- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөліміне жатады.
Баллистика (гр. сөз. «balle» – «лақтырамын») – оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқпанындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы.
Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский, В.С. Аха-нов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі ретінде қарастырған.
В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстық-техниканың көлемді бөлімі ретінде қарастыра отырып, атыс қару-жарақтарын, оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материалдық құрамы жағынан, сондай-ақ, әртүрлі заттар мен киімдерден табылған порохтар мен өзге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетті.
А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зертеу әдіс-тәсілдерін оқытатын ілім деп көрсеткен.
Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллистикалық зерттеу арқылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастыра отырып, атыс қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау мақсатында ату іздерін зерттеу қажеттілігін, сондай-ақ атылған және оқ-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен.
Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқтың атылу заңдылықтары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған қару-жарақтар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлелдемелер.
Осы заңдылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарасты-рылады. Оның мазмұнына ату заңдылықтары мен қару-жарақтың тигізетін әсерін зерттеу және осылардың негізінде атыс қаруларының, оқ-дәрі жабдық-тарының ату кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды өңдеп шығару жатады.
Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері құрайды.
Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің құрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; қару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған құбылыстарды және оқтың оқпаннан шыққаннан кейінгі қозғалысын зерттейтін әскери-техникалық ғылым салалары жатады. Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланысқа түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарақ бөлшектері бедерлерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; оқ және гильзадағы іздерде қару-жарақ бөліктері белгілерін бейнеленуіне әртүрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметтер; сарапшы қорытындысын шығару кезінде объектілердің әртүрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді көрсетті.
Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері құрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б.. Сонымен қатар, сот баллистикалық зерттеудің арнайы әдістемесі – оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және макрофотографиялық әдістермен бекіту, экспериментальды оқтар мен гильзаларды алу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашықтығы экспериментальды түрде анықтау әдістемесі; ату қару-жарағының жағдайын анықтаудың әдістемесі және т.б.
Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда жүргізіледі:
тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізі-летін тергеу әрекеті ретінде – оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу;
зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу.
Тергеу әрекеттері мен баллистикалық сараптама шеңберінде жүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы жағдайларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: идентификациялық; идентификациялық емес.
Идентификациялық мәселелерге: оқиға болған жерден табылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден алынған қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған қылмыстар бойынша алынған оқ (гильза) бір қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе бір қоспаны құрай ма? Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіден алынған тығын бір материалдан жасалынған ба? Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен материалдардан жасалынған ба?
Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялық, диагностикалық, ситуациялық): қылмыстың жасалу уақыты мен орны, қылмыс жасау кезінде қандай ату құралы қолданылған, атудың арақашықтығы мен бағыты, атқан адамның және жәбірленуші мен басқа да оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы, қылмыскердің ниеті, оқтың ұшу бағыты, атылған оқтың саны мен кезектілігі, қарудың жарамдылығы, өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрі жабдықтарын жасау әдісін, қандай материалдар қолданғандығы, қарумен атылған-атылмағандығы, калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па, ауыстырылса қандай түрімен ауыстырылды, сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б. анықтау жатады.
Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді:
атыс қарулары;
оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары, материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар;
ату құралдарын қолдану іздері.
