба, тану, ойлау, дәлелдемелер, сезікті, айыпкер, жәбірленуші, куә, тергеу, қолжазбатану.

Дәріс жоспары:

  1. Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.

  2. Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.

  3. Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.

  4. Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.