Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Түгендеу, оның маңызы

Түгендеу дегеніміз ақша қаражаттарының, тауарлық-материалдық қорлардың нақты қолда барын анықтау және оларды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру.

Түгендеу толық болуы мүмкін, онда барлық тауарлық-материалдық қорлар, кәсіпорынның ақша қаражаттары түгенделеді және жартылай болуы мүмкін, бұл жағдайда тек жекелеген объектілер тексеріледі.

Түгендеу жоспарланған және жоспарланбаған болады. Жоспарланған түгендеу нормативті актілермен белгіленген мерзімде өтеді. Ал жоспарланбаған түгендеу материалды жауапты тұлғалар ауысқанда, табиғат апаты, ұрлық болған жағдайда, сот-тергеу орындарының талабы бойынша, құжаттық тексерістер өткізілген жағдайларда жүргізіледі.

Түгендеуді кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссия жүргізеді. Жұмыстар басталмас бұрын материалды- жауапты тұлға комиссияға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізілген, кіріске алынбаған және есептен шығарылмаған құндылықтар жоқ екені жөнінде қолхат береді.

Түгендеу кезінде тексерілген барлық тауарлық-материалдық қорлардың нақтылы қолда бары түгендеу тізіміне жазылады. Жатып қалған, сұранымы жоқ, бүлінген материалдық құндылықтарға жекеленген тізім құрылады.

Тізімдегі толтырылмай қалған жолдар сызылады. Өшірулерге жол берілмейді. Түгендеу тізімдері бухгалтерияға жіберіледі, онда түгендеу нәтижелері есептік мәліметтермен салыстырылады. Артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталған құндылықтар бойынша салыстыру тізімдемесі толтырылады. Анықталған ауытқулар сипатын және оларды реттеу тәртібін комиссия анықтайды. Артықшылықтар кіріске алынуы керек, ал жетіспеушіліктер өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жатқызылады. Түгендеу қорытындысы актпен құжатталады.

3. Есеп регистрлары және ондағы қателерді түзету әдістері

Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.

Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.

Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.

Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.

Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.

Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.

Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.

Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.

Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.

Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.

Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.

Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.

Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.

Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.

Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметтер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.

Қатені іздесгірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен бірізділікпен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.

Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салысгырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.

Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.

Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланысгарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіпкетеді. Сондықтан есеп регисгрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.

Корректуралық әдіс - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен тастайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.

"Қызыл сторно" әдісі (теріс сандар әдісі).

Бұл әдіс тек соманы ғана емес, шотгар байланысын да өзгерткенде қолданылады.

"Қызыл сторно" әдісінің мәні мынада: шоттардың қате байланысы сторноланады (қызыл сиямен жазылады), яғни алынып тасталады, ал оның орнына дұрыс жазба жазылады.

Қатені түзетуді осы тәсілмен жүргізгенде бір мезгілде екі жазба жасалады: алдынғы қате жазу (шоттардың дұрыс емес байланысы) - қызыл сиямен, ал жаңа жазба (шоттардың дұрыс байланысы) - кәдімгі сиямен.

Егер қате емес, бірақ артық жазылып кеткен жазба сгорколанса (болмаған шаруашылық операция, екі рет жазылып кеткен сома) түзету бір ғана қызыл жазбамен түзетіліп, алынып тасгалады.

Жиындарды шығарған кезде қызыл жазбалардың сомасы қосылмайды, керісінше алынып тасталынады. "Қызыл сторно" әдісінің негізгі мақсаты дұрыс емес жазбаны жою: бір сома алғашқыда жиынды есептгенде плюс белгісімен, қатені анықтағаннан кейін есептегенде минус белгісімен шығады да, нәтижесінде жойылды (нөлге теңеледі).

Қосымша жазбалар тәсілі шаруашылық операция есеп регисгріне мүлдем жазылмай қалса немесе шоттарда (дебетте, кредитте) аз мөлшерде көрсетілген жағдайларда қолданылады. Егер шаруашылық операция омасы есепте мүлдем көрсетілмей қалса, ол сомаға бухгалтерлік шот байланысы беріледі, ал сома аз мөлшерде берілсе, қажетті сомаға жететін айырмаға қайтадан бухгалтерлік шот байланысы жасалады.

Егер есеп сомасы үлкен, көп мөлшерде көрсетілсе, артық сома мөлшеріне қосымша жазбажүргізіледі (қызыл сгорко).

"Қызыл сторно" тәсілін мысалда қарастырайық:

Жабдықтаушылардан тауарлар (1330 шот) 50000 теңгеге келіп түсті.

Бұл операцияға қате бухгалтерлік байланыс берілген. Дебет 1320 "Дайын өнім" Кредит 3310 "Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары" Сомасы 50000 теңге

Қатені анықтап, тапқаннан кейін қызыл сиямен сторколаймыз. Қызыл сиямен жазу мүмкін болмаған жағдайда, соманы қоршап қояды. Дебет 1320 "Дайын өнім" Кредит 3310

"Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары"

Сомасы 50000

Одан кейін дұрыс жазба жазылады Дт 1330 'Тауарлар" КТ3310 Сомасы 50000 теңге

50000

Бухгалтерлік есептің регистрлерін, бухгалтерлік есеп берушілікті және есептік құжттарды сқтауды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті ұйымның басшасы алады.