Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.

2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).

3. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдісі. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдісі: Азайып отыратын қалдық әдісі.

Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады. Мысалы, объектінің құны 100000 теңге , қызмет мерзімі –10 жыл. Есептік жою құны- 2000 теңге. Тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)/10. Ал ай сайынғы тозу сомасы 817 теңге (9800/12).

Өндірістік әдісте әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолданылу жиілігіне тікелей байланысты жерлерде осы әдіс қолданылады. Мысалы, жабдық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға қабілетті. Объектінің құны 27000 теңге, жою құны- 3000 теңге. Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері: (27000-3000)/5000=5,34 теңгеге тең болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5,34*400).

Қалдықты азайту әдісі кезінде, түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қосылады. Болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды, амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы құнды қоспағанда. Мысалы, объектінің қызмет мерзімі- 5 жыл, бастапқы құны 100000 теңге, ал жою құны 1000 теңге. Түзу сызықты тәсіл кезінде қолданылатын амортизация нормасы- 20% (100/5) тең болады. Онда жеделдетілген амортизация үшін 2 коэффициентін ескере отырып бұл норма 40% болады және қалдық құнға тағайындалған стаыкісі болып табылады. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар келесі түрде есептеледі:

Бастапқы құны Амортизация нормасы Қалдық құны

1 жыл 10000 4000=(40%*10000) 6000

2 жыл 10000 2400=(40%*6000) 3600

3 жыл 10000 1440=(40%*3600) 2160

4 жыл 10000 864=(40%*2160) 1296

5 жыл 10000 296=(40%*1296) 1000

Негізгі құралдардың тозуының синтетикалық есебі үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» тобы шоттарында жүргізіледі. Бұл шотта ұйымның негізгі құралдарының жинақталған тозуы туралы, сонымен қатар олардың құнсыздануы ткралы ақпараттар жинақталады. Жыл сайын әрбір ұйым баланс күніне құнсыздануға тест жүргізу керек.

Негізгі құралдарды жөндеудің күрделілігіне қарай жөндеу ағымдағы және күрделі жөндеу болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың жеке бөлшектерін қалпына келтіруді айтады. Олардың тұтас объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз болады. Бұл жөндеу кезінде агрегат толық ажыратылады, барлық тозған бөлшектер және тораптар ауыстырылады немесе қалпына келтіріледі, базалық және басқа да бөлшектер мен тораптар жөнделіп жиналады және агрегат сынақтан өткізіледі.

Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың тозған жеке бөлшектерін жұмыс істейтін жағдайда ұстау үшін оларды ауыстырудан немесе жөндеуден тұрады. Оны негізгі құралдарды пайдалану процесінде жүргізеді.

Негізгі құралдарды жөндеуді мердігерлік және шаруашылық тәсілдермен жүргізеді. Әдетте, мердігерлік тәсілде негізгі құралдарды мамандандырылған кәсіпорындар жөндейді; шаруашылық тәсілде – шаруашылықтың өз күшімен және қаражатымен жөндейді. Негізгі құралдарды жөндеуге байланысты барлық шығндар, сол жұмыстар жүргізілген кезеңнің өнім шығаруға кеткен шығындарына қосылады.

Ұйымдар жөндеу жұмыстары бойынша шығындарды өнімнің өзіндік құнына біркелкі қосу үшін, жөндеу қорын қалыптастыруға резерв құра алады, оның есебі 3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалық міндеттемелер» шотында есептелінеді. Шоттың кредиті бойынша резервтің құрылуы, ал дебетінен – пайдаланылуы көрсетіледі. Жөндеуді қаржыландыру үшін бұл қорға қажетті сомалар жөндеу жұмыстарының барлық түрі үшін шығындар сметасы бойынша ай сайын аударылып тұрады және өндіріс шығындарына қосылады.