Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі

Алдағы кезең шығындарының есебі дегеніміз есеп беру кезеңінде шығарылған бірақ келесі есеп беру кезеңінің шығындарына жатқызылатын шығындар. Оларға:

  • алдын-ала төленген сақтандыру сомалары,

  • келесі кезеңге жазылған газет-журналдар және басқа да ақпарат құралдарының құны,

  • жалдық төлемдер,

  • маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары

  • алдын-ала төленген телефон төлемдері,

  • коммуналдық төлемдер және т.б.

Алдағы кезең шығындарының есебі 1620, 2920 шоттарында жүргізіледі.

Мысалы, 15.11.2006 жылы кәсіпорын 2007 жылға басылымға 96000 теңге төледі. 96000 теңге төленгенімен, ол ағымдағы 2006 жылдың шығындары ретінде танылмайды, өйткені қызмет 1.01.07- 31.12.07 аралығында көрсетіледі.

15.11.06 жыл

Дебет шот 1620 96000

Кредит шот 1030 96000

2007 жылы ай сайын қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей мөлшермен (1/12) келесідей жазбамен жойылып отырады:

Дебет шот 7210 «Әкімшілік шығындар»

Кредит шот 1620 «Алдағы кезең шығындары».

2007 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей үлеспен (1/12 бөлігі) алдағы кезең шығындарын 1620 «Алдағы кезең шығындары» шотының кредитінен 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебетіне қажетсіздендіріп отырады.

Жылдың соңына дейін барлық алдағы кезең шығындары бірдей мөлшерде есепті кезеңнің шығындары ретінде танылады.

1620, 2920 «Алдағы кезең шығындары» шоттарының кредиттік айналымдары №10 журнал-ордерде тіркеледі.

Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар» және 2910 «Ұзақ мерзімді берілген аванстар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі. Аванс берілген жағдайда 1610, 2910 шоттары дебеттеледі және 1030 және т.б. шоттары кредиттеледі. Пайдаланылмаған аванстарды қайтару 1010, 1030 шоттардың дебеті және берілген аванстар есебі бойынша шоттардың кредитімен бейнеленеді.

Алдын ала берілген аванстар есебінен жабдықтаушылар мен мердігерлер қарызының азаюы 3310, 4110 шоттарының дебетімен және берілген аванстар шоттарының кредитімен көрсетіледі.

6. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі

Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.

Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады. Ұйым күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.

Резервтерді құру келесі шоттар байланысымен бейнеленеді:

Дебет шот 7440 «Резервтерді құру және сенімсіз талаптарды жою бойынша шығындар»

Кредит шот 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер”.

Баланстан дебиторлық қарыздарды қажетсіздендіруде 1290 шот дебеттеледі және 1210, 2110, 1280, 2180 шоттар кредиттеледі. Резерв сомасын корректировкалауда ресерсивті жазба жасалады: Дебет шот 1290 Кредит шот 7440.

Салыстыру принципі күдікті дебиторлық қарыздардан зияндар стау болған кезеңде мойындалғандығын талап етеді.

Күдікті талаптарды бағалаудың екі әдісі бар:

  1. Таза сатудан несиеге пайыз әдісі;

  2. Төлем мерзімдері бойынша дебиторлық қарыздар есебі әдісі.

Бірінші әдісте несиеге таза сатудан және күдікті талаптардан зияндар арасындағы қатынастың орташа пайызын анықтайды, содан кейін осы пайызды күдікті талаптардың шамасын анықтау үшін есепті кезеңдегі іс жүзіндегі таза сатуға қолданады.

Мысал.

«Аяжан» компаниясында 31.12.05 ж. шоттарда келесідей қалдықтары бар.

(мың теңге)

Тауарларды сатудан табыс

900 000

Сатылған тауарлардың қайтарылуы

60 000

Сатулардан жеңілдіктер

7 000

Күдікті талаптар бойынша резерв

4 000

Өткен жылдарға келесідей мәліметтер бар болса:

Жылдар

Сатудан табыс

Күдікті талаптар бойынша жоғалтулар

%

2003

480 000

7 300

1,52

2004

495 000

10 700

2,16

2005

525 000

9 000

1,71

Барлығы

1 500 000

27 000

1,8

Бұдан 2006 жылға күдікті талаптар бойынша резерв сатудың таза құнынан 1,8 пайыз мөлшерінде есептеледі.

(900000 – 60000 – 7000)=149940;

Дебет 7440 149940

Кредит 1290 149940

Сонда 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында қалдық 153940 тең болады (4000+149940).

Екінші әдіс таза дебиторлық қарызға негізделген. Ол таза дебиторлық қарызды есептеу үшін 1290 шот бойынша қажетті қалдықты анықтауға мүмкіндік береді.

Алдымен алынуға тиісті барлық шоттар төлем мерзімі бойынша топтастырылады. Мысалы, «Аяжан» компаниясы алынуға тиісті шоттар бойынша келесідей мәліметтері болды.

(мың теңге)

Дебиторлар

Шоттар бойынша барлығы

Төлем мерзімді болған жоқ

Мерзімі өткен

1-30 күн

31-60 күн

61-90 күн

90 күннен жоғары

1.Нұр

1000

1000

2.Луч

300

300

3.Алия

2700

4.Ольга

4700

700

4000

5.Глория

1300

200

100

300

300

400

Жиыны

10000

900

5100

600

300

400

Төлемнің әрбір мерзімі үшін күдікті талаптардың болжанатын пайызы тағайындалады.

«Аяжан» компаниясы

Болжанған күдікті қарыздар 31.12.06

Сомасы, мың теңге

Күдікті болып табылатын қарыз пайызы

Күдікті талаптар бойынша резерв, мың теңге

1.Төлем мерзімі болған жоқ

900

2

18

2.Мерзімі өткен:

1-30 күн

5100

4

204

31-60 күн

600

9

54

61-90 күн

300

20

60

90 күннен жоғары

400

50

200

10000

536

Басқаша айтқанда, жалпы 10000 мың теңге жалпы сомадан 536 мың теңгеге қарыз төленбейді.

Егер 1290 шотта сальдо болса, проводка бермес бұрын, соны ескеруіміз керек:

а) 1290 шотта кредиттік сальдо 100 000 теңгені құрады, яғни күдікті талаптар бойынша шығындар 436 мың теңге сомасына мойындалады (536-100).

б) 1290 шотында 25 мың теңге сомасына дебеттік қалдық болды, оны болжанған күдікті қарыз сомасына қосылады және резерв 786 мың теңгені құрады (250+536).

Дебиторлық қарыздың мерзімі біткен соң баланстық шоттан «Төлем қабілеттігі емес дебиторлардың зиянына қажетсіздендірілген зиян» баланстық шотына қажетсіздендірілді.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Дебиторлық борыштар деген не?

2. Дебиторлық қарыздардың қандай түрлері бар?

3. Күдікті дебиторлық борыштар туралы не білесіз.

4. Алдағы кезең шығындарына қандай шығындар жатады?

5. Берілген аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?