Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆
  1. Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.

Оқиға болған жерді бекітудің ең негізгі және заңда нақтылап көрсетілген түрі – хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер, айғақ заттар толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс.

Хаттама үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, оқиға болған жердің мекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, оқиға болған жер қандай жағдайда қаралғандығы туралы мәліметтер жазылады.

Екінші, сипаттап жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден тұратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғаға қондырылғаны, т.б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол қаралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша жерде тұрғандығы көрсетіледі. Мысалы, мәйіт жатқан диван оң жақтағы қабырғаның бойында, шығыс қабырғадан 2 м. жерде тұр деп көрсетілуі керек. Мәйіт бөлменің ортасында, еденде жатса оның жатқан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: мәйіттің басы батыс жақтағы қабырғадан 1,5 м., шығыс жақтағы қабырғадан 2 м., ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса екі аяғы деп көрсетіледі) солтүстік жақтағы қабырғадан 3 м. де, батыс қабырғадан 1,3 м., деп көрсетілуі тиіс. Қарау үстінде табылған іздер, заттай дәлелдемелердің табылған жері, осы объектілердің нысаны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толық сипатталып жазылуы қажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, құрал-саймандар қолданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіңдегі іздерді бекітуге, айталық, олардың үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толық көрсетілуі керек.

Үшінші, қорытынды бөлімінде оқиға болған жерді қарау үстінде қандай заттай дәлелдемелер алынғаны, осы хаттамаға қандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің схемасы сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі. Егер оқиға болған жерден мәйіт табылса, оның қай мәйітханаға кім арқылы жіберілгендігі жазылуы керек. Хаттаманың соңғы жағында қарауға қатынасқан адамдардан наразылық не тілек-өтініштердің түскен-түспегендігі көрсетіледі.

Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақтылап көрсету үшін, оқиға болған жердің схемасы сызылады. Схемада оқиға болған жердің жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардың ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, схемада оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі.

Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын түсіндіріп, нақтылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бұл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жалпы шолу әдістерімен оқиға болған жердің көрінісі толық қамтылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объектілер, іздер, заттай дәлелдемелер түсіріледі. Осындай әдістермен алынған фотоқұжаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада баяндалып жазылған жағдайды нақтылап түсіндіріп көрсету үшін керекті қосымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады.

Тергеуші келген сәтте оқиға әлі аяқталмаған болса (мысалы өрт әлі толық өшірілмесе) былайша айтқанда, белгілі бір серпінді процестерді, құбылысты бекітуге тура келсе, осының бәрі бейнежазбаға түсірілуі керек.

Қарау үстінде қолданылған бекіту тәсілдері мен қолданылған техникалық құралдардың бәрі міндетті түрде хаттамада көрсетілуі тиіс.

Куәландыру. Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі – адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу кезінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және қарау мезгілінде қолда-нылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргі-зілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Осыған байланысты олар тергеулік және медициналық куәландыру деп аталады.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады. Айталық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау кезінде жалаңаштан-дыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу кезінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға сай болуы тиіс.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның кезінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің сол жақ иығында қал, ал кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды. Тергеудің бастапқы кезеңінде ұсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықталды. Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.

Куәландыру сонымен қатар сот-медициналық сараптаманың ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру сараптамалық зерттеудің бір түрі болып саналады. Мұндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:

а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар?

ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының дәрежесі?

б) куәландырған адамның денесінде бұрын жасалған операцияның белгісі бар ма?

Егер де жай қарау арқылы бұл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық сараптама тағайындалады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері?

  2. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтарын ата?

  3. Көрсетулерді ОБЖ тексеру және нақтылауға дайындықты түсіндір?

  4. Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер: 5 (50-79), 6 (76-85), 7 (87-111), 4 (65-81)

Қосымша әдебиеттер: 7 (3-35), 10 (115-119), 11 (215-217)

№ 12 дәріс.

Тақырып: Тергеу экспериментінің тактикасы.

Тақырып мақсаты: Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тергеу экспериментінің қажеттілігін талқылау

Түйін сөздер: тергеу эксперименті, диагностика, таным, қылмысты оқиға, теңестіру, сана, таным, тергеу, қылмыс, техника, дәлелдемелер, тәсілдер.

Дәріс жоспары:

  1. Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары

  2. Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.

  3. Тергеу экспериментін жүргізукезеңдегіжағдайды қалпына келтіру, оның шарттары мен мүмкіндіктері.