Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Тәжірибелік сабақтар Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)

Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:

1.Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.

2. Қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамасы.

Сабақ мақсаты: - бухгалтерлік есептің концептуалдық негіздерін, бухгалтерлік есептің принциптерін оқыту, қаржылық есеп берушіліктің сапалық сипаттамаларын анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Негізгі әдебиеттер:

1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы. Центраудит-Казахстан 2003.

2. Финансовый учет на предприятии. Учебник /Под ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы, 2003г

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит жөне бухгалтерлік есеп . Алматы 2005.

2. Нидлз Б., Андерсон Х. және басқалар. «Бухгалтерлік есеп принциптері», Москва, 2006.

Тақырып 2. Бухгалтерлік баланс

Тәжірибелік сабақ жоспары :

1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен құрылысы.

2. Бухгалтерлік баланстағы өзгерістердің төрт типі.

Сабақ мақсаты: бухгалтерлік баланстың мазмұнын, құрылымын және шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістерді оқыту.

Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Есептер

№1. Келесі шоттардың соңғы қалдықтары бойынша мамыр айына баланс құрыңыздар:1.Негізгі құралдар (ғимараттар)-1400000 тенге; 2.Жарғылық капитал-1829000 теңге; З.Бөлінбеген табыс-250000 теңге; 4.Шикізат пен материалдар-62000 теңге; 5.Кассадағы акшалай қаржылар-400 теңге; б.Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар-90000 теңге; 7. Есеп айырысу шотындағы акшалар-840000 теңге; 8.Банк несиелері-60000 теңге; 9.Жабдықтаушылармен есеп айырысулар-73400 теңге.

№2. Кәсіпорынның активтері жыл басында 300000 теңге, меншікті капиталы 80000 теңге болды. Жыл ішінде активтері 25000 теңгеге көбейді, ал міндеттемелері 10000 теңгеге азайды. Жыл соңындағы меншікті капитал сомасын анықтаныздар.

№З. Келесі шаруашылық операциялар баланстағы өзгерістердің қай типіне жататынын анықтаңыздар:

а) банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді;

б) алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды;

в) кассадан еңбек ақы берілді;

г) көмекші өндірістен өнім қабылданды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы .Центраудит-Казахстан 2003.

2. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп Алматы 2005.

Қосымша әдебиеттер:

1.Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп. Алматы 2005.

2. Нидлз Б., Андерсон Х. және басқалар. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Москва, 2006.

Тақырып 3. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Тәжірибелік сабақ жоспары:

1. Бухгалтерлік шоттар түсінігі, олардың құрылысы.

2. Екі жақты жазу жүйесі.

3. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.

Сабақ мақсаты: бухгалтерлік шоттар, активті және пассивті шоттар, екі жақты жазу, синтетикалық және аналитикалық шоттрады оқыту.

Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.

Есептер

№1. «Шыңғыстау» қоғамының 1.09.09 жылға бухгалтерлік балансы жэне ай ішінде болған шаруашылық операциялары берілген.

Берілген операцияларды тіркеу журналына жазып, шоттар коррес-понденцияларын беріңіздер. Шоттарға сәйкес сомаларды таратып жазып, ай-налымдарын және соңғы қалдықты есептеңіздер.

Айналым ведомосын құрып, 1.10.09 жылға бухгалтерлік баланс жасаңыздар.

Баланс 1.09.09 жылына

Баптар

Сомасы, теңге

Сомасы, теңге

1. Негізгі құралдар (ғимараттар)

2. Шикізат пен материалдар

3. Кассадағы ақшалай қаржылар

4. Ағымдағы банктік шоттағы ақшалар

5. Жарғылық капитал

6. Табыс

7. Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар

8. Банк несиелері

9. Жабдықтаушылармен есеп айырысулар

1520000

62000

400

840000

1929000

250000

100000

60000

83000

Баланс

2422400

2422400