- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Криминалистика
- •050301 «Заңтану»
- •3 Алғашқы рет енгізілген.
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны негізгі бөлім
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Типтік оқу бағдарламасының авторлары
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы актау 2014
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •Боөж тапсырмаларының тақырыптары
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
- •Мамандық:
- •Пәннің бағдарламасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.3. Зертханалық жаттығулар
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
- •«Криминалистика» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
- •Криминалистика жүйесі. Ғылыми білім жүйесіндегі криминалистиканың алатын орны.
- •Криминалистика әдістері туралы ілім.
- •Криминалистикалық идентификация түсінігі. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негізі мен міндеттері.
- •Идентификация жағдайлары. Криминалистикалық идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары.
- •Криминалистикалық диагностика түсінігі және мәні. Криминалистикалық диагностиканы іске асыру. Криминалистикалық диагностиканың тергеудегі мағынасы.
- •Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
- •Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
- •Іздерді және басқа да заттық дәлелдемелерді табу, қарау бекіту және алуда қолданылатын ғылыми техникалық әдіс құралдар
- •Ғылыми техникалық құралдардың қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.
- •Қылмыс іздері туралы түсінік, олардың түрлері. Материалдық және идеалды іздер. Криминалистикалық із танудың заты және міндеттері.
- •Кескінділеген іздер, олрдың түсінігі, жіктемесі және олардың пайда болу механизімдері.
- •Қол іздер олардың криминалиститкалық мағынасы.
- •Затар қылмыс іздері ретінде
- •1. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •Жалпы фотография негіздері. Фотографиялық процесс, оның сатылары және мазмұны.
- •Фотоға түсіру нятижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.
- •Қару оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалисткалық зертттеуінің түсінігі, обьектілері және мағынасы.
- •Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардың жіктемесі, пайда болу механизімі. Негізгі және қосымша атыс ізі.
- •Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі мен мазмұны.
- •Олардың түрлері; соттық қолтаңба тану, соттық авторды анықтау, құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттелуі.
- •Құжаттардың техникалық криминалистикалық зерттеудің түсінігі шешетін міндеттері.
- •Соттық қолтаңба тану. Қолтаңба және жазу дағдылары.
- •1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымдық негіздері.
- •2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі.
- •1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі және объектілері және нысандары.
- •2. Криминалистикалық тіркеулердің түрлері, нысандары және тәсілдері.
- •3. Прокуратура мен Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеулер мен есептердің жүйесі.
- •1. Криминалистикалық тактика түсінігі және жүйесі. Криминалистикалық тактика және процессуалдық заң.
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру, нақтылаудың ұғымы және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекеттерін басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылықтары.
- •Көрсетулерді обж тексеру және нақтылауға дайындық.
- •Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.
- •Тергеу эксперимнтінің түсінігі мәні және мақсаттары
- •Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері.
- •Тінту түсінігі түрлері және мақсаттары
- •Тінтуге дайындық, тінту сатылары.
- •Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.Ғылыми техникалық құралдарын қолдану.
- •Тінту және алу нәтижелерін қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
- •Жауап алу түсінігі маңызы және түрлері. Жауап алудың психологиялық және өнегелік негіздері.
- •Жауап алудың тактикалық және логикалық негіздері олардың жіктемесі. Жауап алудың психологиялық байланысты қалыптастыру.
- •Жауап алуды ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету.
- •1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты және түрлері
- •2. Тану үшін ұсынуды жұргізу туралы шешім қабылдау.
- •3. Тергеу барысында тактикалық операциялардың алатын орны.
- •Криминалистік әдістеменің жалпы түсінігі мақсаты, бастаулары.
- •Тергеу әдістемесінің ғылыми негізділігі.
- •Криминалистикалық әдістеменің қылимыстың алдын алудағы ролі.
- •Қылмыстық істі қозғау.Обж, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау.
- •Кісі өлтіру ісіндегі болжамдар.
- •Күдіктіні үстау. Жеке басын тінту. Күәларды анықтап, олардан жауап алу.
- •1. Қылмыстық істі қозғау
- •2. Тергеу ерекшеліктері
- •3. Куәлардан жауап алу ерекшеліктері
- •Семинар (тәжірибе) сабағына арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиториядан тыс өзiндiк жұмыс (сөж)
- •2.2 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
- •Бақылау тапсырмалары
- •A)Ганс Шнейкерт
- •A)в.И. Лебедев
Криминалистикалық техника түсінігі және құрылымы. Қылмыстық іс жүргізуде
Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өңдеуге бейімделген ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу әдістері мен техникалық құралдардың жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық техника – криминалистикадағы алғашқы пайда болған түсінік, оның құрылу кезіндегі негізгі бөлім.
