- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты: Криминалистика құқықтану мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін жоғарғы курстарда оқытылатын қолданбалы құқықтық пән болып табылады. Курсты оқытудың басты мақсаты студенттерге криминалистиканың теориялық негіздерін, криминалистикалық техника мен тактиканың және жекелеген қылмыстарды тергеудің тактикалық негіздерін үйрету және оларды іс-тәжірибелік қызметтерде қолдана білуге баулу болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері: Криминалистика пәнін оқытудың міндеттері оны оқып-үйренудің мақсаттарынан тікелей туындайды. Осы тұрғыдан алғанда ол криминалистиканың мақсаттарын жүзеге асыратын және оның дамуының барынша маңызды бағыттарын айқындайтын жалпы міндеттеріне сабақтас болады. Ол үшін жекелеген криминалистикалық теориялардың, ілімдердің, концепциялардың даму бағыттарын айқындайтын жекелеген міндеттерді шешу қажет болады. Криминалистиканы оқытудың жекелеген міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады: 1) криминалистиканың жалпы теориясының дамуы бойынша мағұлматтар беру; 2) криминалистика ғылымының жүйесіндегі криминалистикалық техниканың дамуы; 3) криминалистика ғылымының бөлігі ретіндегі криминалистикалық тактиканың дамуы; 4) криминалистиканың қорытындығы бөлімі – қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемесі туралы мағұлматтар беру.
3. Пәннің қысқаша мазмұны: Криминалистика (латының criminalic – қылмыстық, қылмысқа қатысты) қылмыстың дайындалуының, жасалуының және оны ашудың, сондай-ақ оның іздерінің пайда болуының, олардың қалуының, дәлелдерді жинаудың, зерттеудің, оларды бағалаудың және пайдаланудың заңдылықтарын зерттейтін және осы заңдылықтарды тануға негізделетін қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу сондай-ақ, қылмыстық істерді сотта қарау үшін қолданылатын аранайы амалдардың, әдістердің және құралдардың жүйесін жасақтайтын қолданбалы құқықтық ғылым. Қылмыстарды ашу және тергеу ісін толық және уақытылы таехикалық-криминалистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету криминалистиканың мақсаты болып табылады. Бұл мақсат қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін барынша толық қолдану негізінде ғана жүзеге асады. Криминалистика анықтама, алдын ала тергеу, сот органдарының қызметтерін қамтамасыз етеді және криминалистикалық сараптама үрдісінғылыми негізделген құралдармен, әдіс, тәсілдермен жарақтандырады. Осында кейін криминалистиканың мынадай жекелеген міндеттерін атап көрсетуге болады: 1) Қылмыстарды жасау тәжірибесіндегі және оларды тергеу бойынша қызметтегі объективтік заңдылықтар мен құбылыстарды анықтау және зерттеу; 2) Қылмыстарды ашу, тергеу және олардың алу бойынша тәжірибелік қызметтердің әдістері мен құралдарын жасақтау және оларды жетілдіру; 3) Алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жасақтау; 4) Қылмыстылықпен күресудің криминалистикалық құралдары мен әдістерін жасақтау. Криминалистиканың функциялары немесе оның атқаратын қызметінің негізгі бағыттары ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: 1) әдістемелік – криминалистика ғылымының пәнін және мазмұнын, оның таным және практикалық қызмет үрдісіндегі рөлін дұрыс түсінуді қамтамасыз етеді; ғылым мен практиканың арақатысын дұрыс айқындауға мүмкіндік береді; 2) түсіндірушілік – таным нәрсесінің мәнісін, оның жақтары мен элементтерін ашу, яғни криминалистика ғылымы пәнінің ғылыми көрінісін ашады; 3) қорытушылық – ғылыми білімдер интеграциясының жалпы үрдістерін көрсету – жинақталған эмпирикалық материалды оны қорыту жолымен тәртіпке салу, алынған мәліметтердің ішкі бірлігін айқындау (бұл материалды жүйелеу және қорытындылау оны синтездеудің алғы шарты ретінде); болжамдаушылық – криминалистикалық болжам теориясы үшін негіз, криминалистика ғылымының қылмыстылықпен күресу тәжірибесіндегі мәліметтерін іс-тәжірибеде қолданудың нысандарының бірі.
«Криминалистика» пәнін оқығанда Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстандық қоғамның түбегейлі мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің шешімдерін негізге алу қажет / барлық тақырыпқа арналған әдебиеттер тізімін қараңыз /.
Қолданыстағы заңдылықтармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті түсініктемелерін білу міндетті шарт болып табылады. Сонымен бірге мерзімдік басылымдарды да, соның ішінде әсіресе арнаулы заңгерлік газет-журналдарды көзден таса қылмай, жиі қарап жүру керек. Өйткені олардан іске араласып жүрген заңгерлермен бірге осы сала бойынша болашақ маман иелері болғалы жүргендер үшін де заң ғылымы төңірегінде білімін толықтыра түсетін біраз материалдар табылары сөзсіз.
Сонымен бірге криминалистика бойынша білімін толықтыра түсуі үшін сот-тергеу іс- тәжірибелерін игеру қажет.
Дәрістерде, өз бетімен дайындалу сағаты барысында алған теориялық білім зертханалық жаттығуларда тереңделіп және бекітілуі тиіс. Зертханалық жаттығудың мақсаты – теориялық материалдарға талдау жасау мен білгенін нақты іс-тәжірибесінде қолдана білуге дағдыландыру.
Теориялық сабақтар соңында зертханалық жаттығулармен пысықталады. Ондай жаттығулардың мақсаты – алған теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуге дағдылану,сондай-ақ кримналистикалық техниканы нақты ситуативтік жағдайларда пайдалана білуге үйрету.
