- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
Құжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі қарастырылады:
қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);
мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану);
құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.
Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің міндеті қолжазбаны орындау-шыны немесе оның қасиеті мен қолжазуды орындау кезіндегі хал-күй жағдайын (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мас болу жағдайын т.б.) анықтау болып табылады.
Криминалистикалық автортанудың міндеті қолжазба не баспа мәтінінің авторын анықтау.
Техника-криминалистикалық зерттеудің мақсаты тергеуге маңызды құжаттың алғашқы мазмұнын өзгертудің және құжатты дайындаудың әдісі мен жағдайларын анықтау. Осы аталған міндеттерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді және криминалистикалық әдістеме негізінде әртүрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдануды талап етеді.
Құжаттарды криминалистикалық сараптаудың пәніне құжаттың түп нұсқасын немесе жалғандығын анықтау жатпайды. Бұл құқықтық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талқылауында және істерді азаматтық процесте қарау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың түп нұсқасына күмән келтірілетін жағдайлар туындаса, мұндай сараптаманы тағайындау құқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі.
Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
Жазу тілі адамның жазу барысында пайда болатын криминалистикалық зерттеу объектісінің кеңінен таралған түрлерінің бірі.
Қолжазбаны зерттеу криминалистикалық техника бөлімінің маңызды әрі дәстүрлі саласының біріне жатады. Қолжазбатанудың ғылыми негіздері А.И. Винберг, С.И. Тихенко, Л.Е. Ароцкер, В.Ф. Орлова, Р.М. Ланцман, А.И. Ман-цветова және басқа да кеңес ғалым-криминалистердің еңбектерінде зертте-лінген. Ғалым-криминалистердің арасынан қолжазбатану теориясын қалыптас-тырған қазақстандық ғалымдарды да көрсете аламыз: В.А. Хван, Н.А. Джан-гельдин, А.М. Агушевич, Т.Т. Культелеева, Л. Шегебаева, А.С. Калимова және т.б.
Қолжазбаны криминалистикалық зерттеу объектісіне жазба мен қолжаз-баның жекеленген және тұрақты белгілері көрініс табатын кең көлемді қолжаз-балар (хат, күнделік және т.б.), сонымен қатар, қолтаңба, қолмен орындалған сандық немесе символдық белгілер жатады.
Қолжазуларды зерттеу барысында қарастырылатын мәселелер екі топқа бөлінеді:
идентификациялық;
идентификациялық емес.
Осы сұрақтар қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде шешіледі.
Идентификациялық мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар анықталады: Қолжазуды немесе қолтаңбаны орындаған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде басқа ма? Егер тергеу барысында орындаушы тұлға анықталынбаса, бірнеше құжаттағы қолтаңба немесе қолжазулар бір адаммен әлде бірнеше адаммен орындалған ба?
Идентификациялық емес мәселелерге: Жазу, қол қою сол қолымен не оң қолымен орындалған ба? Жазу, қол қою осы адам үшін қолайсыз жағдайда орындалған ба? Бұл адам өз жазуын әдейі өзгерткен бе? Жазу, қол қою осы адамның қолжазуына ұқсастырылып жазылған ба?
Осындай зерттеулер арқылы қолжазба мәтінін орындаудың қажетті шарт-тары қатысты орындаушының жазу барысындағы жағдайы, жазуды өзгерту тәсілдері, орындаушының жынысын анықтау және т.б. сұрақтар шешіледі.
XX-ғасырдың екінші жартысында қолжазбаны орындаушының психофи-зиологиялық, мінездемелік, кәсіптік, біліми, интеллектуалдық және басқа да қасиеттерін анықтауда теориялық және тәжірибелік зерттеулер қарқынды түрде жүргізіледі. Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің теориялық негіздерін – криминалистикалық идентификация теориясының, адамның жоғарғы жүйке қызмет жүйесінің психофизиологиялық, лингвистикалық және педагогикалық мәліметтері, сонымен қатар математикалық, кибернетикалық және басқа да бірқатар ғылымдардың ұғымдық, әдістемелік, техникалық ақпараттары құрайды.
Жазу процесі – саналы, ерікті түрде жасалған әрекет, бірақ кең түрде автоматты реттеліп, ұзақ уақыт жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қозғалыс туралы ой саналы түрде меңгерілмейді.
Жазу процесі әдетте тез, автоматты түрде жасалынып жатқан қозғалыстар болғандықтан, оларды жоспарлау орындаушы тарапынан еленбей жүзеге асырылады.
Қолжазбаны орындаушының жүйелі түрде жаттығуы қолжазу дағдысының тұрақты қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Жазба дағдысының түрлеріне:
техникалық дағды (орындаушының жазу құралын ұстауы, қағаз бетінің орналасу жағдайы, жазу барысында адамның отыру қалпы);
графикалық дағдылар (жазба белгілері және олардың байланыс тіркестері);
жазба тіл дағдылары (сөздегі әріптердің орналасу құрамын анықтау, сөздік қор құрамын сөз байлығы сөйлемінің қажетті түрлерін қолдану жатады.
Қолжазбаның жекелігі мен тұрақтылық белгісіне байланысты графикалық және техникалық қалыптасқан дағдылардың маңызы зор.