Криминалистикалық техника термині, біріншіден – криминалистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден – техникалық құралдардың жиынтығын білдіреді, яғни құрылғылар, аппараттар, құралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті басқа да құралдар.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне – қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады.
Криминалистикалық техниканың қарастыратын мәселелерінің көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Қолданылатын ғылыми техникалық құралдардың құқықтық негіздері.
Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:
- жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;
- криминалистикалық техниканы дамыту.
Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелері зерттейді:
- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығы;
- олар дәлел болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығы;
- бұл дәлелдерді, қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен алуға болатындығы. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусақтың қалдырған ізін криминалистер XX-ғасырда ұнтақтың көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы алуға болатынын анықтаған;
- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастырады, бірақ көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді;
- қылмыс ісі жайлы, қолданылған қару жайлы, қылмыскерлер жайлы, қалдырылған іздері жайлы және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығы;
- қандай техникалық құралдар қылмыс жасауға кедергі жасай алатындығы.
Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әрқайсысында нақты мәселелер бар және әлі де бола береді.
Яғни бұл нақты мәселелер нысанның түрлеріне, қылмыс іздеріне байланысты болады – атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т.с.с.
Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен қажетті жекеленген іздерді немесе оларға қатысты объектілердің түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді қалдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі.
Криминалистикалық техника идентификациямен тығыз байланысатын басқа да идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) мәселелерді шешеді. Олардың қатарына іздердің пайда болу механизмін анықтау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, құралдардың қозғалыс бағыты, бөгет пен қарым-қатынасқа түсу бұрышы, басу күші және т.б. анықталады.
Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із қалдырушы объектінің әсер ету бағыты, күші, ара-қашықтығы, жылдамдығы, іздердің пайда болу уақыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағыты, жәбірленушіге жарақат салудың кезектілігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен қатар, із қалдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздің қалыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетті анықтау мәселелерін де қарастырады, мысалы: әйнектегі ойық тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда болды ма; киімдегі зақым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы қару оқпанының жарылуы себебі неде және т.б.
Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың қарастыратын негізгі мәселелерін келесідей бөліп көрсетуге болады:
1. Идентификациялық:
а) жеке тепе-теңдігін анықтау (идентификация);
ә) объектілердің қай топқа жататындығын анықтау.
2. Идентификациялық емес:
а) қылмыстың материалдық іздерін анықтау, бекіту және алу;
ә) іздердің пайда болуына әкеп соққан әрекеттердің жағдайын, механиз-мін, себептерін анықтау және т.б.
Қарастырылған мәселелерді шешу мақсатында криминалистикалық техниканың әдістерін тергеуші, маман, сарапшы қолдана алады. Бұл криминалистикалық техниканың тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалық криминалистикалық техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалық сараптаманы криминалистикадан бөліп қарастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз.
Бірақ та, бір жағынан тергеуші мен маманның криминалистикалық техни-каны қолдану, екінші жағынан сарапшының криминалистикалық техниканы қолдану ерекшелігін ескерген жөн.
Сонымен, криминалистика ғылымындағы криминалистикалық техника бөлімі өте маңызды бөлім.
Криминалистикалық техника қылмысты тергеу мақсатында нақты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеуге бейімделген – физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдарының әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен қатар, криминалистиканың өзінің жеке қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдары бар. Криминалистика ілімі шеңберінде қылмыстың алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған нақты (жаратылыс) және техникалық ғылым әдістерінің жиынтығы қалыптасқан.
Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерттеудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әртүрлі техникалық әдістер қолданылады. Мысалы: құжаттарды қарау кезінде жарықты қиғашынан түсіру арқылы жарықтандыру әдісін қолдануға болады.
Тергеу әрекетінің жүйесіндегі техникалық тәсілдер тактикалық әдістермен тығыз байланысты. Олар тергеу әрекеті құрамындағы қылмысты тергеу мен оны ашу мақсатында қолданылады. Ұрлық болған жерден қолдың көрінбейтін іздерін табу мәселесін шешу үшін, ұрлық болған жердегі қылмыскердің әрекетінің мазмұны мен оны жасау кезектілігін алдын ала анықтап, объектіні бұзу механизмін модельдеу қажет. Бұларды анықтамай із жеткізушілерді (тасымалдаушыларды) табу мүмкін емес. Тергеу және сараптама қызметіндегі қолданылатын техникалық тәсілдер сонымен бірге криминалистикалық әдістемеден де көрініс табады. Олар нақты сараптамалық немесе тергеу мәселелерін шешуге арналған.
