Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Допты лақтырып ұтып алуды.

Меңгеру керек: Доп ойнауды игерді.

Жасай білу керек: «Менің көңілді добым» ойыны арқылы өлең жолдарын айтқанда, допты ұрғанда доптың қалай жеңіл, әрі жоғары ұшатынын меңгерді.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүгіру

Мақсаты: Ден шынықтыру жаттығуларына қызығушылықтарын арттыру, бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер бойымен жүгіруді үйрету

Биллинггвизм: шеңбер-круг, жүгіру-бегать

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Армысың алтын күн!

Күндей жарқырап.

Айдай арайлап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

Тақпақта бәрі хормен айтып жылулық шеңберінде тұрады

Ізденуші қозғаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қоян, аю, керік қонаққа келіп отыр. Оларда бізбен бірге қолымыздан ұстап шеңбер бойымен жүгіргісі келеді.

Дене шынықтыру жаттығулары

  1. Аюша секіру

  2. Қоянша секіру

  3. Жыланша иірілу

  4. Құсша қанат қағамыз

Шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді үйренеміз.

Кәне шеңберге тұрайық

  1. Шеңбермен жүреміз

  2. Шеңбермен жүгіреміз

Ойын «Өз орныңды тап»

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады. Белгі берілген уақытта жан-жаққа жүгіреді. Өз орныңды тап дегенде шеңбер бойымен тұруы керек.

Балалар шеңбер бойымен жүруді игерді.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар бүгін біз шеңбер бойымен жүріп, жүгіруді үйрендік.

Қолымызды көтеріп оңға, солға бұрылдық

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жаттығуларды орындайды

Меңгеру керек: Жаттығуларды шеңбер бойымен қол ұстасып жүгіруді жасай алады.

Жасай білу керек: Шеңбер бойымен қол ұстасып жүгіруді біледі.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Аяқтың ұшымен жүру.

Мақсаты: Аяқтың ұшына арналған гимнастикалық жаттығулар жасату, жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Билингвизм Жаттығу-упражнения, аяқ-нога

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сергіту сәті. «Қайда екен?»

Қайда екен қолымыз?

Оңымызбен. Солымыз

Білеміз бе оны біз?

Міне оң мен солымыз.

Міне алақай қолымыз,

Кел соғайық бір, екі,

Ал санайық бір, екі,

Топылдатып

Аяғымыз қайда екен?

Міне, аяқ алақай!

Міне, аяқ алақай!

Бір, екі деп басайық,

Тез-тез қадам жасайық

Тақпақта бәрі хормен айтып жылулық шеңберінде тұрады

Ізденуші қозғаушы

Енді балалар аяқтың ұшына арналған гимнастикалық жаттығуларды үйренеміз.

Балаларды ІІ қатарға тұрғызу.

  1. Аяқтың ұшымен көтерілу

  2. Аяқтың ұшымен айналу

  3. Аяқтың ұшымен шеңбермен жүгіру

  4. Аяқтың ұшымен жыланша иіру

Балалар аяқтың ұшына арналған жаттығуларды орындайды

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар бүгін біз аяқтың ұшымен жүруді үйрендік.

Кәне қалай жүрдік? Көрсетіңдерші.

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау

Балалар аяқтың ұшымен жүруді көрсетті.