Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырып 5. Дебиторлық борыштардың есебі

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1.Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі.

2.Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық қарыздарының есебі.

3. Басқа да дебиторлық қарыздар есебі.

4. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі.

5. Болашақ кезеңдердің есебі.

Сабақтың мақсаты - дебиторлық борыштар, оның түрлері бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі және құжаттық рәсімделуі, алынуға тиісті шоттар есебінің жүргізілуін оқыту.

Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Есептер

№1. Операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеңіздер.

Есепті шығару үшін берілген мәліметтер

Өнімдер үшін салықтық шот-фактура 200 000 теңге сомасын көрсетілді, қосылған құн салығы сомасы 16 пайыз. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі құны 195 000 теңге.

Операциялар мазмұны

Сомасы

Дебет

Кредит

1.Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі құны бейнеленді

2.Сатылған өнімдердің келісім құны бейнеленді

3.Сатылған өнімдер бойынша ҚҚС сомасы бейнеленді

4.ҚҚС бюджетке төленді

5.Сатып алушылармен шот төленді

6.жылдың соңында табыстар мен шығындардың уақытша шоттары жабылады

7.Сатылған өнімдерден қаржылық нәтижені анықтаңыздар

Негізгі әдебиеттер:

1) Попова Л.А. Финансовый учет (план счетов бухгалтерского учета, основанный на Международных стандартах финансовой отчетности ) - Караганда, 2007.

2) Кеулімжаев К.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004.

3) Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 жыл

4) Тасмағамбетов Т.А. және басқалар. Қаржы есебі : Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 жыл

5) Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.- Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2003

Қосымша әдебиеттер:

1) Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет.- Караганда, 2004.

2) Радостовец В.К, Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии, Алматы, 2003.

3) Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов / Под ред. Н.К. Мамырова – Алматы, 2005.

Тақырып 6. Қорлар есебі

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1. Материалдық қорлар түсінігі, олардың жіктелуі.

  1. 2. Материалдық қорларды бағалау әдістері.

3. Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

4. Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.

5. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу және қайта бағалау.

Сабақ мақсаты- материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы, материалдық қорлардың қозғалысын құжаттауды және шоттарда бейнеленуін, түгендеуін жүргізу тәртібін оқыту.

Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен және бухгалтерлік есеп регистрларымен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.