Қолжазу – қолжазбадан көрініс табатын әр орындаушы адамға тән және оның жазба қозғалыс дағдысына негізделген қолжазудың қозғалысы мен тәсілдерінің жүйесі. Қолжазуда қолданылатын қозғалыс жүйе элементтері қатаң түрде жаттыққан, үйлесімді жүйе. Қолжазудың тұрақтылығы мен жекелігі сарапшының алдына қойған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қолжазудың тұрақтылығы И.П. Павловтың динамикалық стереотип ілімін зерттеу нәтижесінде анықталған. Оны кейіннен Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин және т.б.-да кеңестік ғалымдар зерттеп дамытқан. Динамикалық стереотип дегеніміз, қозғалыстың тиімді режимді іздестіруді қамтамасыз ететін және ұқсас жағдайларда қозғалыстың қайталануын қамтамасыз ететін шартты-рефлексті байланыс жүйесі. Динамикалық стереотип туралы ілім - идентификациялау үшін маңызы бар қолжазудың өзіндік қасиетін, яғни қолжазудың салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді. Қолжазудың алғашқы қалыптасу кезеңінде оның тұрақсыздығына байланысты идентификациялау мәселесі қиынға түседі.
Қалыптасқан қолжазу тұрақтылық қасиетке ие болып, идентификация процесін жеңілдетеді. Адам қартайған кезде қолжазу келесідей өзгеріске ұшырайды: координация төмендейді, қозғалыс баяулайды, көбінде әріптерді қысқартып жазады.
Орындаушының жазу кезінде жаңа үйреншікті емес жағдайлар пайда болса, жазу өзгеріске ұшырап жаңа жағдайға бейімделеді.
Өзгеріске ұшырау себептері:
Үйреншікті емес, қалыптан тыс жағдайда қолжазбаның орындалуы (орындаушының тұру немес отырыс кейіпі үйреншікті емес жағдайда болуы, сондай-ақ жазба материалдары, жазба құрал-жабдықтары);
Сүйек бұлшық ет қызметі мен жүйке жүйесінің бұзылуы (қол жарақаты, көз ауруы, жүйке және т.б. аурулар);
Орындаушының әдеттен тыс психикалық және физиологиялық жағдайы (жүйке қозуы, мас болуы және т.б.);
Мақсатты түрде қолжазуды қасақана өзгерту (өзінің қолжазуын әдейі өзгертіп жазуы, басқа біреудің жазуына ұқсатып жазу).
Қолжазбаны әдеттен тыс жағдайларда орындау кезінде қолжазу қозғалысында төмен координация белгілері пайда болады: қолжазбаның иреленуі және тіке штрихтардың бөлінуі, әріптің иіліп келетін жерлерінің бұрыштануы, әріп өлшемінің қисаюының және орналасуының біркелкі еместігі.
Қолжазбаны орындаушының қозғалыс координациясының бұзылуы идентификациялауға кедергі келтірмейді, себебі идентификацияға қажетті белгілер сақталынады. Дегенімен кей жағдайларда (адамның жарақат алуы, психикалық-жүйке ауруына шалдығуы және т.б.) қолжазбаның түпкілікті өзгеріске ұшырауы салдарынан идентификация жасауға мүмкіндік бермейді.
Әріп белгілерінің жүйелі түрде өзгеріп отыруы қолжазбаның әртүрлі вариантта орындалуын көрсетеді. Мысалы: ресми құжат толтырудағы қолжазу, күнделікті дәріс жазғандағы немесе басқа да жазулар. Жазу варианттылығын ескеру салыстырмалы зерттеуді дұрыс жүргізуде ерекше орын алады.
Салыстырмалы тұрақтылық белгісімен қатар қолжазбаны идентификациялау үшін өте маңызды белгілерінің біріне оның жекелігі жатады.
Қолжазу дағдысының қалыптасуына әртүрлі факторлар өз әсерін тигізеді. Бұл оның психикасы, анатомиялық құрылысы, физиологиясы, мектепте және үйде жазуды үйрету шарттары мен әдістемесінің әртүрлі болуы, кейінгі жағдайлар, әсіресе мамандығы, кәсібі. Қолжазудың кейіннен жекеленіп дағдылануына келесідей факторлар әсер етеді: қолжазу кезінде жұмыс істеу мен оқу барысындағы қалыпты жағдайдың болуы, орындалатын құжаттардың сипатына және тағы басқа жағдайларға байланысты.
Сонымен, ғалым-қолжазбатанушылар өз зерттеулерінде қолжазбаға тән заңдылықтарды анықтады:
әрбір адамның қолжазбасы жекеленген;
ол салыстырмалы тұрақты;
әрбір қолжазбаның вариациялығы болады.
Бұл әр адамның қолжазуының қалыптасуындағы өзіндік, қайталанбайтын ерекше жеке белгілер жиынтығынан тұрады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұнына тоқтал?
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түрлеріне тоқтал?
Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігін шешетін міндеттер дегеніміз не?
Соттық қолтаңба?
Қолтаңба және жазу дағдылары?
Негізгі әдебиеттер: 5 (40-59), 6 (46-65), 7 (37-51), 4 (44-61)
Қосымша әдебиеттер: 1 (3-15), 2 (5-19), 4 (6-17)
№ 8 дәріс. Тақырып: Адамның сыртқы келбеті жайлы криминалистикалық ілім /габитология/
Тақырып мақсаты: Қылмысты тез ашу, тергеу әрекеттері кезіндегі габитология институтының криминалистика ғылымындағы орнын ашу
Түйін сөздер: габитология, сырт келбеті, зерттеу, диагностика, ойлау, тепе-теңдік, теңестіру, сана, таным, тергеу, қылмыс, теңестіру, дәлелдемелер, жалпыфизикалық, анатомиялық, функционалдық.
Дәріс жоспары:
1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
