- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.
Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:
1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;
2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;
3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.
Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне қылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.
Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрғанда тергеуші қарауға қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперті не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін.
Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.
Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді:
жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;
оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;
полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;
қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;
керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұсқау береді;
қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;
тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді;
жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді.
Жоғарыда көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын басқа да дайындық жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді қарауға кіріседі.
