Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: еңбектеуді

Меңгеру керек: «Орамал тастау» ойынын үйренді

Жасай білу керек: «орамал тастау» ойын ойнайды, жақсы еңбектейді

«МКҚК «Өркен» балабақшасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Сақина жасыру»

Мақсаты: Ойынды өткізуші және сақина жасырушы баланың қолына беру арқылы ойынды жалғастыру

Билингвизм: сақина-колечко

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұра-жауап,сергіту.

Көрнекі құралдар: сақина

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ізденуші қозғаушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар,алақанымызды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Балалар біз бүгін «Сақина жасыру» ойынын ойнаймыз

«Сақина жасыру» ойыны

Ол үшін бәріміз сапқа тұрайық. Енді осы қалпымызда орындықтарға отырамыз.

Бір бала сақинаны алақанына салып, отырған балалардың біреуінің алақанына салады. Кейін «Алтын сақинам, атып шық» дегенде, ол кісі тұрып кетуі керек. Ал қасында отырған балалар ол тұрып кеткенше оны ұстап алулары керек, егер ұстай алмаса ол бала сақинаны баларға жасырып ойынды жалғастырады. Ал егер алақанында сақинасы бар баланы қасындағы бала ол тұрып кеткенше ұстап алса, ол ойынды бастайды.

Ойын осылай жалғаса береді

Бүгін біз қандай ойын ойнадық? Немен ойнадық?

Ойын ұнадыма?

Жеңімпаз балаларды мадақтау.

Балалар,алақанымызды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Ойын ойнайды

«Сақина жасыру» ойыны

Сақинамен

Ойын ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:сапқа тұруды

Меңгеру керек: «Сақина жасыру» ойынын үйренді

Жасай білу керек: «Сақина жасыру» ойынын жақсы ойнайды

«Өркен» МдҰ әдіскері.................. Туякова Д.Д

«Теректі аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өркен»МдҰ

МКҚК өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Балбөбек» І-кіші сәбилер тобы.

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Бірін бірі қуып ұстап алу. «Қуыспақ ойыны»

Мақсаты: Балалар бірін бірі қуып ұстап алу ойындарын ойнайды

Биллингвизм:қуу-догонять

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, мадақтау

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап

Судау мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап

Судау мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Ізденуші қозғаушы

Қыздырайық денені,

Кел балалар,

Кел бері,

Қыздырайық денені

Орнымызда тұрып –ақ,

Жүгірейік бір уақ:

Бір, екі, үш,

Бір екі, үш

Ал, енді жаттығуларды керемет жақсы жасадыңдар. Рахмет

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз бірін-бірі қуып ұстап алу.

Балалардың қимылын қадағалау, бақылау, көмектесу.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Балаларды ІІ топқа бөлу.

Екі жерге жіп ұсталады.

Музыка ойнағанда балалар бірін –бірі қуып ұстап алулары тиіс.

3-4 рет қайталанады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.

Ойынға белсене қатысады.

.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар, оқу іс-әрекетімізде денемізді қыздырып бір-бірімізді ұстап алуды үйрендік. Жарайсыңдар!

Жақсы қатысқан баланы мадақтау