Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Секіруді

Меңгеру керек: «Қоянды ұстаңдар» ойынын ойнай алады

Жасай білу керек: Ара қашықтығы 2-3 м жерге дейін қос аяқпен секіруді

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүгіру

Мақсаты: Қарқынмен 10-20 м дейін жүгіру

Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайту,ептілікке,жылдамдыққа тәрбиелеу

Билингвизм: жүгіру-бегать

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұра-жауап.

Көрнекі құралдар: суреттер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ізденуші қозғаушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар,алақанымызды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Балалар! Өткен оқу іс-әрекетімізді қайталайық не үйрендік?

Шеңбер бойымен жүру.

Қос аяқтап секіру

Кедергілер арасымен еңбектеу

Бүгін балалар « Жүгіру». Қарқынмен 10-20 м дейін жүгіру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін үйренеміз.

Ал, қане, балалар, 10-20 м ге жүгірейік. Жарайсыңдар, балалар, енді,«1,2,3» ойынын ойнаймыз.

Ол үшін екі топқа бөлінеміз

Белгі берілгенде

«1,2,3 жүгір» дегенде сендер қоянға дейін жүгірулерің керек.

Түсініктеме

Ал кәне бастайық.

Бүгін біз қандай ойын ойнады?

Тағы не істедік?

Ойын сендерге ұнадыма?

Ойынға жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Жүгіруді,секіруді,еңбектеуді

Балалар белгі берілген де ойынды қызығушылықпен ойнады.

«1,2,3 жүгір» ойынын

Жүгірдік,секірдік,еңбектедік

Ия ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: жүгіруді

Меңгеру керек: «1,2,3» ойынын ойнауды

Жасай білу керек: Қарқынмен 10-20 м дейін жүгіруді

МКҚК «Өркен» балабақшасы

«Балбөбек» І сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ойын «Мысық пен тышқан»

Мақсаты: Ойын ойнату. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Балалардың денелерін шынықтыра отырып балалардың спортқа

қызығушылықтарын ояту,спорт құралдырымен бөлісіп ойнауға тәрбиелеу.Ормандағы аңдардың жүрістерін қимылмен көрсету

іскерліктерін арттыру.

Әдіс-тәсіл: Көрсету, үйрету,ойындар

Көрнекілік: мысық, тышқан

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті.

Баланың іс – әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Іздену қозғаушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар саппен залға кіреді.Олар шеңбер жасап тұрады.

Балалар айналаға қараңдаршы қандай заттарды көріп тұрсыңдар

Әр түрлі спорттық ойыншықтар бар екен.

Біріншіден күнделікті жаттығуымызды орындайық.

Бәріміз жаттығуды есімізге түсіріп менің артымнан қайталап орындаймыз.

Балалар біздер деніміз сау болу үшін жаттығулар жасап, таза ауада демалуымыз керек.

Ойын: «Көжегім»

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Әй,әй көйлек кисеңші.

Біреудің қолын үзсеңші.

Көжек болып тррған бала кез-келген баланың қолынан үзуі керек.Ойын осылай жалғасады.

Балалар қане бәріміз көжектің жүрісін салайықшы, қоян болып секіріп кедергілердің арасымен өту.

Ормандағы аюдың жүрісін салу.

Қорбаңдағын аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

«Көлеңке» ойыны

Көлбең көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Аю қалай жұреді кім көрсете біледі?

(Ормандағы барлық аңдардың жүрістерін қимыл әрекетпен көрсетеді)

Ойын: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты: Берілген рөлді дұрыс орындап,шапшаңдыққа,

жылдамдыққа тәрбиелеу.

Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда – індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Оның ролін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Тәрбиеші тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады. Тәрбиеші ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.

Балалар сапен залға кіреді. Шеңбер жасап тұрады.

Әр түрлі ойыншықтар, доп, таяқшалар бар екен.

Қол төменде, аяқ иық тұсында қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшында тұрамыз.қолды түсіреміз.

Қолды кеуде тұсына ұстап қос аяқтап секіру.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдар отырады.

Балалар «Көжегім» ойынын ойнайды.

Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Әй,әй көйлек кисеңші.

Біреудің қолын үзсеңші.

Балалар қоянның жүрісін салып, сергіту сәтін орындайды.

Қорбаңдағын аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Көлбең көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Аю қалай жұреді кім көрсете біледі?