- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
Габитология – әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.
Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңгеру – білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен қолданып қыл-мысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әртүрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өңделген). Идентификациялауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі – адамды сыртқы бейне белгілері бойынша салыстыру болып табылады.
Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялаудың әдістері мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицинасы, математиканың кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне сүйене отырып ұзақ жылдар бойы қалыптасқан.
Адамдарды криминалистикалық идентификациялауға мүмкіндіктің болуы, кез-келген адамның сыртқы бейнесінің басқа адамда қайталанбайтын белгілерінің болуына байланысты. Әлемде сыртқы бейне белгілері жиынтығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді, тек бір-біріне ұқсас адамдар кездеседі. Бұл қағида криминалистикалық идентификация теориясы мәліметтеріне және тікелей анатомиялық мәліметтерге негізделеді. Барлық материалдық дүние объектілері өзіне-өзі ғана тең, тіпті бір тектес объектілердің өзінде де бір-бірінен айыратын ерекшеліктері болады.
Адамның сыртқы бейнесінің барлық белгілері тұрақты емес, олар жиі өзгерістерге түсіп тұрады.
Адамның сыртқы бейнесінің ең мәнді өзгерістері ұзақ уақыт ішінде пайда болады. Олар әсіресе адам сүйегі қалыптасқан кезеңдерде көзге қатты түседі, яғни балалық және бозбалалық кезеңдерде. Жасөспірімдердің өзгеріске ұшыраған белгілерін бейнелеу немесе суретке түсіру және теңдестіру жолдарымен бекіту аралығында айтарлықтай көп уақыт өтпейтіндіктен криминалистикада ол белгілердің мәнді маңызы жоқ. Ұзақ жылдар өтсе де, кейбір белгілер қатты өзгеріске ұшырамайды (адамның құлақ қалқаны, оның формасы, бөлшегі).
Адамның сыртқы бейнесі зақым алған жағдайда қатты өзгеріске ұшырайды, бірақ зақым көбінде адамның бетінің жеке бөліктеріне ғана түсуі мүмкін (тыртық, күйік), сондай-ақ ол салыстырмалы түрде аз кездеседі.
Сыртқы бейненің ең тұрақты белгілері сүйекті-шеміршек негізімен байланысты, мысалы: адам бетінің формасы, маңдай формасы мен оның орналасуы, мұрын арқалығының формасы және оның орналасуы, құлақ қалқаны және т.б.
Адамды идентификациялауға пайдаланатын сыртқы бейне белгілері:
тұрақты (белгілі бір уақыт аралығында салыстырмалы өзгеріссіз) болуы тиіс;
салыстырмалы түрде сирек кездесетін;
салыстырмалы түрде басқа белгілерге тәуелсіз болуы керек.
Теңдестіру кезінде жиі кездесетін белгілерге қарағанда сирек кездесетін белгілердің маңызы зор. Сыртқы бейненің белгі жиынтығын дұрыс қолданған жағдайда ғана теңдестіру нәтижелі жүргізіледі.
Адамды сыртқы белгілері бойынша теңдестірудің ғылыми әдістемесі 1880-жылдары қалыптаса бастаған. Француз криминалисті Альфонс Бертильон қылмыскерлерді тіркеу жүйесін қалыптастырған, оның бір бөлімі адамның сыртқы бейне белгілерін арнайы термин қолдану арқылы суреттеуден тұрады. Бейнелеуді «ауызша суреттеу» немесе «сөздік портрет» деп айтады. Бұл әдіс бойынша адамның сыртқы бейнесі нақты суреттелді. А. Бертильон адам бейнесінің 49 түрін анықтаған, оның көпшілігі құлақ қалқанының әртүрлі бөлшектерінен тұрады. Дактилоскопиялық тіркеу жүйесінің кеңінен таралуына байланысты А. Бертильонның бұл жүйесі өзінің тәжірибелік мәнін жоғалтты. Дегенімен де ауызша суреттеу әдісі одан әрі дамып шарқына жетті. Қазіргі уақытта ауызша суреттеу жүйесін қылмыскерлерді, танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды және т.б. тұлғаларды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау мақсатында қолданады. Сондай-ақ ауызша суреттеу барлық жағдайда, яғни адамның жеке басы анықталмаған (төтенше жағдайлардың, апаттардың, табиғи апаттардың болуына байланысты адамдардың жаппай қаза болған) кезде немесе қылмыскер өзінің шын атын қасақана жасырған жағдайларда қолданады.
Сыртқы бейне белгілері бойынша сәйкестендіруді азаматтық сот өндірісі (алимент өндіріп алу ісі бойынша жауапкерді анықтау) кезінде де қолданылады. Адамның сыртқы бейнесі бойынша идентификациялауды тарихшылар, өнертанушылар, әдебиеттанушылар және басқа да ғылым өкілдері пайдала-нады. Қылмыскерлердің сыртқы бейне белгілерін теледидар, газет және полиция мәліметтері бойынша хабарлануы, олардың тез арада ұсталуына көмегін тигізеді.
Адамның сыртқы бейнесінің жекелігі (қайталанбауы) мен өзгермейтін белгілерінің жиынтығы адамның идентификациясының ғылыми негізін құрайды. Сыртқы бейнесі бойынша идентификациялау мен диагностикалаудың ғылыми негізі мен әдістемесі анатомия, адам физиологиясы, сот-медицинасы және математика мәліметтерін ескере отырып криминалистикада жетілдірілген.
