Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тақырып 3. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері.

3. Шаруашылық және қаржылық процестер.

1. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі

Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объектілер:

- қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, оның ішінде арендаға алынған, сыйға алынған;

- интеллектуальді және өндірістік меншікті пайдалану құқығы, табыс әкелетін материалдық емес сипаттағы шығындар, тауарлық белгілер;

- ақша қаржылары, бағалы қағаздар заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысу, негізгі құралдарға инвестициялар салу;

- амортизациялық бөлулер және негізгі қаржылар тозуы ;

- табыстар мен шығындар, пайда, зиянды жабу, пайданы пайдалану, тарату;

- несиелер мен қарыздар бойынша міндеттемелер;

- жарғылық капитал, кәсіпорындағы қорлар.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері

Ұйымдардың қаржылық есеп берушілігі келесідей түрде болады:

- бухгалтерлік баланс;

- табыстар мен шығындар туралы есеп;

- ақшаның қозғалысы туралы есеп;

- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

- есеп саясаты және түсіндірмелік жазба туралы ақпарат.

Қаржылық есеп берушілікте келесілердің аттары жазылады:

-ұйымдардың аттары;

-ұйымның мекен-жайы;

-қызметтің түрлері;

-есеп аты;

-күні (бухгалтерлік есеп үшін) немесе уақыт кезеңі (қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп);

-қаржылық есепте көрсетілген өлшем бірлік.

Бухгалтерлік балынс және оның элементтері

Бухгалтерлік баланс есепті кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді, ол баланстық теңдікпен тікелей байланысты. Бухгалтерлік баланс үш элементтен тұрады: активтер, міндеттемелер және меншікті капитал.

Активтер – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай – ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капиталы – бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Табыстар мен шығындар туралы есеп және оның элементтері

Табыстар мен шығындар туралы есеп екі элементтен тұрады. Біреуі тауарлады, жұмыстарды, қызметтерді сату нәтижесінде алынуға тиісті шоттар және ақшалай қаражаттар формасында активтердің қалыптасуын бейнелейді. Мұндай сомалар табыстар деп аталады. Екіншісі осы активтерді алуға қажетті ресурстарды тұтынуды көрсетеді. Бұл сомаларды шығындар деп атайды. Табыстардың шығындардан артуын таза табыс деп атайды. Егер шығындар табыстардан асып кетсе, онда ұйымдарда зиян болады.