Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Кримин 2014-2015.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆
  1. Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.

Іздердің түйісуі кезінде объектілер физикалық, химиялық және биологиялық әсерге түседі. Физикалық әсер ету механикалық және жылулық болуы мүмкін.

Трасология – механикалық әсерге түсетін іздерді зерттейді. Трасологиялық зерттеудің мәнін – түйісетін (контактілі) объектілерге механикалық жағынан әсер етудің ерекшеліктерін және осының нәтижесінде пайда болатын іздерді зерттеу құрайды.

Қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелеуге болады: статикалық және динамикалық; көлемді және беткі қабатты; локальды және перифериялық.

Статикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есіктегі бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.

Динамикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б. іздер жатады.

Көлемді іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің із қабылдаушы жұмсақ объектіде шұңқыр түрінде қалуы, яғни қабылдаушы объектінің деформацияға түсу (өз қалпын өзгерту) нәтижесінде пайда болған іздер. Мұндай іздерде ұзындығы, енімен қатар үшінші өлшем – тереңдігі көрсетіледі. Сондықтан осы іздерді зерттеу арқылы мәліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы: лайлы жерде қалған көлік құралының протекторларының іздері және т.б.

Беткі қабатты іздер дегеніміз – тығыздығы жағынан шамамен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбірек) объектілердің бір-бірімен қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болған іздер. Бұл іздер көлемді емес, беткі қабатты болып табылады. Мысалы: қол саусақтарының шыны бетіндегі майлы іздері, протектордың асфальтта қалған іздері, бояу жағылған еден бетіндегі аяқ киімнің іздері.

Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді: қатпарлану (отслоение) және қабатталу (наслоение) іздері. Қабатталу іздері – із қалдырушы объекті бөліктерінің із қабылдаушы объектінің бетінде қалып қою нәтижесінде пайда болады. Байланысқа түскен объект беткі қабатта өз белгілерін қалған бөлшектері арқылы бейнелейді. Мысалы: қол саусақтарының майлы іздері, қанаған қолымен – есік, терезе бетін ұстау нәтижесінде қанға боялған іздердің қалуы және т.б. Қатпарлану іздері – із қалдырушы объект із қабылдаушы объектінің беткі қабатының бөліктерін өзімен алып кету нәтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқ киімнің қалған іздері және т.б.

Локальды іздер дегеніміз – объектілердің беткі қабатының байланысқа түсуі нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқ киім ізі (көлемді немесе беткі қабатты) мен жер (топырақ) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жан-жағындағы беткі қабат өзгерісіке ұшырамайды.

Перифериялық іздер – керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: сыртқы беті шаң болған аяқ киімнен таза еден бетінде қылмыскердің жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы табан конфигурациясын қайталайтын із еден бетінде қалуы арқылы пайда болады.