- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
Алынып отырған объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты – тіркеу: «жедел-анықтамалық, жедел-іздестірудегі» - деп бөлінеді. Осы түрлердің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.
Жедел-анықтамалық тіркеуге – адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру арқылы қабылдап бекітуді жатқызамыз. Мысалы, бейне және дыбысжазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, қай заводта дайындалғандығы көрсетілген нөмірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бұйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жедел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің ақпараттық белгілерін арнайы зерттеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалистикалық тіркеуді қоспағанда).
Жедел-іздестірудегі кейбір тіркеу объектілері әртүрлі категориядағы заттар мен тұлғаларды іздестіру мәселесін арнайы қамтамасыз ету мақсатындағы криминалистикалық тіркеуге де қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер қылмысты тергеу мен ашуға ерекше қызмет көрсетеді. Бұл жерде тергеуден және соттан бой тасалап жүрген тұлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйіттер; нөмірленген заттар және т.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда көрсетілген әртүрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің бір бөлігін криминалистикалық, ал бір бөлігін жедел-анықтамалық тіркеуге жатқызамыз.
Анықтамалық-көмекші тіркеуге: қылмыстық оқиға мен тергеуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп қабылдау арқылы, болмаса арнайы зерттеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптамалық мекемелерде жүргізіледі.
Әкімшілік деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймақтық және орталық (центральный) болып бөлінеді.
Жергілікті тіркеуді – Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдерінің криминалистикалық бөлімшелері жүргізеді.
Аймақтық тіркеуді – қалалық және облыстық ішкі істер бөлімдерінің криминалистикалық бөлімшелері және құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады.
Орталық тіркеуді – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталықтандырылған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді қамтамасыз етеді.
3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
Криминалистикалық тіркеудің түрлері. Криминалистикалық тіркеуге келесідей объектілер алынады: белгісіз қылмыскерлер – жазадан бас тартып тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген; қамауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; қылмыс жасаған, бірақ қоғамдық ықпал немесе жағдайдың өзгеруі бойынша шаралар қолдануға байланысты қылмыстық жазадан босатылған тұлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі науқас адамдар; танылмаған мәйіттер, қылмыс салдарынан және аяқ асты қайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс қарулары; ашылмаған қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарақтар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; ұрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ ұсталған тұлғалардан алынған заттар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппараттар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); анықталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; баспаханалық әдіспен, компьютерлік және басқа да көбейткіш құралдарымен жасалған жалған құжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жасалған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған құжаттар; оқиға болған жерден алынған иіс іздері; ұрланған және іздестірудегі, болмаса қылмыскерлерден алынған, сондай-ақ қаңғып жүрген малдар; ашылмаған қылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған қол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен қарулардың іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай қалған қылмыстарды жасау әдістері және басқалары.
Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудің негізгі әдістеріне – ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау кіреді. Соңғысы тіркелетін тұлғалардың қол саусақтарының бедер іздерін алу арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін қолданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.
Қазіргі кезде қылмыстық тіркеуге электронды-анықтауыш техникалары да қолданылады. Оны пайдалану кезінде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютерге енгізіледі.
Тіркеу бойынша тексеру кезінде мынандай мән-жайлар анықталады. Крими-налистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:
а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, оның жеке басын (тұрғылықты мекен-жайы, бұрын сотталғандығын, қылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі қысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, қайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін ұсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, басқа да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;
ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, бірақ ашылмаған қылмыс ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; сезікті туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
б) атыс қаруы кімнің атынан тіркелген; ол ұрланған емес пе; қылмысты жасау кезінде пайдаланылған жоқ па;
в) бұл қарудан атылған оқ және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жоқ па; олар қашан, қайдан және кімнен алынды;
г) осы адаммен қалдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жоқ па; бұл адам туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жоқ па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сыртқы бейнесі ұқсас;
е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
ж) автомотокөлік құралының нақты иесі кім; автокөлік иесіз емес пе; автокөлік қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма;
з) ұрланған ретінде көлік құралының техникалық құжаты тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса ол кімнің атында тіркеуде тұр, ұрлануы туралы қандай мән-жайлар бар;
и) жүргізуші қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, ол әкімшілік жауаптылыққа тартылған жоқ па;
к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; бұл куәліктің иесі іздестірілуде ме;
л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі заттарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жоқ па; құжаттарды жасайтын нақты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;
м) белгілі бір нөмірленген зат немесе оның бөлшегі (бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокөлік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы қандайда бір мәліметтер бар ма;
н) қандай да бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анықталмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; қандай да бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар–ошарсыз кеткендер қатарында тіркеуде тұрған жоқ па; бұл жеке басы анықталмаған тұлға кім (оның қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық картотекаларда бар ма);
о) теміржол транспортымен тасымалданған жүктер ұрланған заттар қата-рында тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, олардың: ұрланған уақыты, табылған жері, ұрлау тәсілі, оның (буып-түйілуін қосқанда) нақты сипаттамасы, қылмыстық істің нөмірі, істі қозғаған орган, заттардың қайдан табылғандығы және кімнен алынғандығы туралы мәліметтер бар ма.
Тексеруге байланысты жіберілетін сұраулар тиісті ақпараттық-іздестіру картасының тіркеу бланкілеріне тексерілетін объект жөніндегі мәліметтері толық көрсетіле отырып жазылады.
Кейбір жағдайларда заттарды тексеру үшін міндетті түрде тексерілетін объектінің өзін жібереді. Мысыалы: ақшалай белгілерді, қару, патрон, оқ, гильзалар, саусақ іздері және т.б.
Сұрауларды құрастыру қала (аудандық) ішкі істер органдардағы тіркеуді жүргізетін, сонадай-ақ қылмыстық–іздестіру бөлімшелерінде жұмыс істейтін тиісті полиция қызметкерлеріне тапсырылады. Тіркеу орталығы дұрыс нәтиже бере алмаса, сұраулар жергілікті тіркеу бойынша тексеруге жіберіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі?
2. Криминалистикалық тіркеулердің объектілері?
3. Криминалистикалық тіркеулердің нысандары?
4. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдеріне тоқтал?
5. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі?
Негізгі әдебиеттер: 5 (50-79), 6 (76-85), 3 (87-111), 4 (65-81)
Қосымша әдебиеттер: 7 (3-35), 10 (115-119), 11 (215-217)
№ 10 дәріс.
Тақырып: Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.
Тақырып мақсаты: Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдай-ларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімнің маңыздылығын ашу.
Түйін сөздер: идентификация, диагностика, ойлау, тепе-теңдік, теңестіру, сана, таным, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер.
Дәріс жоспары:
1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
2. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. Криминалистикалық тактика саннатары. Тактикалық тәсіл: түсінігі жіктемесі шектілік саннатары, тактикалық комбинация құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы.
