Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Доппен әртүрлі жаттығуларды орындайды.

Меңгеру керек: Секіруді, жаттығуларды жасай алады.

Жасай білу керек: Белгілі бір уақытқа дейін секіріп қол тигізуді меңгеру

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүру

Мақсаты: Шеңбер бойымен жүру. Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылықтарын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.

Биллингвизм: шеңбер-круг, жүгіру-бегать

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр,

Сәлем күн ана!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр,

Сәлем күн ана!

Ізденуші қозғаушы

-Балалар, дене шынықтыру оқу іс-әрекетімізде біз қандай жаттығулар жасап үйрендік?

Қандай қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүрміз?

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде шеңбер бойымен жүгіріп үйренеміз.

Дене қыздыру жаттығулары.

  1. Қолдарын кезекпен көтеру

  2. Қолдарын алға созып жан-жағына апару, саусақтарын қозғалту

  3. Қолдарын алдарынан басынан көтеріп шапалақтау, қолдарын артқа жасыру

  4. Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру

  5. Белге қолды қойып, оңға, солға иілу

Денемізді қыздырып алсақ жаңа тақырыбымызда өткізейік

Кәне, балалар, шеңберге тұрайық. Шеңбермен жүгіруді үйренеміз.

3-4 рет шеңбер бойымен жүгірту.

Ойын: «Өз орныңды тап.»

Шарты: Балалар шеңбер бойымен жүгіреді. Белгі берілгенде бәрі жан-жаққа жүгіреді.

«Өз орныңды тап» дегенде балалар шеңбер бойындағы орнын тауып жүгіруді жалғастырады.

Белге, мойынға, иыққа, аяққа арналған жаттығуларды үйрену.

Теңге алу, арқан тартыс

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?

Қандай ойын ойнадық?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Шеңбер бойымен жүгірдік.

«Өз орныңды тап»

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Шеңбер бойымен жүгіруді біледі.

Меңгеру керек: Балалар оқу іс-әрекетіне түгел қатысты

Жасай білу керек: Жаттығулар арқылы, ойын арқылы шеңбер жүгіруді меңгерді

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы:Доппен ойнау.

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. Баланың дене бітімінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл қозғалысын, қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулу

Биллингвизм: оңға-направо, солға-налево, астында-под, үстінде-над, жоғары-вверх, төмен-вниз.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: доп

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Береке де осында,

Мереке де осында

Болып жатыр той, думан,

Қырандардың қасында

Көңіл қойып қараңыз

Жалындап тұр ғой балаңыз.

Бәріміздің деніміз сау болсын деп орнымызға отырамыз да, қайтадан тұрып шеңбер жасаймыз.

Балалар өздерін, бір-бірін көрсетіп айтады.

Ізденуші қозғаушы

Аяқтың ұшымен, өкшемен қазтабаңдап жүру, жылдам, баяу, ирелеңдеп жүгіру.

Қыздырайық денені,

Кел балалар,

Кел бері,

Қыздырайық денені

Орнымызда тұрып –ақ,

Жүгірейік бір уақ:

Бір, екі, үш,

Бір екі, үш

Ал, енді жаттығуларды керемет жақсы жасадыңдар. Рахмет

Ертегі желісіндегі жалпы дамыту жаттығулары: Ерте-ерте ертеде қонжық болыпты.

Оның есімі –Вини пук:

  1. Бастапқы қалып- аяқ деңгейінде, қол жұдырыққа түйілген, қол жоғарыда. 1-2 оң және сол аяқпен алға қарай адымдау, әр аяққа 4 реттен 3-4 бастапқы қалып.

Вини Пуктың көп достары бар екен. Қоян деген досы былай секіреді екен:

  1. Бастапқы қалып-қол кеуде тұсында –«қояндарша» 1,2,3,4,-әр санақ сайын оңға, солға қарай әр бағытқа секірулер.

Ол құлақтарын былай қозғайды екен:

  1. Бастапқы қалып-екі қол баста, «құлақ тәрізді»

  2. Оңға қарай еңкею, «құлақтарын қозғалтып», солға қарай еңкею, өте жақсы жасадыңдар,балалар.

Заттардың арасымен допты лақтырып үйрендік енді доппен тағы бір ойын ойнап жіберейік.

Балалар бәрі жаттығуды жасай қайталайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Доптың пішіні қандай болады?

-Қандай ойын ойнадық?

Ойын сендерге ұнады ма?

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды, өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет!

Балалар доппен ойнайды.

Дөңгелек

Доппен ойнап, заттардың арасынан өткіздік