Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары

Шоттар жоспары деп- бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Шоттар жоспары 8 тараудан тұрады. Арнай тарауға сай топтастырылған шоттар негізінен орын алатын шаруашылық операцияларының экономикалық маңызына қарай жасалған. Активті қаражаттар мен мүліктер, міндеттемелер мен капитал және шаруашылық операцияларының экономикалық біртектілігін сақтау мақсатымен жасалған шоттар жоспарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге талдау жасау мүмкіндігі де қарастырылған. Шоттра жоспарының тараулары келесідей:

1.Қысқа мерзімді активтер

2.Ұзақ мерзімді активтер

3.Қысқа мерзімді міндеттемелер

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

5.Капитал мен резервтер

6.Кірістер

7.Шығындар

8.Өндірістік есеп шоттары

Шоттардың Үлгі жоспары нормативтік құжат ретінде қолданылады. Шоттардың жүйеге келтірілген тізіміне қарай шаруашылық операцияларының мазмұны шоттра аралық корреспонденцияланады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бухгалтерлік шоттар дегеніміз не?

2.Екі жақты жазу деген не?

3.Синтетикалық және аналитикалық шоттар туралы не айтасыз.

4.Шоттардың қандай түрлері болады?

5.Бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарының құрылымы қандай?

Тақырып 6. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі.

2. Түгендеу, оның маңызы.

3. Есеп регистрлары және ондағы қателерді түзету әдістері.

4. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.

5. Есеп саясаты.

1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.

Құжаттардың мазмұны мен формалары әртүрлі болып келеді. Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты. Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет. Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады. Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге қажетті тұлғалардың қолы.

Құжаттар олардың заң күшін қамтамасыз ететін барлық реквизиттреі көрсетіле отырып толтырылуы керек. Құжаттар шаруашылық операцияның жүргізілу сәтінде, яғни дер мезгілінде толтырылуы қажет.

Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасталады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:

  • құжат аты;

  • форма коды;

  • құжат толтырылған дата;

  • құжат тиесілі кәсіпорын оты;

  • шаруашылық операция мазмұны;

  • шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),

- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні, қызметі, қолдары.

Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.

Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.